"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ – БІТІМГЕРШІЛІК

29.11.2022
МЕДИАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ – БІТІМГЕРШІЛІК
71
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Рух» Психология және тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС-ның бірлесе ұйымдастыруымен медиация институтын дамыту жөнінде семинар-тренингі өтті. Оған ауыл әкімдері, білім беру мекемелерінің, этномәдени бірлестіктер мен  Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының өкілдері және студенттер мен медиаторлар қатысты.

Талшын Қалиасқар,

 «Семей таңы»

Семинардың басты мақсаты – этносаралық қақтығыстарды реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, алдын алу саясатын дамытуға ықпал ететін медиацияны пайдалану әдістері мен тетіктерін оқыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардың қызметінде жаңа нысандарды іздеу.

Жиында «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев, «Рух» «Психология және тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС директоры Резеда Баймұхаметова және «Демеу» еріктілер корпусының жетекшісі Имир Дулатов баяндама жасап, этномедиацияның дамуы мен рөлі төңірегінде пікір алмасты.

— Медиация – жаңа әрі маңызды бағыт. Бұл әр түрлі қақтығыстарды шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, этномедиация әдеттегіден түбегейлі ерекшеленіп, психологиялық аспектілерге әсер етеді. Медиацияның соттан ең басты айырмашылығы – ұтқан, ұтылған деген тарап болмайды, себебі олар екі жаққа қолайлы мәмілеге келуі керек, — деді «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев.

Тыңдаушылар пікір алмасып, тәжірибелерін бөлісті, этносаралық қатынастардағы медиацияның нормативтік-құқықтық базасымен, мәдениетаралық дамудың негізгі қағидаттары мен перспективаларымен танысты.

Айта кетейік, Қазақстанда медиация туралы заң 2011 жылы қабылданды. Мақсаты – сот жүйесіндегі ауыртпалықты азайту. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та этномедиацияны одан әрі дамытуға, ҚХА этномедиаторларын құқық қорғау қызметіне белсенді тартуға ерекше назар аударып, этномедиацияның оқу орталығын құруды тапсырды.

Медиацияға міндетті түрде үшінші тарап — медиатор қатысуы керек. Ол тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі болмауға тиіс. Оны тараптар өзара келісіп таңдайды. Оның басты міндеті — даудан қос тараптың қанағаттанып шығуына көмектесу. Медиатордың судья секілді билігі болмайды, оның тараптарды қандай да бір шешім қабылдауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

— Медиация — тараптардың дауды өзара келісіп шешетін шара. Ортақ шешімге келуге судья емес, медиатор деген маман көмектеседі. Келісімге келсе, тараптар өзара жазбаша келісім шартын жасасады. Ол медиация туралы шарт деп аталады. Бүгінде Абай облысында осы бағытта мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мұнда 4 медиация кабинеті жұмыс істейді, -деді «Рух» Психология және тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС директоры Резеда Баймұхаметова.

Семинар аясында кофе-брейк ұйыдастырылып, қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Мақалада: МЕДИАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ – БІТІМГЕРШІЛІК

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 минут бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

4 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС