"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Алаш Арыстарының көзін ойып алып тастаған»: Алматыдағы киім дүкенінің жаңа коллекциясы сынға ұшырады

26.11.2022
«Алаш Арыстарының көзін ойып алып тастаған»: Алматыдағы киім дүкенінің жаңа коллекциясы сынға ұшырады
49
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Qulan.kz онлайн киім дүкені алаш арыстары Мағжан Жұмабайұлы, Шәкерім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлдарының суреттері бар жейделерді сатып жатыр. Киімдер «Бес арыс» коллекциясы деп аталады. Алайда, қазақтың көзін ашқан арыстардың көзін ойып, алып тастаған, деп хабарлайды Semeytany.kz ақпарат агенттігі Malim.kz порталына сілтеме жасап.

Тарих пәнінің мұғалімі  Айдос Жанатұлы көзі ойылған алаш қайраткерлері бейнеленген жейдені өзінің оқушысының үстінен көргенін айтады.

«Жейдедегі біртүрлі суретті көрген соң «мынауың не?» дедім. Оқушым осындай киімдер трендке шыққанын, оны Qulan.kz онлайн дүкенінен алыпты. «Оян қазақ!» деп елді қараңғылықтың түнегінен шығарған ардақтыларымызды «соқыр етудің» астарында ұлтқа қарсы мүдде жатқаны анық. Сататын жейделеріне Әлихан, Ахметтердің ұлағатты  нақыл сөздерін жазсын, бірақ ағартушыларымызды олай қорлауына жол бермеу керек» дейді ашынып.

Алаш арыстарын дәріптеп жүрген Ернат Мелсұлы да  «бұл әрекетке жол беруге болмайды» дейді.  Қоғам белсендісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, арыстың туған жері Ақкөл ауылынан Стамбулға дейін 5555 шақырымды велосипедпен басып өткен. Біртуар тұлғаларымызды жанкештілікпен насихаттап жүрген  Ернаттың айтуынша, бұл ұлтты ұйыстырмаудың бір амалы. Аталған өнімді оқушылар сатып алып, жаппай кие бастаған.

Malim.kz тілшісі киім дүкенінің өкілдеріне  хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрап көрді.  Өзін дүкеннің жауапты маманы ретінде таныстырған Алтынай Қанат есімді азаматша бұдан ешқандай да әбестік көрмейтінін жеткізген.

“Біз қазақи бренд болсақ та, шариғатпен, мұсылман дінін ұстанып киімдер сатамыз. Исламда, шариғатта айтылған. Көзі бар заттар харам болып есептеледі. Ондай көзі бар заттарды салуға болмайды. Сол сияқты адамның беті, көзі бейнеленген суреттерді сатуға болмағандықтан, біз олардың көзін алып тастадық”, – деді Алтынай Қанат.

Сондай-ақ, ол өнімдерді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен шығарғанын атап өтті.

“Мүфтияттың келісімімен жасалған заттар оның барлығы. Қандай дизайн жасап шығаратын болсақ та, бірінші мүфтияттан сұрап, келісімін алып жатамыз.  Бұл шариғатта дұрыс деп айтылған ба, соған қарап шығарамыз”, -дейді дүкеннің жауапты маманы.

Алтынайдың пікірінше, киімдер қазір сұранысқа ие. Жаздан бері шығарып, сатып жатыр екен. Дүкеннің отандық өнімдерін спортшы Айдар Шәрібаев, әзілкеш Ғалым Маханбетов, блогер Өркен Кенжебек, әнші Бағлан Әбдірайымовтар қолдап, жарнамалаған.

Басылым бұдан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының да пікірін білмек үшін хабарласқан. Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы олардың келісім жасағанынан бейхабар болып шықты.

Ал ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов: “Шариғатта үкім заманға, мекенге қарай айтылады. Ең бірінші мақсат — адамның санасын тазалау болған. Таза Құдайға сыйындыру мақсатында осындай жұмыс жүргізілген. Қазіргі заманда адамдарда ондай ой да жоқ. Көшеде батырдың немесе бір қайраткердің мүсіні болмаса суреті  тұрса, оған сыйыну туралы ой туындамайды. Мысалы ол жейделерде тұлғалардың бейнесі  көкірегінен жоғары салынған. Ол жанды сурет деп есептелмейді. Жартылай сурет жанды болып саналмайды. Олардың бұл әрекеті  аталарымызға деген құрметсіздік» деген пікір білдіреді.

Дүкен өкілдері «қазірдің өзінде қарсы пікір көбейсе, дұрыс емес тұжырымдар дәлелденсе біз бұл коллекцияларды түбегейлі қолданыстан алып тастауға дайынбыз» деп жазыпты.   Осылай, бас-көз жоқ тарихи тұлғаларды мүгедек етіп көрсете берсек, жас буынның бағдарын таппай,  адасары анық.

Мақалада: "Алаш Арыстарының көзін ойып алып тастаған": Алматыдағы киім дүкенінің жаңа коллекциясы сынға ұшырады

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

14 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

14 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

15 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС