"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  

21.01.2023
ӘКІМНІҢ 100 КҮНІ:НЕ ІСТЕЛДІ ЖӘНЕ НЕ ІСТЕЛМЕК?  
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 17 қаңтар күні «SEMEI» телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде 1 сағаттан артық уақыт көлемінде шаһар тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Бағдарлама барысында семейліктерден 30-ға жуық сауал келіп түсті.

Айта кетелік, 17 қаңтар күні Нұрбол Нұрсағатовтың Семей қаласы әкімі болып тағайындалғанына 100 күн толды. Осы жүз күн ішінде қандай жұмыстар атқарылды? Алға қойған жоспарлар қандай? Семейліктер тарапынан қойылған сауалдар мен қала әкімінің жауаптарына назар аударайық.

— Сіз әкім ретіндегі жұмысыңызды неден бастадыңыз?

— Әкім қызметіне тағайындалған соң Семейге қарайтын 14 елді мекенді, қаланы аралап, халықпен кездестім, тұрғындардың өтініш, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдадым. Қандай проблемалар бар екенін анықтап алғаннан кейін 2023 жылға жоспарымызды жасап, мақсатымызды айқындадық. Семей қаласын дамытуды, ең алдымен, инфрақұрылымдық жоспарларды реттеуден бастап отырмыз. Биылғы жылы алға қойған жоспарларымыз ауқымды.

— Қоғамдық көлік жұмысына, автобус тасымалына семейліктердің көңілі толмайды, автобустар санының аздығынан тұрғындардың аялдамаларда сағаттап тұратыны, жүргізушілердің кесте сақтамауына байланысты  шағымдар өте көп. Бұл мәселе шешімін қалай табады?

— Әрине, бұл — өте өзекті мәселе. Бізде 40 бағытқа 3 тасымалдаушы бар. 320 автобус желіге шығуы керек. Алайда күніне 180-200 автобус, яғни барлық автобустардың 60 пайызы ған  қызмет көрсетуде. Бұл тығырықтан шығу үшін жылдың аяғына шейін 70 жаңа автобус сатып алуға тасымалдаушылармен меморандумға қол қойдық.

Автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігі де мәселені ушықтырып отыр. Жалақыларын көтеріп жатсақ та, жүргізушілер тапшы. Бұл ретте мәселені басқа жағынан қарастыру керек, яғни автопарктермен бірлесе отырып, жүргізушілердің әлеуметтік жағдайын көтеруге көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Қоғамдық көліктің сағат 22.00-ге дейін жүруін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Мәселен, соңғы 2 айда ғана 3 автопаркке 20 млн теңгеге жуық айыппұл салдық. Бұл күрделі мәселе болғандықтан бір күнде шешіле салмасы анық, бірақ біз бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

— Семейдегі жол мәселесіне қатысты не айтасыз?

— Қазіргі таңда тиісті құжаттарды дайындап, қала бойынша жалпы ұзындығы 55 шақырым болатын 40 көшеге асфальтті жол салуды жоспарлап отырмыз. Асфальт төсегенде мектептер мен әлеуметтік нысандарды да ескереміз, тротуарлар да салатын боламыз. Биыл 5 ауылдың кіреберіс жолына күрделі жөндеу жүргіземіз.

— Ауылдағы халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін тағы қандай ауқымды жұмыстар жоспарланды?

— Біздің қаланың аумағында 14 ауылдық округ бар. Тіпті 360 шақырым жердегі Доғалаң елді мекені мен 320 шақырым қашықтықтағы Қайнар ауылы да қала аумағына кіреді. Биыл елді мекендердің бюджетін 1,5 есеге арттырдық. Біз ауылдық округ әкімдерінің өтініштерінің 90 пайызына қолдау білдіріп отырмыз. Айтып кеткенімдей, 5 елді мекенде шамамен 13,5 шақырымды қамтитын кірме жолдар саламыз. Ауылдарда аула алаңдары, футбол алаңдары жабдықталатын болады. Сондай-ақ 7 ауылдық округтегі мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

— Аулаларды абаттандыру бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?

— Семейде 576 аула бар және оның тек 10 пайызы ғана қалыпты жағдайда, қалғандары жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Биыл біз 70-ке жуық аулада кешенді жұмыстар жүргіземіз. Аулаларды абаттандырмас бұрын, жер астындағы желілерді өзгертеміз. Әдетте, жұмыстар жүргізілген жерлерде апаттар орын алып, абаттандырылған аумақта қайта қазуға мәжбүр болып жатамыз. Сондықтан  70 ауланың жер астындаағы желілерін ауыстыруға қаражат бөлдік. Одан кейін барып асфальттайтын боламыз, оның ішіне тұрақ орындары да кіреді, жарықтандыру жүргізіледі. Кешенді жоспар дайын. Сондай-ақ гүлзарлар жасау үшін 14 қоғамдық орынды таңдап алдық.

— Қыс басталғалы бері тұрғындар жылу жүйесінде ақаулардың жиі пайда болуына қатысты шағымдануда. Қала белсенділері бұл мәселе туралы әлеуметтік желілерде де жиі жазуда. Бұл жағдайды түсіндіріп бересіз бе?

— Иә, қыс мезгілі басталғалы жылытуға қатысты шағымдар жиі түсуде. Сол жағалауда 100 гигакалория профицит байқалса, оң жағалауда, керісінше, 100 гигакалория тапшылық бар. Жылу желілері ескіргендіктен, үнемі апаттар болатын магистральдар бар. Жылыту маусымы басталғаннан бері тек жылу магистральдарында 400 апат болды.

Төтенше жағдайлар қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Мысалға, жақында жанармай жеткізіліміндегі өрт салдарынан апат болды. Әскерилер және ТЖ қызметкерлерінің жылдам әрекет етулерінің арқасында мәселе тез шешілді. Бұл жағдай түнгі сағат 01:15-те болды, диспетчерлік қызмет бөлімі сағат 01:20-да қоңырау шалды, мен оқиға орнында сағат 01:45-те болдым. Мұндай жағдайда, ең бастысы, гидравликаны ұстап тұру. Мұндай жағдайдаларда жылу параметрлерін төмендетуге мәжбүрміз, сондықтан тұрғын үйлерде суық болуы мүмкін. Бірақ су айналымы тоқтатылмайды. Су қатып қалса, бәрін қайтадан іске қосу қиын болады. Оған қоса желілері жағдайының нашар болуы да әсер етеді.

Осыған орай, бүгінгі күні қаланы дамытудың кешенді жоспарындағы үш жоба бойынша желілерді ауыстыру бойынша сараптама оң нәтиже көрсетті. Қазандықтарда да проблемалар бар, келесі жылы жылыту кезеңін ойдағыдай өткізу үшін ағымдағы жөндеуге қаражат бөлетін боламыз. Ал ЖЭО-3 бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, ал жылу магистралі қашан және қалай салынатыны үкіметтік деңгейде шешілетін болады. Биыл 20 гигакалориялық екі қазандықты іске қосамыз.

— Қала көшелерінің қардан уақтылы тазаланбауына қатысты, яғни коммуналдық қызметтердің жұмыс сапасына қатысты да көптеген шағымдар түседі. Бұл мәселе әкімдік тарапынан қалай шешімін табады?

— Қала аумағын тазартуға байланысты проблемалар бар екені рас. Қалада түні бойы қар тазалаумен айналысып жатқан арнайы көліктер бар. Содан кейін жүк тиегіш техникалар қар шығарады. Жұмыс күндіз де, түнде де жүргізіледі. Осы ретте айта кетер тағы бір мәселе жүргізілген жұмыстардың сапасына қатысты болып отыр. Арнайы техника жетіспейді. Техникалық сипаттамаға сәйкес, қаланы қардан тазарту үшін шамамен 200 бірлік техника мен 360 жұмысшы қажет. Ал бүгінгі күні түнгі ауысымда 80 бірлік техника, күндізгі ауысымда 60 бірлік техника жұмыс істеуде. Осы мәселені шешу үшін қаланы 5 бөлікке бөліп, қар тазалауға конкурс жарияладық.

— Шығыс кенті оң жақ алабындағы саяжайда электр желісі қашан жөнделеді?

— Шығыс кентіндегі электр желісіне қатысты мәселе бұрыннан бар. Ол маңда алғашында саяжайлар ғана болған. Бұрын саяжай салған кезде 1 үйге тек 5 киловаттық электр желісін тартуға рұқсат беретін. Алайда қазір саяжайда тұрғын үйлер салынып жатыр. Сондықтан да электр желісінің қуаты жетіспейді. Мен бұл жағдаймен жақсы таныспын. Үнемі апаттар орын алуда. Қаладағы барлық саяжайлардағы электр желісін толықтай жөндеу үшін 12 млрд теңге қаржы керек. ВК РЭК оны қабылдамайды. Сондықтан біз оны өз иелігімізге алып, орын алған ақауларды әкімшіліктің күшімен жөндетіп жатырмыз. Бұл бір жылда жүзеге асырылатын жұмыс емес. Сондықтан жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізетін боламыз.

— 2023 жылы Семейде қандай жоспарлар мен жобалар іске асырылатын болады?

— Қаланың сыртқы келбетін жақсарту мақсатында тұрғын үй—коммуналдық даму бағдарламасы шеңберінде 31 көп қабатты үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады. 20-ға жуық лифтіні ауыстыруды және қалпына келтіруді көздеп отырмыз, ескірген үйлердің шатырына күрделі жөндеу жүргізіледі. Биыл 2000 евроконтейнер сатып алу және қоқыс жинауға арналған 150 алаңды жайластыру жоспарланған.

Сондай-ақ Семейде 600-ден астам жол белгілері орнатылады, 100 шақырым жол төсеміне арнайы таңбалар қойылады. Қала бойынша 60 «Сергек» бейнебақылау камерасы, төрт бағдаршам, 40 аялдама орнату жоспарлануда. 100-ден астам көше жарықтандырылып, 70 аула, алты қоғамдық кеңістік абаттандырылатын болады. Биыл қаланың әр түрлі аудандарында көгалдандыру бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынады, атап айтсақ 10 мыңнан астам көшет отырғызылмақ. Сонымен қатар оқушы орнының тапшылығын азайту үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағайлы шағын ауданында — 1200 орынға, Водный кентінде 600 орынға арналған екі жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталады.

— Мемлекеттік қызметкерлер сұхбат беруден немесе шулы мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беруден неге қашқақтайды?

— Мен өзім кез келген сұраққа жауап беруге дайынмын, халықтан да қашпаймын. Әкім ретінде кез келген адамның мәселесін тыңдауға, шешуге дайынмын. Мысалы, бүгін 40 адам наразылығын айтып келді. Бәрін қабылдап, мәселелерін шешіп бердім. Ал бөлім басшыларына келетін болсақ, қазір әкімдікте маман тапшы. ТҮКШ бөлімінде тек қана 12 маман жұмыс істеп жатыр, оның төртеуі – мамандандырылған қызметкерлер. Ал жылу мәселесімен тек бір ғана маман айналысып отыр. Сондықтан сұрақтарға жауап беруге  уақыттары болмай жататын шығар. Бірақ сұрақты ескереміз, барлық тұрғындарды қабылдап, сөйлесуге әзірміз.

— Сіз үшін әкім болу нені білдіреді?

— Тарихы тереңнен сыр шертетін Семей қаласына әкім болу маған зор мәртебе деп білемін. Дегенмен салмағы басым, артар жүгі ауыр жауапкершілік. Бүгін тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың барлығы да өзекті, ешқайсысы жауапсыз қалмайды. Айтып кеткенімдей, 2023 жылы ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Мақсатымыз – қаламызды дамытып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, бұл  ретте семейліктермен тізе қосып жұмыс істейтін боламыз деген ойдамын.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

06.05.2026
Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Елім деп...

Толығырақ...Details

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

30.04.2026
Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында өткен баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты....

Толығырақ...Details

Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

26.04.2026
Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

Semeytany.kz – Жарма ауданының Ортабұлақ ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында экологиялық шара өтті. Тазалық жұмыстары жергілікті халық...

Толығырақ...Details

Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

26.04.2026
Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Семей қаласында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпірден кейін өңір басшысы Берік...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

21.04.2026
Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

Semeytany.kz – Абай облысы мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесіне қарасты Тарбағатай округі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері онлайн форматта өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

3 дня бұрын

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

3 дня бұрын

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

3 дня бұрын

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

3 дня бұрын

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

3 дня бұрын

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

3 дня бұрын

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

3 дня бұрын

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

5 дней бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

5 дней бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС