"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙБЕК КӘРІМОВ: АУЫЛ МЕН ҚАЛАҒА КӨЗҚАРАС БІРДЕЙ БОЛУЫ КЕРЕК

08.09.2014
АЙБЕК КӘРІМОВ: АУЫЛ МЕН ҚАЛАҒА КӨЗҚАРАС БІРДЕЙ БОЛУЫ КЕРЕК
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Айбек Кәрімов Семей қаласына қарасты ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті, сондай-ақ, бірқатар шаруа қожалықтарының жұмысымен де танысты.

Айбек Мүталапханұлы жұмыс сапарын алдымен Шүлбі кентінде     жақында ашылған «Дарын» оқу —   сауықтыру лагерінен бастады. Қазақстанда тұңғыш қолға алынып отыр-ған жоба  — балалармен жыл бойы жұмыс істеуге негізделген.  Дарынды балалар лагерьде тегін демалып, әсіресе, ғылым мен білімнің өздеріне қажет салаларымен айналысуға барынша мүмкіндік жасалған. Облыстық білім басқармасына қарайтын мекеме өңіріміздің жүзден астам оқушысын қабылдауға қауқарлы. Лагерьде оқу озаттары, түрлі олим- пиадалар жеңімпаздары мен спорт жеңімпаздарына арналған жаттығу залы, спорт алаңы, тіс емдеу бөлмесі, кәсіби уқалау және физиокабинеттер жұмыс істейді. Осының барлығын аралап көрген қала басшысы балалардың жазғы демалыстарын қызықты өткізетініне көз жеткізіп, жас дарындардың жаңа оқу жылына ерекше көңіл күймен қайтатынын атап өтті. Лагерь басшысы Роза Ибраеваның  айтуынша, «Дарын» лагері жаздық маусымнан соң қазан айында жұмысын қайта жал-ғастырмақ. Осылайша, балалардың жыл бойы білім нәрімен сусындауына барынша мүмкіндік жасалады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бір жылда 20 күннен 20 маусым өткізілмек. Әр маусымға облыстың қала-аудандарынан 120-150 бала келіп демалады.

Қала басшысы келесі кезекте Әсет Иманбаев басқарып отырған «Береке» шаруа қожалығына келіп, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Шаруа қожалығы басшылығының айтуынша, қазіргі уақытта Новобаженово ауылдық округіне қарасты «Береке»  шаруа қожалығы нөлдік технология жүйесін қолданады. Шаруашылықта төрт ауыспалы егіс алқабы (күнбағыс, жүгері, күздік қара бидай мен бір жылдық шөптер) бар. Ағымдағы жылы шаруашылық 373 гектар аумаққа жүгері, 395 гектарға күнбағыс және 172 гектар аумаққа судан шөбін егіп, нәтиже-сінде 1900 тонна жүгері және 790 тонна күнбағыс алуды жоспарлауда.

Айта кетейік, қазір көптеген елдерде егінді шығынсыз, мол түсіммен жиып алуға мүмкіндік беретін нөлдік технология (No-till)  жүйесі қолданысқа енген. Ылғал сақтау немесе нөлдік технология  топырақ қыртысын қопармай, астықтың сабағы мен тамырын орнында қалдыру арқылы жүзеге асады. Бұл ылғал сақтауға, өсімдік қалдығының шіріндісі арқылы топырақ құнарын байытуға мүмкіндік береді. Ал алқапты арамшөп басып кетпес үшін оған түрлі гербицидтер себіледі. Нәтижесінде осы әдісті қолданған шаруашылықтар  құрғақшылық жылдары да жоғары өнім алып жүр.

«Береке» шаруа қожалығы бұдан өзге мал шаруашылығымен де қатар айналысады. Осы мақсатта 2012 жылы Ресейден «Герефорд» тұқымды 107 бас ірі қараның төлін өз қаражаттарына сатып алған. Ал бүгінгі күні шаруашылықта 267 асыл тұқымды ірі қара бар. Шаруашылық жетекшісі Әсет Иманбаевтың айтуынша, герефорд сиыры — етті сиырдың бір тұқымы. Шаруашылық бұл ретте өңірді етпен қамтамасыз етуде өзіндік үлесін қосып, мал басын арттырып, әлі де болса қора – жайларын кеңейтуді қолға алуды жоспарлауда. Осы ретте, шаһар басшысы қалада мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ашылатынын, осы мақсатта қазір бірлестік құрылып жатқанын атап өтті.

— Қазір біз мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтын құрғалы жатырмыз. Соған консорциум құрылуда. Ғылыми зерттеу институты мамандар  даярлап, оларды тәжірибеден өткізу жұмыстарын атқарады. Бірлестікке қазір екі мекеме қосылды, — деген Айбек Мүталапханұлы, —  Ғылыми жұмыспен айналысып консорциумға кіремін деушілерге ешқандай кедергі болмайды. Ол үшін шаруашылықтар мойнына ешқандай міндет жүктелмейді. Керісінше, сала мамандарына тәжірибе алмасауға мол мүмкіндік жасалады. Бізге алдымен мал тұқымын асылдандырумен айналысатын зертхана құру қажет. Шаруашылықтардағы мал тұқымын асылдандыру мәселесін қарастырмасақ болмайды. Сондықтан, қазір оның барлық жүйесі жасалып жатыр. Егер сала мамандары нақты осы мақсатта жұмыс жасайтын болса, бізде ауыл шаруашылығы ғылыми тұрғыда дамитын болады.

 

{jcomments on}Қала әкіміне қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, оның шет елдердің ірі қарасынан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін хабардар еткен қожалық жетекшісі Әсет Иманбаев алдағы уақытта  жер көлемін ұлғайтып, шаруасын дамыта түсу жоспарында бар екенін атап өтті.

 

— Алғаш рет қолдан ұрықтандыру жүргіземін дегенде, өзіміздің әкімшілік өкілдері бізде қолдан ұрықтандыру жүрмейді деген еді. Қазір көптеген фирмалар ұрық әкелумен айналысады. Өзім ұрықты  тікелей Канададан алдырамын. Қазір шаруашылықтағы 3 жасар аналық сиырлардың салмағы 500-550 келі,  кейбірі 600 келіге дейін тартады. АҚШ-тан келген малдарды көрдім, біздің ірі қаралардың олардан еш-қандай айырмашылығы жоқ, — дейді Әсет Иманбаев.

Қала әкімі қазір ірі қара малының терісіне сұраныстың жоғары екенін айта келе, мал басын ұлғайтуға барлық мүмкіндіктің бар екенін жеткізді.

– Мал басын ұлғайтуға барлық мүмкіндігіміз бар. Ал Семей қаласы облыстағы барлық мал терісін өңдей алады. Оған, біріншіден, сапалы тері қажет. Бұл ретте қазақтың ақ бас сиырларының терісі өте сапалы болып келеді, — деді Айбек Кәрімов.

Өңірімізді ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылықтың бірі – қаламызға қарасты Бұлақ ауылындағы «Толағай» шаруа қожалығы. Еншісіндегі егістік алқабының 136 гектарына картоп, 40-ына сәбіз, 4 гектарға қызылша еккен шаруашылықтағы тіршілік бүгінде тынымсыз жүруде. Қала әкімі Айбек Мүталапханұлын «Толағайдың» толайым тіршілігімен таныстырған шаруа қожалығының иесі Жасұлан Рыскелдинов мұнда 50-дей ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, қожалық ағымдағы жылы 50 гектар аумаққа тамшылатып суару жүйесін енгізген. Бұған қоса шаруа қожалығы заманауи ауылшаруашылығы техникасына да қол жеткізген. «ҚазАгроҚаржы» АҚ — ның  қолдауымен 90 млн. теңгеге әкелінген RH-20-45 маркалы «Grimme» техникасы жұмысты жандандыруға сеп болыпты. Қазір шаруашылық мемлекет тарапынан да тиісті қолдауға ие.

— Үкімет тарапынан субсидия мен жеңілдікпен жанар-жағар май алып отырмыз. Жалпы, 720 гектар жеріміз бар. Келер жылы аумақты тағы 150 гектарға кеңейтсек деген ойдамыз. Келешекте көкөніс сақтау қоймасын салуды да жоспарлап отырмыз. Оған арнап құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бес гектар жер алдық. Өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2011 жылы 20 тонна алған болсақ, қазір өнімдеріміз гектарына 40-50 тоннаға дейін жетті. Ауылшаруашылық өнімдерінің көп бөлігі облыс ішіне таратылады, — дейді қожалық иесі Жасұлан Төлегенұлы.

Әкімнің жұмыс сапары «Агрофирма  Приречное»  ЖШС жұмысымен танысумен жалғасты. Серіктестік директоры Мұхит Тұмабаевтың айтуынша, шаруашылық мал және көкөніс өсіру сынды екі бағытта жұмыс жасайды. Көкөністің ішінде 300-дей гектарға кортоп, 50-60 гектарға сарымсақ, сәбіз, қырыққабат, қызылша сынды өнімдер егіледі. Бұған қоса, заман талабына сай салынған 14 мың тонналық қойма алынған өнімді тұтынушыларға сапалы жеткізуге мүмкіндік бермек.

— Қарап отырсақ, біраз уақыттың ішінде шаруашылықтың өзі 1,5 млрд. теңге инвестиция кіргізді. Өңдеу цехы, қойма, жемдеу орындары бар. Қожалығымызда 200-дей адам жұмыс жасайды. Биыл облыс әкімінің шешімі бойынша тұрақтандыру қорына 7 мың тонна өнім өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 3,5 мың тонна картоп, 700 тоннадай қырыққабат, 500 тоннадай сәбіз,  сарымсақ бар. Осылайша биыл тұрақтандыру қорының өнімі екі есе көбейтілді, — деген Мұхит Тұмабаев, — Шаруашылықта 500 бастық мал бордақылайтын аула бар. Қазір ол жерде 250-дей мал басы тұр. Бірақ, қазіргі жоспарымыз мал басын көбейту. Сол үшін әкімшіліктен қосымша жер телімін сұрап отырмыз. Етті көбейту үшін малдың басын көбейтуіміз қажет. Ал оған бізде барлық жағдай жасалған.

Осыдан кейін қала басшысы Приречный ауылында жаңадан ашылып отырған ірімшік цехымен бөдене өсіретін шағын орындарды аралап көрді. Жеке кәсіпкер Рафаел Петросянның жетекшілігімен іске қосылған ірімшік цехы жеке қаражат есебінен ашылып отыр. Мұнда қазір аталмыш өнімнің әзірге бес түрі шығарылады. Заманауи қондырғылармен  жабдықталған бұл нысан жергілікті шаруалардың сүтін қабылдап, сапалы ірімшік өндіруді қолға алыпты.  Олардың айтуынша, сапалы өнімдер алдымен Семей қаласы тұтынушыларына шығарылса, алда облыс көлемін бағындыру жоспарланып отыр. Ірімшік цехын көрген Айбек Мүталапханұлы игілікті істі қолға алған кәсіпорынның жұмысына оң бағасын беріп, жақын маңдағы ауылдардан да сүт қабылдау қажеттігін атап өтті. Одан кейін қала басшысы аталмыш кәсіпкерге тиесілі бөдене өсіру орнында болып, сирек кәсіптің жұмысымен танысты. Бөденеші Грачья Киракосянның айтуынша, бөдене құсының жұмыртқасы дәрумендерге өте бай, сонымен қатар, еті де денсаулыққа пайдалы көрінеді. Бүгінде шағын цех өз алдына үлкен жоспар қойып, алдағы уақытта жұмыстары жүретін болса, 30 мың бөдене балапандарын шығаруды қолға алмақ. Алғашқы өнім түрлерін семейліктер ағымдағы жылдың қараша айында шаһар дүкендерінен алып қалулары әбден мүмкін.

Қалаға қарасты ауылдарға сапары соңында қала әкімі Айбек Кәрімов бір күндік жұмыс сапарын қорытындылап, тілшілермен өз ойымен бөлісті.

— Әлеуметтік мәселелердің барлығы бюджетке байланысты шешіліп жатыр. Ол тұрғыдан алғанда мәселе жоқ. Ауылдарды алалау мақсатымыз халықпен жүздесіп,  ауылдардың даму жағдайымен танысу. Мәселен, Шүлбі кентінің тұрғындары бірнеше жыл болды халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп келеді. Осыған орай, қазір кенттің даму жоспары жасалып жатыр. Мұның бір саласы-туризм. Өйткені, мұндағы су қоймасы, табиғаты мен орманы оған мол мүмкіндік береді. Кентте дайын коммуникация тұрғанда туризмді дамытпау мүмкін емес. Сондықтан, қазір Шүлбі кентінің даму жоспарын жасап, аяқтап қалдық. Қазір инвесторларды тарту ойымыз бар. Ол жердің негізгі мәселесі — су. Оған бюджеттен қаржы бөлдік және келер жылға жоспарлап отырмыз. Ал Новобаженово ауылында жер мәселесі туындап отыр. Өйткені, бұл жердегі шаруа қожалықтарына кезінде беріліп кеткен жердің көбі пайдаланылмай тұр. Ал ауылға инвестиция әкелемін деген азаматтар көп. Дегенмен, бұрынғыға қарағанда ауылда көптеген ілгерілеушілік бар. Біз көріп отырған картоп егістігінде өнім өте жақсы шығарылып жатыр.      Шетелден әкелінген асыл тұқымды «Герефорд» малдары жақсы өсім көрсетіп отыр.

Бұлақ аулының су құбыры толық жөнделген. Бұл ауылдарда халықтың жағдайы, әлеуметтік мәселесі шешіліп келе жатыр. Оның үстіне биыл ғаламторға жаңадан желі тарттырып жатырмыз. Ауылдағы ағайынның өтініштері бір жүйеге түсті деп айтуға болады, — деді Айбек              Мүталапханұлы.

Шаһар басшысы сондай-ақ, Приречный ауылының Семейді азық-түлікпен қамтамасыз ететін үлкен елдімекендердің бірі екенін, қазір тұрақтандыру қорына 7 мың тоннаға дейін ұсыныс қабылдауға қауқары жететінін атап өтті.

— Ауылда ірімшік қайнату да — өте пайдалы іс. Күніне үш тонна сүт өңдеу Приречный үшін айтарлықтай жаңалық. Ал болашақта оны кеңейтіп, күніне 10 тонна сүт өндірілсе, өте игілікті іс болар еді. Ірімшік — бір жағынан біздің ұлттық тағамымыз, екіншіден, денсаулыққа өте пайдалы.  Айта кетуіміз керек, Приречный өндіріп отырған өнімнің көлемі бойынша — облыстағы ең үлкен көрсеткіштердің біріне ие. Жалпы, ауылдардың дамуына да көп көңіл бөлу қажет. Біз ауылға қазір қаладағыдай қарауымыз керек. Ретсіз құрылыс салынбауы тиіс, жолдары дұрыс болуы керек. Содан кейін ауылдың адамдарына  орталықтандырылған жылу жүйесі және су желісі мен кәріз жүйесінің де болғаны дұрыс. Міне, осы жұмыстарды болашақта Шүлбі кенті мен Приречный ауылдарында іске асыру ойымызда бар, — деді    Айбек Мүталапханұлы.

 

Асан Мырзаханов,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС