"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

04.11.2022
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұл жайында ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев Абай облысына кел- ген сапарында айтты. Жұмыс сапары аясында Арман Шаққалиев Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовпен бірге аймағымыздағы картоп, сәбіз, пияз, қызылша және қырыққабат өсіруде көшбасшы болып отырған «Агрофирма «Приречное» серіктестігіне, одан соң «Ақшын» базарына барып, өңірдегі сауда мен ауыл шаруашылығының даму барысымен танысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Агрофирма «Приречное» ЖШСде ауыл шаруашылығы техникасы жеткілікті, суару жүйесі және 14 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны жыл сайын 7-9 мың тонна картоп, 2 мың тонна сәбіз, қырыққабат және пияз өндіреді. Көкөністерді сақтайтын қоймалар бар, олар маусымаралық кезеңде облыстағы бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Бірінші вице-министр сондай- -ақ 2 148 сауда орнына есептелген «Ақшың» базарының жұмысымен танысты. Нысанның жалпы ауданы 19 мың шаршы метрді құрайды. Орталықта ветеринарлық, лабораториялық орын ашылған. Азықтүліктің барлығы сараптамадан өтіп, тексеріліп отырады. Бірінші вице-министр сонымен қатар Әлихан Бөкейхан университетінде жұртшылықпен және бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуге аймақ кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар министрлік өкілдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру, азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шаралары және т.б. мәселелер төңірегінде сұрақтарын қойды. Вице-министр қазіргі уақытта министрлік негізгі әлеуметтік тауар өндірушілермен белгіленген бағаны қамтамасыз ету үшін қажетті көмекті талқылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ қант өндірушілермен меморандум жасалғанын, картоп өндірушілермен де жұмыс пысықталып жатқанын айтты. Арман Шаққалиевтың айтуынша, Абай облысындағы супермаркеттер, ауладағы дүкендер иелерімен, өндірушілермен әлеуметтік өнімдерге сауда үстемесін 10 пайыздан арттырмау туралы 336 меморандумға қол қойылған — Өздеріңіз білетіндей, бірінші жарты жылдықта қант тапшылығы мәселесіне тап болдық. Қант – импортқа тәуелділігі жоғары әлеуметтік өнімдердің бірі. Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет жедел шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Қант бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар 2026 жылға дейінгі қант өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспарына енгізілген. Бұл шаралардың қатарында қант қызылшасын өсіру алаңдарын ұлғайту және тұрғындарды қантпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін отандық зауыттарды жаңғырту жұмыстары бар, — деді Арман Абайұлы. Бірінші вице-министр қазір Үкіметте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ерте кезеңде қаржыландыру міндеті тұрғанын атап өтті. Бұл үшін «айналым» схемалары бойынша қаржыландыру бөлу тетіктері өзгертілуде. Тауар өндірушілер өз кезегінде шикізат пен өнімді төмен бағамен сатып ала алады. Бұл әсіресе маусымаралық кезеңде негізгі азық-түлік тауарлары бағасының күрт өсуіне жол бермейді. Арман Шаққалиевтың айтуынша, енді тұрақтандыру қорлары басқа форматта жұмыс істейтін болады. — Әлеуметтік маңызы бар тауарларға келетін болсақ, мұнда бірқатар тәсілдер өзгертілді. Абай облысы қалыптасу сатысында тұр және әлеуметтік азық-түлік корпорациясы әлі құрылған жоқ, сондықтан облысқа жоғарғы органдардан, оның ішінде ауыл шаруашылығы министрлігінен көмек көрсетілетін болады. Өзгерістерге тоқталатын болсақ, тұрақтандыру қоры маусымаралық тауарлық интервенциялар үшін қалыптасатын болады. Егер бұрын көкөністі сатып алу күнтізбелік бір жыл ішінде жүргізілсе, енді өндірушіге өнімді сату қажет болған кезде, сондай-ақ бағасы нарықтық және бәсекеге қабілетті болған кезде сатып алуға мүмкіндік бар, — деді бірінші вице-министр. Сондай-ақ жиналғандарға әлеуметтік әмиян арқылы әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігі туралы да айтылды. — Әлеуметтік әмиянға қатысты мәселеге жеке тоқталғым келеді. Қосымшаны іске қосқаннан кейін ол арқылы сатып алуларға, қызметтерге ақы төлеуге, қаражатты екінші деңгейдегі банктердің шоттарына аударуға болады. Қолданыстағы авторизация өте оңай. Уақыт өте келе барлық әлеуметтік төлемдер жинақталады, — деді Шаққалиев. Кездесу соңында Арман Шаққалиев азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер Үкімет отырыстарында қаралатынын атап өтті. — Бізге жобалар уақытында іске асырылуы үшін уақтылы әрекет етіп, қажетті жағдайлар жасау қажет, – деп қорытындылады сөзін ҚР сауда және интеграция бірінші вицеминистрі.

Мақалада: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

4 часа бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

5 часов бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

7 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

7 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

7 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

7 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС