"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

23.10.2022
АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ
37
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 21 қазан күні Абай атындағы театрда «Қазақстан Республикасы
агроөнеркәсіп кешенінің индустриалды-инновациялық дамуының жағдайы мен
келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының 70 жылдығына
және биыл 80 жасқа толып отырған ветеринария ғылымдарының докторы,
профессор Зейнолла Тоқаевтың мерейтойына арналды. Алқалы жиынға Абай
облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының Шәкәрім атындағы
университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу
университетінің профессоры Төлеухан Садықұлов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық университетінің профессоры Балғабай Майқанов, ветеринария
ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Дүйсембаев, Леспек Құтұмбетов және
факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, арнайы
шақырылған қонақтар қатысты.

Кезінде Семейдің зоовет институты деген атауға ие болған оқу орны 1952 жылдың 1
қыркүйегінде бұрынғы әйелдер гимназиясы ғимаратында ашылып, оқуға 274 студент
қабылданыпты. Мал дәрігерлерін даярлайтын институттың директорлығына алғаш
Өмірәлі Ташмұхаметов тағайындалған екен. 1995 жылы Семей қаласындағы үш оқу орны
– зооветеринарлық институты, технологиялық институт және педагогикалық институт
біріктіріліп, Шәкәрім атындағы университеттің негізі қаланды. Бүгін сол қара
шаңырақтың өзі болмаса да, Шәкәрім университетіндегі ветеринария және
агроменеджмент факультеті заман талабына сай мамандар даярлауда.

Ал мерейтой иесі Зейнолла Қалымбекұлы Тоқаев аталған оқу орнын 1882-1995 жылдары
басқарған. Салтанатты кештің шымылдығын ашқан Абай облысының әкімі Нұрлан
Ұранхаев мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жапты.

— Құрметті Зейнолла Қалымбекұлы, біз Сізге қарап бой түзейміз, ой түзейміз. Сіз ерте
жастан еңбекке араласып, саналы ғұмырыңызды ғылым мен қоғамға арнадыңыз. Білім мен
ғылымның шыңына қайтпас қайсар мінезіңізбен, ақыл-оймен, тынымсыз ізденіспен
жеттіңіз. Шәкірт тәрбиелеп, талай азаматты өмір бәйгесіне қостыңыз. Көптеген игі
істерге, жаңа бастамаларға себепші болдыңыз. Қазақта «Алты алаштың басы қосылса, ең
қадірлі орын ұстаздікі» деген ұлағатты сөз бар. Ізіңізді жалғаған шәкірттеріңіз еліміздің
түкпір-түкпірінде Отанымызға адал қызмет етуде. Бұл – ұстаздың ең үлкен жеңісі мен
жемісі. Құрметті, Зейнолла Қалымбекұлы, осы айтулы күні Сізге және жақындарыңызға
мықты денсаулық, амандық, береке-бірлік тілеймін!- деп ізгі лебізін білдірді облыс
басшысы.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев сонымен қатар ветеринария саласында білікті маман
даярлауда үлкен үлес қосқан университеттің ардагер оқытушыларын өз атынан алғыс
хаттармен марапаттады.
Шәкәрім университетінің басқарма төрағасы — ректор Бауыржан Ердембеков көлемді баяндама
жасап, Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының тарихы мен жеткен
жетістіктеріне тоқталды.

— Құрметті Шәкәрім шаңырағының ұжымы, ардагерлері, мерекелік жиынның қонақтары!
Қарт Семейде, қара Ертістің жағасында іргесі қаланған алғашқы зоотехникалық-мал
дәрігерлік институтының 70 жылдық мерейтойы құтты болсын! Семейдің зоовет
институты деп аталған оқу орны жыл санап емес, ай санап дамыды. Институт атағы
кезінде Кеңестер Одағын шарлады, шетелдік университеттермен тығыз қарым-қатынаста
болды. Біз тарихты, бастау бұлағымызды ұмытпауымыз керек. Тарих беттерін парақтасақ,
институттың директорлығына алғаш Өмірәлі Ташмұхаметов тағайындалса, 1954-1967
жылдары ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Байдолла Садықов
басқарды. Сол кезде сырттай оқитын студенттер үшін Павлодар қаласында оқу кеңесі
пункті, қоғамдық мамандықтар факультеті ашылды. Онда студенттер екінші мамандық
алды. 1965 жылы оқу тәжірибе шаруашылығы құрылып, 1000 орындық студенттер
жатақханасы, ветеринария клиникасы пайдалануға берілді. Байдолла Садықов Жабы
жылқысының бейімділік қабілеттілігі мен өнімділік қасиеттерін зерттеп, нәтижелері
еліміздің, Одақтың көрмелеріне қойылды.
1967-1982 жылдары институт ректоры лауазымын профессор Уалхан Абділманов
атқарды. Уалхан Абділмановтың басқаруымен 7 кафедрада аспирантура ашылып,
анатомиялық корпус салынды. Зоотехник мамандығы зооинженер атауын алды. 1981
жылы жаңа пәтер, үй пайдалануға берілді.

1882 жылы ректорлыққа Зейнолла Тоқаев тағайындалды. Осы жылдары мақсатты
аспирантураға 90-ға жуық адам жіберілді. Осы шаңырақтан ондаған ғылым докторлары,
жүзге жуық ғылым кандидаттары шықты. 3 тұрғын үй салынып, 200-ге жуық отбасы пәтер
кілттерін алды,- деді Шәкәрім атындағы университеттің ректоры Бауыржан Ердембеков.
Бауыржан Амангелдіұлының айтуынша, Зейнолла Қалымбекұлының басқаруы кезінде,
1988 жылы студенттердің оқу-ғылыми ветеринариялық жасағы құрылып, аудандарда
аурудың алдын алу шаралары іске асырылған. Институттағы 3 факультеттің 33
кафедрасында 100-ге жуық ғалым жұмыс істеген. Республикада алғаш рет Моңғолия
Республикасынан студенттер қабылданған. Зейнолла Тоқаев институт ғалымдарымен
бірге қазақтың Байыс қойы тұқымын шығаруда селекциялық жетістіктерге жетіп, Байыс
қойының авторлары атанған.

Конференция барысында сонымен қатар Төлеухан Садықұлов, Балғабай Майқанов,
Серғазы Дүйсембаев, Леспек Құтұмбетов, Балжан Мырзахметова сынды ғалымдар да
түрлі тақырыпта баяндама оқыды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Мақалада: АБЫРОЙЛЫ ҚЫЗМЕТКЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС