"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қос министр Абай елінде: Әлеуметтік қызыметтер жүйесі жаңғыртылуда

15.11.2022
Қос министр Абай елінде: Әлеуметтік қызыметтер жүйесі жаңғыртылуда
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қаласына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов жұмыс сапарымен келіп, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен, зейнеткерлермен, мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов жиналғандарды осы саладағы жаңашылдықтармен таныстырып өтті. Комитет төрағасы Әлеуметтік кодекстің жобасы әзірленгенін хабарлады.

— Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеу барысында сарапшылар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан 1000-нан астам ұсыныс түсті, 50-ден астам заң мен 200 заңға тәуелді актілер жан-жақты зерделенді. Әлеуметтік кодекстің қабылдануына орай, 80-нен астам заңға өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ 10 заң өзінің күшін жояды, – деді Оспанқұлов.

Комитет төрағасы Әлеуметтік кодексті іске асыру барысында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасы іске қосылғанын атап өтті. Отбасының цифрлық картасы арқылы азаматтар мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ проактивті форматта көмек ала алады. Осы күнге дейін өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 7 мыңнан астам адам пайдаланған.

Кездесу барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

— 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі және ең жоғары мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру басталады. Бұл ретте жыл сайынғы өсім шамамен 13%-ды құрайды және барлық 2,2 млн зейнеткерге қатысты болады. Сонымен қатар ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылатын болады, бұл зейнетақы мөлшеріне де әсер етеді. Жалпы, жаңа шаралар пакеті 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді, – деді Төлеген Оспанқұлов.

Азаматтардың зейнетақысын арттырудың тағы бір шарасы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен шартты-жинақтаушы компонентті енгізу болып табылады. Оларды енгізу 2024 жылдан бастап бес жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы сондай-ақ әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас деңгейінде бес жыл бойы қалатынын хабарлады. Бұл ретте ол қазіргі уақытта республика бойынша 50-ден 60 жасқа дейінгі 325 мыңға жуық әйелдің табысы жоқ екенін атап өтті.

— Еңбек өтілі жоқ және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспаған әйелдер болашақта жұмыс істейтін әйелдерге қарағанда аз мөлшерде зейнетақы алатын болады.

Зейнеткерлік жасқа жақындаған және табыс көзі жоқ әйелдер үшін мемлекет тарапынан қосымша қолдау шаралары әзірленді. Мәселен, «Күміс жас» жобасын трансформациялау шеңберінде зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңін ұлғайту мақсатында 50 жастан бастап әйелдерді әлеуметтік жобаларға тарту көзделген. Олар жеке көмекші, күтім көрсететін әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші және жас қызметкерлерге тәлімгер болып жұмыс істей алады, – деді Оспанқұлов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова биылғы 10 айда Абай облысында 12 184 адам жұмысқа орналастырылғанын, оның ішінде жұмыспен қамту орта­лықтары арқылы бос орындарға – 3 527 адам, ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде – 4 999 адам, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен – 3 658 адам қамтылғанын атап өтті.

— Жұмыс орындарымен қамту мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес азаматтардың жұмысқа орналасуы міндетті зейнетақы аударымдарымен расталатынына назар аударғым келеді. Абай облысында бұл көрсеткіш 76%-ды құрайды,- деп атап өтті Т.Дүйсенова.

Кездесу соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қоғамдық бірлестік өкілдерінің, зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың және олардың қамқоршыларының қойған сауалдарына жауап берді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс сапарының екінші күнінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ №2 Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, әлеуметтік қызметкерлермен кездесті.

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг Alikhan Bokeikhan University қабырғасында өтті. Кездесу барысында журналистер «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама жайында сұрақтар қойды.

— Қазір бізде екі блок жұмыс істейді, біріншісі 18 жасқа дейінгі әрбір баланың шотына аударылатын соманы анықтауға арналған. Бұл біздің Ұлттық қордағы соманың емес, жыл сайынғы инвестициялық табыстың 50 пайызы екенін бірден айтып өткім келеді. Екінші блок – әлеуметтік блок, ол еңбек, білім министрліктерінің жұмысын қамтиды. Біз қазір балалардың санын анықтап, әр балаға арнайы жинақ шотын ашу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ақпараттық жүйеде барлық мәлімет бар, соның негізінде біз автоматты түрде санақ жүргізе аламыз. Білім алушылар туралы ақпарат білім министрлігінде бар, яғни базада тіркелген. Сондықтан құжат рәсімдеудің қажеті болмайды, — деді Тамара Қасымқызы.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, 2008 жылға дейін туған балалар Әділет министрлігінің электронды жазбасында болмағандықтан, олар туралы ақпаратты нақтылау қажет болуы мүмкін. Жалпы, ақпараттық жүйеде ата-аналарға қандай да бір құжатты ұсынуды қажет етпейтін жоба дайындалуда.

Кездесуде Семей өңірі халқының зейнетке шығу жасына қатысты сұрақ қойылды.

— Қазіргі заң негізінде осы өңірде жарылыс уақытында тұрған азаматтар – әйелдер 45 жаста, ер-азаматтар 50 жаста зейнетке шығып жатыр. Бұл мәселе қолданыстағы заңда қарастырылған, — деді Т.Дүйсенова.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне Абай облысының зейнеткерлеріне арналған санаторий-курорттық емдеу туралы тағы бір сұрақ қойылды. «Semeyainasy» ақпараттық агенттігінің басшысы Лейла Уразбаева облыс бөлінгенге дейін қаланың қарт адамдары «Уба» санаторийінде тегін  демалып келгенін айтты. Қазір біздің облыста тек «Қарағайлы» шипажайы қалды, онда орын аз және сауықтырудың көптеген түрі қамтылмаған.

Тамара Дүйсенова зейнеткерлер еліміздің кез келген санаторийінде тегін ем алуға құқылы екенін айтты. Тек бір адамға берілетін жолдама құны 175 мың теңгеден аспауы тиіс, сонда оны мемлекет өтейді. Зейнеткерлер Қазақстан аумағындағы кез келген санаторийді таңдай алуы үшін әлеуметтік қызметтер порталы құрылды.

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Әлеуметтік кодекстің артықшылықтары туралы да сөз етілді.

— Бізде бұрын 18 заң болатын. Мысалы, зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыру заңында тек қана зейнеткерлердің құқықтары, зейнетақы мөлшері сынды мәселелер қарастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау туралы екінші заңда тек қана мүмкіндігі шектеулі жандар, олардың құқықтары мен берілетін жәрдемақы, әлеуметтік қолдау шараларын қамтылды. Үшіншісі — Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заң. Бұл үш түрлі заң болғанымен, аталған мәселелер бір отбасында болуы мүмкін. Сондықтан Әлеуметтік кодексте осы 18 заңның барлығын біріктіріп, жүйеледік. Яғни азаматтардың жекелеген әлеуметтік осал санаттарын қолдаудан қазақстандық отбасыларды нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшуді көздеп отырмыз, − деп атап өтті министр.

Кездесуден соң Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі №2 Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Тамара Дүйсенова Отбасының цифрлық картасын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардан хабардар етіп, жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту туралы айтып берді.

— Қазір мемлекеттік қолдау алу үшін материалдық жағдай төмен болуы керек деген түсінік қалыптасқан. Сіздің мәртебеңізді Цифрлық карта анықтайды. Сіздің жолдасыңыз да, өзіңіз де жұмыс істеуіңіз мүмкін. Алайда, егер сіздің отбасыңызда дамуында ерекшелігі бар бала болса, ол жәрдемақы алуы керек. Ол мемлекет кепілдік беретін қызметтердің барлығын алуға құқылы. Егер сіз аз қамтылған отбасы болсаңыз, онда қосымша атаулы әлеуметтік көмек алуыңыз керек, — деді Тамара Қасымқызы.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде Цифрлық картада 6,3 млн отбасы және олардың 19,5 млн мүшесі туралы ақпарат жинақталған. 1 қыркүйектен бастап өздеріне тиесілі көмекті алмаған азаматтарға оларға тиісті мемлекеттік кепілдіктер көрсетілген SMS-хабарламалар жіберілген.

Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы аясында проактивті форматта жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша қызмет көрсетіледі. 2023 жылдан бастап әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады. 2025 жылға қарай Цифрлық картамен әлеуметтік салада, денсаулық сақтау және білім беру салаларында мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

Мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін, сондай-ақ оларды жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы енгізілген. Әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж адамдарға, арнаулы тауарлар мен қызметтерді, қызмет көрсету ұйымдарын таңдаумен қатар, оларға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді таңдау мүмкіндігі де беріледі.

— Әлеуметтік қызметкерлер тіркелімі қалыптастырылады, онда олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылатын болады. Әлеуметтік қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің дайындалып жатқан кадрлардың білім деңгейіне, дағдылары мен біліктіліктеріне қойылатын талаптарын көрсететін кәсіби стандарттар әзірленеді. Ұсынылатын қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі әзірленетін болады, — деп түйіндеді сөзін Тамара Дүйсенова.

 Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: Қос министр Абай елінде: Әлеуметтік қызыметтер жүйесі жаңғыртылуда

Ұқсас жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

02.07.2026
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Бейжіңдегі Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және Қазақстан–Қытай AI-кино мен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

02.07.2026
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және...

Толығырақ...Details

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

02.07.2026
Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

Абай облысында еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Абай облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес мүшелері және Бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды....

Толығырақ...Details

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

02.07.2026
Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жаз мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллездің таралу қаупі артады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

02.07.2026
Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

3 часа бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

7 часов бұрын

Абай облысында жарты жылда еңбек заңнамасы 258 рет бұзылған

7 часов бұрын

«Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

8 часов бұрын

Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

9 часов бұрын

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

14 часов бұрын

Абай облысында жаңа Конституцияның ресми басылымын табыстау рәсімі өтті

1 день бұрын

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

1 день бұрын

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

1 день бұрын

Қазақстан тарихында алғаш ретәкімшілік рақымшылық жасау жүргізіледі – Президент заңға қол қойды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС