"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

15.11.2022
65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 11 қараша күні Абай облысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен  келді. Министр алдымен облыс әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесіп, аймақтағы денсаулық сақтау саласын дамыту, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі міндеттерді талқылады. Семей қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, Абай атындағы облыстық кітапханада жергілікті халықпен кездесу өткізді.

Кездесуде Ажар Ғиният  еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамытудағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту секілді бірнеше басым бағыттарды атап өтті. Ажар Ғинияттың айтуынша, біздің облыста 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны жұмыс істейді. Бұл елдегі барлық МСАК ұйымдарының 5 пайызын құрап отыр.

А.Ғиният Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін халықтың, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын халықтың МСАК-қа қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті. Осылайша, ауылдағы медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін пациентті қолдау қызметі, инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, ауруларды басқару бағдарламалары, патронаждың әмбебап прогрессивті моделі, отбасын жоспарлау, ерлер денсаулығын жақсарту, баланың даму кабинеті сияқты МСАК-тың озық тәжірибелерінің жобалары енгізілуде.

Министр Алматы облысының Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ көпбейінді ауданаралық ауруханасы базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету бойынша алғашқы демонстрациялық алаңы салтанатты түрде іске қосылғанын, бұл тәсілді өзге де облыстарда қолдануға болатынын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында Абай облысындағы 65 ауылда медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынатыны айтты. Республика бойынша пилоттық жоба шеңберінде 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана ашу жоспарлануда, оның ішінде Абай облысы бойынша Аягөз және Үржар өңірлерінде аудандық орталық аурухана бой көтереді. Сонымен қатар ауруханаларда инсульт және кардиология бөлімшелері, ТКА орталықтары, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, аз инвазивті хирургия, травматология және оңалту бөлімшелері ашылады.

Министр 20 қазаннан бастап елімізде аса қауіпті инфекциялық емес ауруларды анықтау мақсатында ауыл тұрғындарына профилактикалық қарап-тексерулер жүргізу бойынша ауқымды науқан басталғанын еске салды. Сондай-ақ мемлекетіміз ана мен бала денсаулығына ерекше қамқорлыққа алып отырғанын жеткізді.

65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

— Ана мен бала денсаулығы – біздің қызметтің басым бағыттарының бірі. 2022 жылдың 9 айында облыс бойынша 8,5 мың әйел босанып, 8,6 мың нәресте дүниеге келді. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылғанын білесіздер.  Осы бағдарламаның шеңберінде 2021 жылы Абай облысында 250 квота бөлінді, 101 әйел жүкті болып, 65 отбасы бала сүю бақытына бөленді, — деді А.Ғиният.

Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлердің 78 мың штат бірлігі, оның ішінде Абай облысында 1,2 мың штат бірлігі жұмыс істейді. Аймағымызда дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 81 штат бірлікті құрап отыр.

Денсаулық сақтау министрі халықтың сауалын да тыңдады. Тұрғындардың бірі  сирек кездесетін генетикалық муковисцидоз ауруына шалдыққан балаларға арналған дәрі-дәрмек пен «Фиброскан» диагностикалық аппаратының өңірде тапшылығына шағымданды. Министр оны мемлекеттік тапсырыс есебінен сатып алуға кеңес беріп, бұл құрылғының вирустық гепатитпен ауыратын науқастарға да қажет екенін атап өтті.

– «Фиброскан» онша қымбат аппарат емес. Сатып алу керек. Осындай науқас балаларға арналған орталық ашу немесе жеке кәсіпкерлерге осындай орталық ашуға мүмкіндік беру қажет. Біз оларға мемлекеттік тапсырыс беруге дайынбыз. Мүмкіндік болса, инвесторлардан немесе жеке клиникалардан көмек түрін кеңейтуді сұрау керек.  Біз оны қаржыландыруға дайынбыз,- деді Ажар Ғиният.

Өңір тұрғындары медициналық көмектің, атап айтқанда Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккендерге арналған оңалту қызметтерінің қолжетімділігіне қатысты бірқатар мәселелерді қозғады. Министр ардагерлерге арналған республикалық госпитальдарға осы санаттағы адамдар үшін квоталарды ұлғайтуды тапсырды.

Жұртшылықпен кездесуден соң министр Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті және республикалық БАҚ журналистерімен жиын өткізіп, сауалдарына жауап берді. БАҚ өкілдері ауылдағы медициналық қызмет сапасын дамыту, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, МСАК жұмысын жақсарту, балалардың инфекциялық аурулар ауруханасын қайта құру, емханаларға педиатрлардың қабылдануын  қайта жандандыру туралы сұрақтар қойды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: 65 АУЫЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

16.01.2023
КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

КӘСІПОРЫННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ Өткен сенбіде Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Семейдегі цемент зауытына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Кербез ДУЛАТҚЫЗЫ, «Семей...

Толығырақ...

Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

01.11.2022
Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

Абай облысында бірқатар департаменттің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Semeytany.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Абай облысының...

Толығырақ...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

31.10.2022
АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКПЕКТІ МЕН АҚСУАТ АУДАНДАРЫНДА

Көкпекті 29-30 қазан күндері облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті және Ақсуат аудандарына жұмыс сапарымен барды. Аймақ бас- шысы алдымен жергілікті...

Толығырақ...

БИЫЛ 276 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

04.10.2022
БИЫЛ 276 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгінде Абай облысында баспана кезегінде 18 мыңға жуық адам тұр. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл мемлекеттік...

Толығырақ...

Абай облысында ардагерлер кеңесінің Конференциясы өтіп, Кеңес құрамы мен төрағасы сайланды

04.10.2022
Абай облысында ардагерлер кеңесінің Конференциясы өтіп, Кеңес құрамы мен төрағасы сайланды

Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының басшылығы, облыстың 2 қаласы мен 8 ауданынан анықталған делегаттар, мемлекеттік қызмет, ғылым-білім, мәдениет пен спорт, әлеуметтік...

Толығырақ...

Абай облысындағы Еңлік-Кебек кесенесі жаңғыртылды

30.09.2022
Абай облысындағы Еңлік-Кебек кесенесі жаңғыртылды

  Абай облысында Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай Еңлік-Кебек кесенесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің...

Толығырақ...

Жаңалықтар

«Елестермен шәй ішеміз»: Астанада зират үстінде салынған үйдің тұрғындарынан сұхбат

11 часов бұрын

«Ауыл» партиясы атынан мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар белгілі болды

12 часов бұрын

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауға қатысатын үміткерлердің тізімін бекітті

1 день бұрын

Республикалық турнирге жолдама алды

1 день бұрын

ОСК мүгедектігі бар жандардың сайлауда дауыс беруіне қолайлы жағдай жасайды

2 дня бұрын

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауында қалай дауыс береді

2 дня бұрын

Сайлаудағы өзгеріс: Мәжіліс депутаттарының мандаты қысқарады

2 дня бұрын

Әкім тасқын суда қалған жүкті әйел мен баланы беліне арқан байлап алып шықты

2 дня бұрын

Өскеменде салмағы алты келі болатын алып «батыр» дүниеге келді

3 дня бұрын

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС