"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТ ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ

13.12.2022
ҰЛТ ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 150 ЖЫЛ

Биыл ұлт ұстазы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуде. Елімізде жыл басынан бері Алаш ардақтысының өмірі мен қызметін, артына қалдырған мұрасын дәріптеуге арналған ғылыми конференция, форум, айтыс, мүшәйра, фестиваль, байқау, т.б. форматтағы түрлі ша- ралар ұйымдастырылып келеді. Ал өткен жұма күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейі мәдениет және тілдерді дамыту бө- лімімен бірлесе отырып «Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» атты сайыс өткізді. Сайысқа қала мектептерінінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты.

— Бүгінгі сайысты жас ұстаздарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау, үздік тәжірибесін анықтау мақсатында ұйымдастырдық. Ең бастысы — Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын оқушыларға қалай жеткізетіндерін білу, өзара тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасау. Екі кезеңнен тұратын сайыстың бірінші кезеңінде қатысушы ұстаздар «Ахметтің білім даналығы» тақырыбына эссе жазды. 17 ұстаздан келіп түскен шығармашылық жұмысты әділ қазы алқасы бағалап, 10 эссені таңдап алды. Сайыстың екінші кезеңіне жұмыстары үздік деп танылған осы 10 мұғалім жіберілді,- дейді ұйымдастырушылардың бірі, «Жидебай-Бөрілі» музейінің ғылыми хатшысы Раушан Елекенова. Әділ қазылар алқасы құрамындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова, қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Байсарина, Әлихан Бөкейхан университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлнат Төкенқызы, қаламызға Қостанай облысынан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» көрмесін алып келген «Торғайдың Жанкелдин мұражайлар кешені» директоры Гүлбану Сәрсекей және Абай музейінің аға ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай сайысқа қатысушылардың жазба жұмысы мен ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін бағалады. Сайыстың «Ізденіс» деп аталған 2-ші кезеңінде қатысушылар жеребе тартып, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқытуда қандай инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданатындарын, сабақты қалай өткізетіндерін айтып берді. Одан соң қатысушыларға ұлт ұстазының шығармашылығы мен өміріне қатысты сұрақтар қойылды. Көпшілігі бұл сұрақтарға дұрыс жауап бергенімен, байқаудың тақырыбы алдын ала белгілі болса да, жауап қайтара алмай мүдіргендер де болды. Ұлт ұстазының шығармашылығы мен өмірі арқау болған сайыстың қорытындысы бойынша, «Знаменка» жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Жаннұр Серіққали жеңімпаз атанды. ІІ орын №20 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Маусымжан Тұрсын мен №30 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Жансая Сағындықоваға бұйырды. ІІІ орынды №3 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Еркежан Аманбердина, №46 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Назгүл Қасенова және №6 мектеп-гимназияның мұғалімі Еркежан Кемелтай еншіледі. Сайыс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар мен ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай байқаулар мектеп ұстаздарының мәртебесін көтеріп, кәсіби шеберліктерін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан алдағы уақытта ұстаздар арасында түрлі байқаулар жиі ұйымдастырылып тұруын тек құптау керек.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

ҰЛТ ҰСТАЗЫН ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

14 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

15 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС