"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЛІК ПЕН МАХАББАТ ЖЫРШЫСЫ

20.12.2022
ЕРЛІК ПЕН МАХАББАТ ЖЫРШЫСЫ
91
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кіндік қаны тамған қазақтың қарапайым ауылына іңкәрлік адам баласына ананың ақ сүтімен берілген. «Туған топыраққа кіндігімен байланған» демеуші ме еді көпті көрген қариялар. Қалам қайратымен танылған сөз зергерлерінің тырнақалды шығармалары туған жерге, әлдилеген анаға, сүйген жарға арналуынан құпия тылсым сырды аңғарасыз. Ер жігіт қашанда елінің ұлы, ата қонысынан қымбат, одан қастерлі жер жаһанда ештеңе жоқ шығар, сірә.

Тағылымды үрдістен көрнекті қалам иесі Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен өнерін бөліп қарау мүмкін емес: «Семей жері – ұшқан ұям. Семей десе менің жүрегім ерекше лүпілдей соғады, өйткені мен өзім алдымен Семей педучлищесінде (ғасырдан астам  тарихы бар Семей педколледжі – А.Е.), содан пединститутында оқыдым, қанаттандым. Сол жерден майданға аттандым. Соғыста жүргенде Абайдың кітабын (1939, 1940 жылдары баспа көрген қостомдық – А.Е.), Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының бірінші томын арқалап жүрдім. Жаумен соғысып жүргенде менің сөмкемде патрондармен бірге үш кітап жүретін еді… Бәріміз де Абайды білетін едік, бәріміз Абайға бас иетін едік. Сол ұлы Абайдың кітабын майданда қолдан қолға алып оқи жүріп жеңіске жеттік», – депті газет тілшісіне берген сұхбатында.

Қазақ әдебиетінің өткен жолына назар салғанда кемел қаламгер Әзілхан Нұршайықов есімі алдымен  ауызға алынары хақ. Әзекең әдебиетке айғай-шумен, даңғазамен келмеген, ары таза, абыройы биік, тер төгіп еңбек етуді өмір салты есебінде қалыптастырған,  ұзақ жасап, құнды мұрасын халқына, оқырманына табыстап кеткен қалам иелерінің бірегейінен.

Қарапайым азамат, биік парасат иесі, шебер жазушы, шынайы суреткер Нұршайықовтың өлмес ғұмыры, мәңгілік ғұмыры кейінгі ұрпақ жадында ғасырлар бойына жалғасатындығы  күмән туғыза қоймас.

Үлкен әдебиет есігін ашпас бұрын қаламын журналистиканың ыстық, суығына суарып алды. Ұзақ жылдар жолсапарда қиын-қыстауды бастан кешіп айбынды жанрдың қым-қуыт сырларын мейлінше жан-жақты меңгерді. Журналист болуына Жекен Жұмахановтың зор әсері тигендігін әлденеше қайтара оқығанбыз. «Алғаш әскерге алынып, соғыс өнерін үйреніп жатқанымызда менің зеңбірек расчетыма бригадалық газеттің тілшісі келеді. Ол ең алдымен жауынгерлермен танысты, одан соң менің өлең, мақала жазатынымды сұрап білді. Содан кейін тілші мені бригадалық  газеттің редакциясына ертіп апарып, өздерінің редакторымен таныстырды. Сөйтсем, сол тілші бұрын өзім атын газеттерден жиі көріп жүретін  Жұмаханов екен де, редактор Қасым Шәріпов деген кісі болып шықты», – деп жазған еді «Мен журналистпін» (1978) кітабында Ә.Нұршайықов. Шапшаң ойлап, шымыр жазу, еңбекқорлық, көнбістік Әзекеңнін журналистік шеберлігін белгілеп берді. Қаламы әбден қалыптасып, өмірді тануы, адамды тануы, қажымай ізденудің нәтижесі суреткерлік, шығармашылық өлкесіне бастады.

Қаламгер дуниетанымының қалыптасуында туған жер, өскен ортаның  әсер-ықпалы ерекше.  Қай ақын-жазушыны тыңдасақ та тырнақалды туындыларының кіндік қаны тамған қасиетті топыраққа, ақ сүтімен барша жақсы қасиеттерді қанына сіңірген анаға, балаң шақта жалт етіп кездескен ақ махаббатқа арналуы тегіннен-тегін емес.

Семей өңіріндегі Ақбұзауда кіндігі кесіліп, орталау мектепті аяқтайды. Жастық жалынды шағы Қазақстанның рухани-мәдени орталығы аталатын Семейде өткен.

Қан майданның қақ ортасында жүргенде де Ақбұзауы мен Семейі жүрегінде, көкірегінде болғаны анық. Мектепте оқып жүрген шақтан тырнақалды туындылары жарық көрген «Екпіндіде» (қазір «Семей таңы») жарияланған өлеңіне құлақ салайықшы:

 

Сағындым, Ертіс, суыңды,

Жағаңда өскен нуыңды.

Таң алдында көлбеңдеп

Көтерілген буыңды.

 

1943 жылдың 6 қарашасында «Екпіндіде» басылған өлең. Майданнан ыстық сәлемін жолдаушы жауынгер Әзілхан Нұршайықов. Шағын шумақта жұдырықтай жүрегімен туған еліне перзенттік махаббатын жеткізген ақынның сезім пернесі жан жүйеңді билеп алады. Шынайы сүйіспеншілік, елге, жерге құрмет, үлкен-кішіге тағзым. Бәрі-бәрі жарасымды.

Әзаға туған жермен тығыз байланыста болған, хат жазып, телефон шалып, торқалы тойда, топырақты өлімде қалың көптің ортасынан табылған әрдайым. Жазушының өзін сөйлетейікші:

«Семейге қуана келетін тағы бір себебім:  мен осында Халима деген қызға ғашық болдым. Ол екеуміз үнемі Гоголь атындағы облыстық кітапханада кездесуші едік. Біз біріміз – ер, біріміз – жар боламыз деп осы кітапханада уәделестік… Біз бір-бірімізге  тоғыз жыл ғашық болып жүрдік. Содан кейін қосылып, елу төрт жыл бірге бақытты өмір сүрдік. Ол туралы мен «Мәңгілік махаббат жыры» деген кітап жаздым». Тап-тұйнақтай етіп ойларын қағазға түсіруді әдетіне айналдырған аға: «Семейім менің! Менің жалынды жастығымның жартысы қалған Семей! Маған шығармашылық қуат берген алтын ұям болып, алысқа ұшырған Семей! Мен сағынып келіп сенің көшелеріңді аралап келемін қазір. Дана Шәкәрім атамыздың 150 жылдық тойы қарсаңында қандай әсем болып құлпырғансың Сен! Көшелерің  сұлудай сылаң қағады. Әр үйдің алды көгалмен көмкеріліп көз тартады!», – деп көкірегі сағынышқа толы ақжарма сезіммен, тек Әзағаңа тән байсалды, мамыражай коңыр даусымен дүйім жұрт алдында тебіренгені әлі жадымызда тұр сайрап.

Өркөкірек оспадарлығы, менмендік астамшылығы жоқ Әзағаңның ешкімге жаттығы сезілген емес, тіпті Қазақстанның қай өңіріне барсаңыз да құрметтеп қарсы алып жатқан көпті көргенде көңіл марқайып, жаның рақатқа бөленер еді. Ал Семейдің оқу орындары, мектептері,  мәдениет ошақтары, кәсіпорындары,  шаруашылықтары Халық жазушысын төбесіне көтеріп құрметтеп, алақанына салып ардақтап өтті десек, артық айтқандық емес.

Жүрек толқытар тағылымды кездесулердің бірін еске алуды жөн көрдім.  2006 жылдың 5 мамыры. Халық құрметіне бөленген майдангер жазушыны Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетіне қонаққа шақырдық. Университет ректоры ретінде Әзағаның шығармашылығына тоқтала келіп, жазушы қаламынан туған «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Өмір өрнектері»  кітаптарының оқырман көзайымына айналғандығын, майдангер-жазушы атанып қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының, Мәншүк Мәметова сияқты ержүрек қыздың бейнелерін естен шықпастай шебер сомдағанын,  сөйтіп келер буынды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелегендігін астын сызып бөліп айттым. Университет Ғылыми Кеңесінің шешімімен «М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры» атағы берілгендігін салтанатты түрде хабарлап, профессордың мантиясын кигіздім. Қалыптасқан дәстүр бойынша дәріс оқуға кезек бердім. Әзілхан аға Нұршайықов қатты толқып, тебірене сыр тиегін ағытты. Кешке қатынасқан профессор-оқытушылар мен студенттер қауымы, қала жұртшылығы көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өнегелі сұхбаттан бойларына нәр құйылып, көңілді тарқады. Мұндай  кездесулер жыл сайын жалғасын тауып, оқырман мен жазушы арасында берік ынтымақтастық орнады.

Кездесуден бірнеше күн өткеннен кейін Алматыдан жазушы аға «Өмір өрнектері» кітабын қолтаңбасымен беріп жіберіпті. Онда төмендегі жүрекжарды тілектер жазылыпты: «Ардақты Арап бауырым! «Қарадан шығып, хан болды» дегендей, Сіздер қатардағы қарапайым қаламгерден құрметті профессор шығардыңыздар. Бұл менің өмірімдегі ұмытылмайтын ұлы оқиға болды. Сіздерге мың рахмет. Сіздер берген биік мәртебелі атақты абыроймен орындауға тырысамын. Аман болыңыздар, бақытты болыңыздар, айналайындар. Зор құрметпен, Сіздердің Әз. Нұршайықов. 22.05.2006 ж. Алматы».

Әзағаның қатынасуымен мәртебесі биіктеп, мазмұны байыған қаншама кездесулер өтті десеңізші туған топырақта. Әр жүздесу, әр сұхбаттасу өз  алдына жеке тарих, естен кетпес өмір университеті, тәрбие сағаттары мен сабақтары еді ғой.

2010 жылдың басында егемен Қазақ елін дүр сілкіндіріп Алматы, Астана қалаларында Азиада ойындары өтті. Тоқсанды алқымдаған Әзілхан аға жерлестерін жеңіске шақырып, тек өзіне тән өмірге құштарлығымен жастардың жүрегін жанып Азиада спорт ойындарына үлесін қосты. Жай сырттан бақылаушы емес, кәнігі спорт саңлақтарымен иықтаса жүгіріп өтіп мерейімізді тасытты. Көгілдір экраннан телміре қарап: «Жарайсың, азаматым, қайыспас қара нарым, мұқалмас алмас қылышым!», – деп шаттандық. Әзағаның өзі: «Мен эстафета кезінде Республика алаңындағы тайқазанға алаудың отын жақтым. Мен сол сәтте бүкіл шығысқазақстандық жастардың жүрегіне от жақтым, қарттардың жүрегіне жылу бердім», – деп риясыз шындықты жайып салды. Масаттанып сөйледі, тебірене толғады. Бұл – әзіз Әзағаның дидарын соңғы рет көруім екен. Өкінішті-ақ!

Табиғатынан қарапайым, елінің сүйіктісі жөнінде әлі де талай жазылар, әр буын өз сөзін айтар. Ең бастысы, артында қалған асыл қазына – жазушы мұрасы қолымызда. Ендігі ақылшымыз да, кеңесшіміз де қаламгердің еңбектері.

Жазушыдан қалған мол мұра әлі де зерттеле бермек. Асқан ұқыптылықпен, ғажап ыждағатпен көзі тірісінде түптеліп, сұрыпталып, келер ұрпаққа қалдырылған мұра жалықпай жүйелі зерттелсе құба-құп. Докторанттар мен магистранттардың, ғылыми мекемелер мен университет қызметкерлерінің ғылыми ізденістері жазушы мұрасынаң қыр-сырын жарқыратып ашар сәті келді.

Тағылымы мол жазушының шеберханасын мұқият тексеру – қазақ әдебиетінің жаңа беттерін жарқырата ашып, барша халықтың игілігіне жаратуға бастайтын мазмұнды құбылысқа айналары сөзсіз. Қаламгер мұрасы магистрлік, докторлық  диссертациялар деңгейінде тексеріп, саралауға сұранып тұр. Болашақтың еншісіндегі ғылыми зерттеулерді ұзын-сонарға салып созбақтамай, сапалы нәтижеге қол жеткізу – азаматтық парызымыз.

А.С. ЕСПЕНБЕТОВ,
Шәкәрім университеті
«Абай және ұлттық руханият» ҒЗО-ның жетекшісі,
ф.ғ.д., профессор

Мақалада: Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жылЕРЛІК ПЕН МАХАББАТ ЖЫРШЫСЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

8 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

10 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

10 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

10 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

13 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

13 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

13 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

14 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

15 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС