"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «ӨЗГЕРІС ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ»

09.12.2022
МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «ӨЗГЕРІС ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ»
49
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

7 желтоқсан күні ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов облысымызға жұмыс сапарымен келіп, Абай кітапханасында халықпен кездесу өткізді.

Марат Мұратұлы сөз басында ҚР Ішкі істер министрлігінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістер мен бастамалар туралы айтты. Министр, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, қазақ халқына Абай, Мұхтар, Шәкәрім сынды біртуар тұлғаларды сыйлаған Абай облысының ел тарихындағы орны ерекше екенін, сондықтан Президент өз Жарлығымен Абай өлкесіне облыс мәртебесін бергенін, бұл аймақтың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

— Бүгінгі уақыт — халықтың сұранысы мен Мемлекет басшысының талабы сәйкес келіп тұрған кезең. Мемлекет пен қоғам арасында ашық әрі тығыз қарым-қатынас моделі құрылуда. Қасым-Жомарт Кемелұлы заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына құрмет көрсетілетін Жаңа Қазақстанды құру керектігін айтты. Бұл бастамалар халық тарапынан қолдау тапты. Оның дәлелі — жуырда өткен сайлау нәтижесі. Алдағы жеті жылға ел Президентін жаңадан сайладық. 26 қарашада өткен ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттің алдағы дамуындағы бірнеше басым бағыттарды атап айтты. Соның бірі — ауылдарды өркендету. Бүгінгі күні ел азаматтарының 40 пайызы ауылдарда тұрады. Президент тиісті Жарлыққа қол қойып, Үкіметке бес жылға арналған нақты жоспарды әзірлеуді тапсырды,- деді Марат Ахметжанов.

Ішкі істер министрі сонымен қатар елден заңсыз шығарылған барлық активтерді қайтару мақсатында арнайы заң жобасы әзірленіп жатқанын, қайтарылған барлық қаражат халық игілігіне жұмсалатынын да жеткізді.

— Президент Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілетінін, кәсіби біліктілік, адалдық және қарапайымдылық басты қағидат болуы тиіс екенін айтты. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін қоғаммен бірігіп жұмыс атқаруымыз керек.  Ұлы ақын Абай айтып кеткен ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым секілді қасиеттер әрқайсымыздың бойымыздан табылғанда ғана біздің қоғам өзгереді,- деді М.Ахметжанов.

Министрдің айтуынша, елімізде жүйелі өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл конституциялық реформа жасалды «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидаты орнығуда.

— Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау саласын жетілдіру бойынша тұжырымдама әзірлеп жатырмыз. Ол тұжырымдама Президент жарлығымен бекітілетін болады. Халық полиция қызметкерлері жетіспейтінін айтуда. Бірақ әр бұрышқа полиция қызметкерін қоюдың қажеті жоқ. Алдымен қоғам өзгеруі керек. Ұят, сана-сезім – әр адамның қадағалаушысы, бақылаушысы болуы тиіс. Әрине, бізге қазіргі заман талабына сай полиция керек. Бірақ өлшемдерді өзгерту қажет. Өлшемдер есеп-қисапқа емес, адами капиталдың сапасына бағытталуы керек. Қазір халықтың сұранысы басқа. Халыққа сенім арта алатын, қиын уақытта қол ұшын созатын қолжетімді полиция керек. Біз оны қалыптастыру кезеңіндеміз. Басты мақсатымыз – сол. Полиция қызметкерлерінің көзқарасын, сана-сезімін өзгерту үшін алдымен оларға жағдай жасалу керек. Оқиға орнына жылдам жетуі үшін жақсы автокөлікпен, заманауи құрал-жабдықтармен жасақталуы қажет. Жаңа Семей қалалық полиция басқармасында болдым. Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары салынған ғимараттың залы салқын, тиісті жағдай жасалмаған. Сөйте тұра полиция қызметкерлерінен сапалы қызмет талап етеміз. Сондықтан алдымен халыққа сапалы қызмет көрсетулері үшін, қоғам өзгерістерді сезінулері үшін полиция қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсартамыз. Жақсы жалақы алатын, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген полиция қызметкерлеріне талап та күшейеді,- деді министр.

Биыл Президент мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойды. ҚР  Ішкі істер министрлігінде де қағазбастылықтан арылып, цифрлық форматқа көшуде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

— Таңнан кешке дейін жұмыс істейтін адамды еңбекқор деп айтқанымызбен, бізге тиімділік керек. Абай атамыз айтып кеткен «терең ой», қазіргі тілмен айтқанда, «сараптама жасай алу» дегенге саяды. Проблеманы шешудің тиімді әдістерін енгізіп, бұрын бір күн кететін істі бір сағатта тындыратындай мүмкіндік жасауымыз керек. Бүгінгі күні керексіз қағазбастылықтан арылып жатырмыз. Бұл бағытта Астана және Павлодар қалаларында пилоттық жобалар іске асырылуда. Полиция қызметкерінің жұмысын журналына қарап емес, халықтың ықыласы арқылы бағалауымыз керек. Тәртіп сақшылары уақытын қағаз толтыруға емес, қылмысты ашуға жұмсауы тиіс, — деді Марат Ахметжанов.

Ішкі істер органдары – көп функционалды орган. Сондықтан бұл сала да түбегейлі өзгерістер мен реформаларды қажет етеді. Қазір ішкі істер органдары жаңа сервистік модельге көшуде.

— Бұл — полиция мен қоғамға қылмыстылық, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. Ол екі түйінді компонентке негізделген: полицияның әдістері мен тәжірибесін өзгерту және полиция мен қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас орнату үшін шаралар қабылдау. Бұл орайда полиция қызметкерлері жұмыс істеу стилін ғана емес, ойлау жүйесін де өзгерту қажет. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне белгілі бір құзыреттілік берілген. Бірақ олар өз қызметтері мен лауазымдарын асыра пайдаланған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады,- деді министр.

Министрдің айтуынша, биыл елімізде 143 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Дегенмен, өткен жылдармен салыстырғанда, қасақана адам өлтіру фактісі 12 пайызға, қарақшылық 25 пайызға, тонау 6 пайызға, зорлық-зомбылық 26 пайызға, бұзақылық 10 пайызға, мал ұрлығы 20 пайызға, интернет алаяқтық 3,5 пайызға азайған. Ел көлеміндегі қылмыстардың 3 пайызы Абай облысына тиесілі. Соның ішінде 75 пайызы Семей қаласында тіркеліпті.

Есеп беру баяндамасынан соң Марат Мұратұлы халықтың сауалдарына жауап берді.

— Семей қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының артында көлік тұрағы салынған. Бұл халықтың қозғалысына кедергі келтіруде. Әкімшілік полиция қызметкерлері бұған қалайша жол берді? Оларға байланысқа шыққанымда, «Құжаттарды әкелді, мен қол қойдым»,- деп жауап берді. Енді полиция қызметкерлерін жауапқа тартуымыз керек пе? Сонымен қатар қалада шашылған қоқыстар көп. Бұған да жергілікті полиция қызметі шарасыз отыр,- деді Абай облыстық Қоғмадық кеңесінің мүшесі Николай Исаев.

Марат Ахметжанов облыстық полиция департаментіне қаланы қоқыстан тазартуға қатысты жүйелі жоспар құруға тапсырма берді.

— Бұл мәселе облыстық мәслихатта да талқылануы керек. Біз қоғамды өзгерткіміз келсе, бәріміз бірге атсалысуымыз қажет. Бәрін полиция қызметкерлеріне тапсырып күтіп отырсақ, елімізде алға жылжу болмайды. Кез келген құқық бұзушылық үнсіз келісуден басталады, — деп жауап берді министр.

— Абай ауданы радиация қаупі ең жоғары өңірлердің біріне жатады. Барлық мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер еңбекақы мен зейнетақыға қосымша төлемақы алады. Бірақ Абай ауданының бірде-бір зейнеткері бұл өтемақыны алған жоқпыз. 1998 жылдың 1 желтоқсанына дейін және одан кейін отставкаға кеткендерге де тағайындалмады. «Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды  әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабында радиация қаупі жоғары аймақтардың халқы 1,83 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үстемақы алуға құқығы бар деп жазылған,- деді отставкадағы майор, ІІМ ардагері Рыстыбала Күлшібекова. Марат Ахметжанов бұл сұраққа тиісті сала мамандарымен бірге талдау жасайтынын жеткізді.

— Мен Семейге қарасты Абыралы елді мекенінен келіп отырмын. Біздің ауыл Семейден 284 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақстанның тұңғыш ішкі істер министрі Ш. Қабылбаевтың туған жері. Ауылымызда 1991-2018 жылдар аралығында полиция бөлімі жұмыс істеді. Халық саны азайып немесе аумағы кішірейген жоқ, бірақ белгісіз себептермен 2018 жылы бөлімше жабылып қалды. Учаскелік инспектор бар, бірақ жұмыс бабымен кей кездері байланыстан тыс елді мекендерге шығып кетеді. Түрлі жағдайлар болады, халық кейде полиция таппай қалады. Сондықтан ауылға учаскелік полиция бөлімшесін ашып берсе деген тұрғындар тілегін арқалап келіп отырмын,- деген Абыралы ауылының тұрғынының сауалына министр бұл мәселеге талдау жасап, қарастыратынын айтты.

Суық бастау кентінің тұрғыны аталған ауданда 4500 халық тұратынын айтып, кентке бейнебақылау камераларын орнатып, модульді полиция пунктін ашып берсе деген өтінішін жеткізді.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көтерілген барлық сұрақтарды назарына алып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Марат Ахметжанов кездесуден соң жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, өзекті мәселелерді сөз етті. Полиция генерал-полковнигі ішкі істер саласын реформалау және қылмыстық процестің үш буынды жүйесі жайында айтып өтті. Сонымен қатар полиция қызметінің сервистік моделі туралы да ақпарат берді.

ІІМ басшысы сөз еткендей, бүгінгі таңда Абай облысы қылмыстық оқиғалардың орын алуы бойынша республика көлемінде кейінгі орындарда тұр. Жалпы, аймақтағы жағдай біршама тұрақты. Кейбір өңірлерде қылмыс саны төмендеген, соңғы жылдарда тіпті бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдар да бар. Мәселен, Жиенәлі ауылдық округінің тұрғындары жаппай ішімдіктен бас тартыпты. Соның нәтижесінде құқық бұзушылықтар да болмаған. Бұл орайда ауылдағы ақсақалдар қауымы, жергілікті әкімдік ішкі істер саласының қызметкерлерімен тығыз ымыраластықта жұмыс жүргізгенін де айта кету ләзім.

Журналистер сауалына жауап қайырған министр Марат Ахметжанов қазіргі қоғамда орын алып жатқан қылмыс түрлерінің заманауи сипаты жайында да айтып өтті. Яғни, бүгінгі таңда интернет алаяқтық пен синтетикалық есірткілер саудасы алдыңғы орынға шыққан. Бұл қылмыстармен күресуде полиция қызметкерлері де тергеу-іздестірудің  жаңашыл әдістерін қолдануда.

Министрге қылмыстық істердің тергелуі, полиция қызметкерлерінің тарапынан жасалынатын заңсыздықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық тәртіп, жасөспірімдер арасындағы суицид, т.б. жайында сұрақтар қойылды.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Мақалада: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «ӨЗГЕРІС ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

18.06.2026
Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

Абай облысында әскери міндеттілерді кезекті әскери жиынға шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының қорғаныс...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

18.06.2026
Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

Абай облысында мамыр айы бойы «Таза Қазақстан – Таза су айдындары» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

18.06.2026
Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

Цифрлық технологиялар дәуірінде ғылымды дамыту тек зерттеу жүргізумен ғана шектелмейді. Заманауи университеттер үшін ғылыми деректерді тиімді талдау, болашақтағы зерттеу бағыттарын...

Толығырақ...Details

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

15 часов бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

15 часов бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

15 часов бұрын

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

2 дня бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

2 дня бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

3 дня бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС