"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ СЕМЕЙДЕ

18.11.2022
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ СЕМЕЙДЕ
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

16 қараша күні Семейге іссапармен ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді. Министр қаладағы бірқатар мектептерді аралап, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында білім беру саласының қызметкерлерімен, қоғам өкілдерімен кездесу өткізді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Кездесу барысында Асхат Қанатұлы білім беру сапасын арттыру жолында министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өткен оқу жылындағы көрсеткіштерге тоқталып, саладағы жаңашылдықтар туралы да айтып берді.

Асхат Аймағамбетов 2019 жылы мұғалімдердің мәртебесіне қатысты Заң қабылданғанын, бүгінгі күнге дейін педагогтердың орташа жалақысы екі есеге артқанын еске салды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында педагогтер жұмысқа конкурс негізінде қабылданатынын, бұл орайда тек дипломның жеткіліксіздігін, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы сертификат міндетті екенін айтты. Министр сонымен қатар 1 сыныптар тек өз ана тілінде білім алып, 2 сыныпта орыс тілі (қазақ тілі), 3 сыныпта ғана ағылшын тілі енгізілетінін айтты. Осылайша, енді 1 сынып оқушылары бұрынғыдай үш түрлі әліпбиді бірдей меңгеріп, сарсаңға түспейтін болды. Бұл орайда басқа елдердің де тәжірибесі ескерілген. Асхат Қанатұлы сондай-ақ «Оқуға құштар мектеп» жобасы Абай облысында өз деңгейінде жүзеге аспай отырғанын жеткізді.

— Бұған себеп – қаражаттың жеткіліксіздігі. Дегенмен қазір оқушылардың кітап оқуға аса құштар емес екенін мойындауымыз керек. Мен бүгін бірнеше мектепте болып, кітапханаларды араладым. Кітапханаларға әдеби кітаптардың түспегеніне екі-үш жылдың жүзі болған. Абай облысы жаңадан құрылып жатқандықтан, алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады деп сенемін,- деді А.Аймағамбетов.

Асхат Қанатұлы инклюзивті білім беруді дамытуға, дамында ауытқуы бар балаларды ерте жастан анықтауға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отырғанын айтты.

— Қазір дамуында ауытқуы бар балалар саны көбейіп келеді. Өкінішке орай мұндай балалар балабақшаға барғанда ғана анықталып жатады. 1-2 жастан бастап ауруды анықтап, түзету шараларын қолданған дұрыс.  Осындай әртүрлі ауытқуларды анықтау мақсатында елімізде ПМПК жұмыс істейді. Оның желісін кеңейту керек. Абай облысы бойынша бұл мәселе толығымен шешілген жоқ. Облыс әкімімен және білім басқармасы басшысымен бұл сұрақ төңірегінде әңгімелестік. ПМПК ауытқуларды анықтағаннан кейін, психологиялық педагогикалық түзету кабинеттерінде жұмыстар жүргізіледі. Олардың санын да көбейту күн тәртібінде тұр, — деген Асат Аймағамбетов тәрбиешілердің жалақысын көтеру және жүктемені азайту мәселесін де көтерді.

Оқу-ағарту министрі баяндамадан соң, білім беру қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Педагогтердің бірі жас мамандар жұмысқа қабылдау конкурсынан шарт бойынша төмен ұпай жинап, байқаудан өте алмайтынын тілге тиек етті.

— Біз жұмысқа жас мамандарды қабылдау туралы шарт қойып отырған жоқпыз. Тек қана байқау шартындағы үміткердің еңбек өтіліне қатысты ережені алып тастадық. Себебі көп жағдайда, еңбек өтілі педагогтің біліктілігінің кепілі бола алмайды. Сонымен қатар енді ағылшын тілі пәні мұғалімдерін жұмысқа қабылдау кезінде IELTS нәтижелері ескеріледі, — деді А. Аймағамбетов.

Білім беру саласының қызметкерлері мектептердегі зорлық-зомбылық, кәсіби бағдарлаушы және жаһандық құзыреттілік пәндері бойынша мұғалімдерДІҢ жалақысы, ұлттық біліктілік тестілеуіге қатысты сауалдарын қойды.

Мақалада: Асхат АймағамбетовҚР оқу-ағарту министріОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ СЕМЕЙДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

20 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

21 час бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

22 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС