"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗЫНАШЫЛАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ САҚШЫСЫ

15.11.2022
ҚАЗЫНАШЫЛАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ САҚШЫСЫ
69
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2022 жылдың 16 наурызындағы «Жаңа Қазақстан:  жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында бұрынғы Семей облысының Шығыс Қазақстан облысының құрамынан шығарылып, хакім Абай атамыздың атын иеленетінін, өз алдына жеке облыс болатынын жария еткенде, ширек ғасыр көңілдерінде, көкейлерінде жүрген армандары орындалған Семей өңірінің халқы үшін ақ түйенің қарны жарылғандай күн болды. Кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, өшкеніміз жанғандай болды.

Дегенмен, аймағымыз өз алдына жеке облыс болып құрылғанымен, оның экономикасын дамыту үшін, облыс орталығы — сүйікті қаламыз Семейді көркейту үшін қыруар жұмыс атқарылуы қажет екенін әрбір саналы азамат жақсы түсінеді.

Қазіргі нарықтық экономика кезінде не нәрсенің болса да қаржыға келіп тірелетіні анық. Осы тұрғыда экономика және жалпы қаржы жүйесінің күре тамыры болып саналатын Қазынашылық саласының немен айналысатынын, бұл саланың қызметкерлерінің жұмысы тек мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеумен шектелмейтінін, басқа да қаламыздың тіршілігіне мән беріп тұратын салалардың үздіксіз қызмет істеуіне орасан зор үлесі бар екенін бірі білсе, бірі білмейді.

Осы ретте біз Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің тыныс-тіршілігімен танысу үшін тәжірибелі басшы, Абай өңірінің азаматы, қазынашылық саласындағы қызметін Семей қаласындағы қазынашылық басқармасында бас маман, бөлім басшысы болып бастап, Абай аудандық қазынашылық басқармасын, көп жылдар Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментін басқарған, бүгінде туған өлкесіне оралып, Абай облыстық Қазынашылық департаментінің тізгінін ұстап отырған іскер басшы Мұқтар Төлегенұлымен тілдескен едік. Мұқтар Төлегенұлы бізді Қазынашылық департаментінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыра келіп, өзінің қарамағындағы бөлім басшыларының, мамандардың облыстық мәслихаттың шешімімен мемлекеттік мекемелерге бөлінген қаржыны қазынашылық жүйесіне енгізу барысында уақытпен санаспай еңбек етіп жатқандарына ризашылығын білдірді.

— Қандай жұмыс болмасын алдымен қаржылық жоспардан басталады.  Бұл орайда департаменттің бюджеттерді атқару бөлімі басшысының және осы бөлім қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтпеске болмайды. Бөлім басшысы Мунира Тұрсынбекқызының басқа бөлімдермен жұдырықтай жұмылып еңбек етулерінің нәтижесінде біз барлық жұмыстарды уақытында және сапалы орындап, қазынашылық жүйесіне енгіздік,- дейді Мұхтар Төлегенұлы.

Сөз арасында Мұқтар Төлегенұлы бізге өзі ерекше атап айтып отырған Мунира Тұрсынбекқызымен жақынырақ танысуға кеңес берді. Департамент басшысының сөзіне құлақ асып, Мунира Тұрсынбекқызын әңгімеге тарттық. Мунира Тұрсынбекқызы өзінің бұрынғы Шар ауданының тумасы екенін, бала кезінен математика және физика пәндерін сүйіп оқып, мұғалім болуды армандағанын, сол арманының жетегінде, 1990 жылы Шар қаласындағы «Алматы Теміржолына» қарасты №62 орта мектепті бітірген соң, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің математика және физика мұғалімдерін дайындайтын факультетке оқуға түскенін айтып берді.

ҚАЗЫНАШЫЛАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ САҚШЫСЫ

— 1995 жылы жоғарыда аталған оқу орнын ойдағыдай тамамдап, өзімнің білім алған мектебіме ұстаз болып  оралдым. Өз мамандығым бойынша бар-жоғы бір-ақ жыл қызмет жасап, Шар қаласындағы Халық банктің бөлімшесіне бағдарламашы болып орналастым, кейін есепші қызметіне ауыстым. «Адамның айтқаны емес, Алланың қалауы болады» дейді ғой. Қазір ойлап отырсам, мені де өзімнің анам сияқты қаржы саласында қызмет істеу қызықтырған сияқты. Халық банкінде қызмет ете жүріп, Алматы қаласындағы Қазақстандық экономика және құқық институтына қаржыгер мамандығы бойынша оқуға түстім. Бұл 1997 жыл болатын. 1999 жылы осы институтты бітіріп, 2004 жылға дейін аталған мекемеде қызмет істедім. 2004 жылдың ақпан айында Семей қалалық қазынашылық басқармасына жетекші маман болып орналастым. Менің жаңа жүйеге тез бейімделіп, қызметімді ары қарай істеп кетуіме өз үлестерін қосқан қаржы саласының майталман мамандарына — басқарма басшысы Б.Н.Әлмағанбетовке және өзінің білгенін жалықпай үйреткен, бүгінгі күнде ортамызда жоқ Қалиман Қасенқызына, сол кезде маған қол ұшын созған басқа да әріптестеріме айтар алғысым шексіз,- деген Мунира Тұрсынбекқызы ұжымындағы әріптестері — әсіресе өзінің қарамағында істейтін Алма Мажитқызы Кәкеноваға, Маржан Балтағазықызы Мурсалимбаеваға, көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының Қазынашылық департаментінде басшылық қызметте болған Зульфира Жанұзаққызы Жиреноваға, Лаура Бақытжанқызы Абытаеваға және  департаменттің басқа да бөлім басшыларына уақытпен санаспай, мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарларын қазынашылық жүйеге сапалы және уақытында енгізуге көмектерін ұсынып, қолдау білдіргені үшін зор ризашылығын білдірді.

— Қай жұмыс болса да майдан қыл суырғандай оңай болмайды ғой. Сол себепті біздің департамент құрылғанда, өзінің қаржы саласындағы қызметін осы киелі шаңырақ — Семей қалалық Қазынашылық басқармасынан бастаған, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Н.С.Оразбековке және ұжымының қызметкерлеріне, атап айтқанда Жанар Құсманқызына, Айжан Еркінқызына, Гүлмира Ермакқызына, Анар Әнуарбекқызына, Жанна Рекордқызына, Қуандық Құдайбергенұлына бізбен қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық тәжірибелерімен бөліскендері үшін алғысымызды білдіреміз.

Жалпы айтатын болсақ, қазынашылық жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін қаржы жоспары басты құжат болып саналады. Сондықтан біздің бөлімнің сол мемлекеттік мекемелердің жоспарларын тексеріп, оны қазынашылық жүйеге енгізуі мемлекеттік мекемелердің басқа да міндеттемелері мен төлемдерін өткізуде үлкен рөл атқарады. Біз бүгін, бүкіл қазынашылық ұжымы, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдықпен жасаған жұмысымыз өз жемісін беріп, барлық шығыс операцияларының уақытында басталуына және басшылық тарапынан бізге қойылған талаптардың дер кезінде орындалуына қол жеткіздік. Яғни мемлекеттік мекемелердің еңбекақылары мен басқа да әлеуметтік төлемдердің уақытында түсуін қамтамасыз еттік,- дейді Мунира Тұрсынбекқызы.

Әрине, әрбір әйел адам үшін отбасының орны бөлек. Мунира Тұрсынбекқызы осы жауапты қызметте алаңсыз еңбек етуіне отбасының қолдауы үлкен көмек болғанын айтады.

— Өмірлік жарым Рашидтің қолдауының арқасында мен талай жетістіктерге жеттім.  Көп жылғы еңбегім басшылық тарапынан бағаланып, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының, облыстық Қазынашылық департаменті басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталдым. Көзіміздің ағы мен қарасындай болған қызымыз Гүлмираның Алматы қаласындағы UIB университетін ойдағыдай тамамдап, «AsAi Consulting» ЖШС консалтингтік компаниясында бухгалтер-аудитор болып қызмет істеп жүргені — біз үшін үлкен қуаныш.  Мына заманда қызымның беделді оқу орнында жоғары білім алуы, адам болып қалыптасуы да осы жұмысымның және қиын сәттерде демеп, қолдау білдіріп отыратын әріптестерімнің арқасы деп білемін,- деді сөз соңында Мунира Тұрсынбекқызы.

Біз әңгімелесу барысында Мунира Тұрсынбекқызының бойынан адами қасиеттерді, өзіне тән қарапайымдылықты және тәкаппарлықты ұнатпайтынын байқадық. Өзінің қол астында еңбек ететін қызметкерлерге үлкен құрметпен қарайтыны, жас мамандарға білгенін үйретуден жалықпайтыны және кімге болса да көмек қолын созуға дайын екені сөз арасында байқалып отырды.

Жалпы, Қазақстанның қазынашылық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы тәуелсіздік жылдарымен тікелей байланысты. Мемлекетіміздің нығаюы, бюджетке түсімдердің және қаражат шығыстарының біртіндеп өсуі мемлекеттік қаржылық басқаруды және қаржылық жүйені қайта құруды реформалауды талап етті. Туындаған барлық мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1994 жылғы 27 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қазақстан қазынашылығы кірістер мен шығыстар бойынша бақылауды жүзеге асырып, бюджет қаражаттарының мақсатты жұмсалуына жауап береді, сонымен қатар бюджеттік заңнаманы әзірлеуге қатысады және оның атқарылуына бақылау жасайды.

15 қараша – Қаржы жүйесі қызметкерлері күні. Осы орайда біз Абай облысы Қазынашылық департаменті қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге жеміс, кәсіби өрлеу тілейміз.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАЗЫНАШЫЛАР – МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ САҚШЫСЫ

Ұқсас жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

24.08.2026
«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

24.08.2026
Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде маңызды тарихи оқиға – Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында Жаңа Конституцияға сәйкес...

Толығырақ...Details

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

24.08.2026
«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын...

Толығырақ...Details

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

24.08.2026
Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды. Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП...

Толығырақ...Details

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

24.08.2026
«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева алғашқы Құрылтай сайлауы аяқталғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады. Партия төрағасы бұл сайлауды елдің...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

24.08.2026
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

Ол өз сөзинде азаматтардың білдірген сеньими мен қолдауына ризашылығын жеткізді. «Сайлауалды науқан кезинде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестик....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

6 часов бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

6 часов бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

6 часов бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

6 часов бұрын

«Ақ жол» партиясы: Сайлаушылар сенімін ақтау – басты міндетіміз

8 часов бұрын

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлаушыларға үндеу жасады

8 часов бұрын

Ресей ОСК төрайымы: «бұл – жаңа Конституцияға сәйкес өтіп жатқан Құрылтайдың алғашқы сайлауы»

1 день бұрын

«Бәрі заңнама аясында өтіп жатыр»: Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қазақстандағы сайлау туралы айтты

1 день бұрын

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары: Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр

1 день бұрын

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС