"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ»

04.07.2014
«ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕ САЯХАТ»
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Ұлылар мекеніне саяхат». Биыл маусым айының 25-28 аралығында өткізілген шара осылай аталады. Астана  төрінен бастау алған саяхат жылдағы дәстүр бойынша Семей қаласында өз мәресіне жетті.

«Ұлылар мекеніне саяхат» Астана қаласындағы Абайтану ғылыми-танымдық орталығының ұйымдастыруымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырылған үш жылдың ішінде шараға 130-ға жуық адам қатысқан көрінеді. Биыл да саяхатқа қатысуға ниет білдіргендердің арасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар, жазушылар, ғалымдар, журналистер мен Абай оқуларының жеңімпазы атанған оқушылар бар. Тағы бір айта кетерлік жайт, осы жолғы саяхат жылдағыдай 2 күнге емес қатысушылардың сұрауы бойынша 3 күнге созылды. Абайтану ғылыми-танымдық орталығының жетекшісі Алмахан Мұхаметқалиқызы шараның мақсаты жайлы былай дейді:

— «Абайтану» пәні мектеп бағдарламасына енгізілгенімен, бүгінге дейін арнайы оқулық қалыптаспай келе жатыр. Осы саяхатты өткізу арқылы осы мәселенің шешілуіне септессек пе деген ойымыз бар. Тағы бір үлкен мақсатымыз  — Абай елін   таныстыра отырып, артымыздан келе жатқан ұрпақтың руханиятқа көзін ашу. Елін, жерін, өлкесін, тілін, отанын сүюге тәрбие-леу. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша әдеби-мәдени экскурсиялық саяхаттарды өткізу ісін жолға қойсақ деп ниеттенудеміз.  «Мәңгілік Ел» боламыз десек, алдағы уақытта тек қана осы ұлылар мекеніне ғана емес, еліміздің киелі жерлеріне дәл осындай саяхаттар ұйымдастыруымыз керек. Себебі, мұндай бастамалар жас ұрпақтың бойына руханиятты сіңіруге үлкен септігін тигізбек.

 

{jcomments on}Саяхат Астанадан басталып, Павлодар облысында жалғасып, Семей қаласында аяқталды. Нақтырақ айтқанда, жылдағы дәстүр бойынша Абайдың қорық-мұражайында мәресіне жетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, саяхат барысында Семейге дейінгі жерлердің тарихы, табиғаты, атақты тұлғалары жайлы жан-жақты ақпарат берілген көрінеді. Ал, Абай жолы арқылы Жидебайға барғандағы сапарларында одан кейін Абай мұражайында өткен экскурсия барысында қатысушылар Ұлы хакімнің шығармашылығы, өмірі, туған-туыстары жайлы мағ-лұматтармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Кейбір мәліметтерді естіген кезде саяхатшылар өздерінің таңданыстарын жасырмады.

 

— Жалпы, жас ерекшеліктеріне қарамай осындай саяхат-  тарға қатысу арқылы көп білім алады. Хакім Абайдың бұрын өзі естісе де толық ұғынбаған қырлары жайлы тұщымды мәліметтерден хабардар болып, тереңірек түсінуге мүмкіндік болды. Менің өзім, саяхатқа қатысу барысында, тіпті, осыған қалыптасқан ойымның ұшқары екенін байқап, хакімнің қалдырған мұрасына ерекше бір көзқараспен қарай бастадым. Егер, менің жасымдағы адамға осылай әсер етсе, бұл сапардың жастарға тигізетін ықпалы қандай болатынын ойлай беріңіз. Сондықтан «Ұлылар мекеніне саяхат» сияқты шаралардың азаматтарымызды, әсіресе, өскелең ұрпақты рухани тұрғыда тәрбиелеуде тигізер көмегі көп деп ойлаймын,- дейді филососфия ғылымдарының кандидаты Серік Әмірғазин.

«Ұлылар мекеніне саяхат» аясында өткізілген экскурсиядан кейінгі арнайы басқосу барысында шараға қатысушылар, Абай мұражайының басшылығы мен қызметкерлері Хакім Абайдың шығармашылығы жайлы ойларын ортаға салып, оны дәріптеу, ұрпақтарға жеткізу тұрғысында ұсыныстарымен бөлісті.

Мирас ҚҰСАЙЫН,                                                                                                                                                           «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

10 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

10 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

10 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

11 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

12 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

12 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

1 день бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 день бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 день бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС