"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

24.01.2023
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Марат Нұрланбекұлы басқарманың 5 ай көлемінде атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Жиында айтылғандай, бүгінгі күні облыс тұрғындарына 294 ұйым — 12 облыстық маңызы бар медициналық ұйым, 4 қалалық маңызы бар медициналық ұйым, Семей қаласындағы 22 МСАК ұйымы және 4 қалалық емхана филиалдары, 1 ауданаралық аурухана, 10 орталық аудандық аурухана, 87 аудандық фельдшерлік амбулатория, 20 аудандық фельдшерлік-акушерлік пункт және 130 медициналық пункт медициналық қызмет көрсетеді.

Басқарма басшысы Марат Сандыбаев Абай облысында медициналық ұйымдардың төлқұжаты әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ облыстық перинаталдық орталықта жетекшілік ететін аймақтарға медициналық-әдістемелік көмек көрсету үшін көп бейінді бригадалар (акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог) құрылған.

Облыс құрамындағы аудандарда да біршама өзгерістер орын алды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша фельдшерлік-акушерлік пункт желілерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, 65 ауылдық медициналық мекеменің құрылысы аяқталды. Аягөз ауданындағы ауданаралық аурухананы жаңғыртуға, жедел жәрдем бөлмесін кеңейтуге және материалдық-техникалық жабдықтармен қайта жарақтандыруға қолдау көрсетілді. Абай ауданында перинаталдық орталықта бақылау (катамнез) бөлімінің жұмысы ұйымдастырылды, перинаталдық кезең патологиясы және туа біткен даму ақаулары бар балаларды динамикалық бақылау және оңалту үшін медициналық оңалту орталығы ашылды, сондай-ақ аудандық ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көкпекті ауданындағы аудандық ауруханада үш қазандық ауыстырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Абай облысында науқас сәбилерге көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

– Абай облысы құрылғаннан кейін, яғни маусым айынан бері, перинаталдық кезеңді қоса алғанда, әр түрлі патологиялары бар 1300-ден астам баланы қабылдадық. Жалпы, біз балалардың денсаулығын қорғауға ерекше көңіл аударамыз. Бұл ретте облыстың штаттан тыс мамандары институты құрылды. Өткен жылы бұл мамандар облысқа қарасты аудандарға 18 рет іссапармен барып қайтты. Өңірімізде санитарлық авиация жұмыс істейді. Балаларға арналған МРТ зерттеулерінің іске қосылуы – үлкен жетістік, — деді Марат Нұрланбекұлы.

Облыс құрылғаннан кейін балаларға медициналық көмек көрсету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Балалар гинекологиясы қызметін ұйымдастыру жұмыстары басталды, аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларға көмек көрсету бағыттары анықталды, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа ғимаратқа көшірілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сондай-ақ басқарманың 2025 жылға дейінгі жоспарлары туралы да айтылды.

Облыста консультативтік-диагностикалық емханасы бар көп салалы балалар ауруханасы салынады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова облыс орталығында көп салалы балалар ауруханасын салу қажеттіліктен туындаған шешім екенін атап өтті.

— Абай облысының балалардың денсаулығын сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі әлі де тіпті Семей қаласының өзінде талап етілетін сапа деңгейіне сәйкес келмейді. Мәселен, 29 күннен 12 айға дейінгі балаларға арналған бейінді емдеу мекемесі жоқ, педиатриялық көмек әр түрлі клиникалардың қала бойынша жан-жақта орналасқан бөлімшелерінде көрсетіледі, оның өзінде қажетті жабдықтар тапшылығы да жоқ емес. Бірінші кезекте балалар бөлімшелерін ересектерге арналған емхана ғимараттарынан шығару керек, — деді Марат Нұрланбекұлы.

Семейде қан орталығының ғимаратын ауыстыру мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Оны №3 перзентхана ғимаратына ауыстыру керек болған, бірақ енді жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданып отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір қан құю станциясы ғимаратты жеке тұлғадан жалға алады, оған қоса тағы 1000 шаршы метр аумақ қажет. Сондықтан барлық нормалар мен стандарттарға сәйкес заманауи медициналық ғимарат қажеттігі туындап отыр.

Сондай-ақ Семей қаласында 300 емделушіге арналған екі типтік емхана салу жоспарланып отыр. Облыс орталығында заманауи санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін үлгілік емханалар жоқ, олардың біреуін қаланың сол жағалауында, екіншісін қаланың оң жағалауында салу жоспарланған.

Бұл ретте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрланғазы Ибраев атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Айтуынша, бақылау арқылы саланың осал тұстарын анықтап, оларды түзетуге мүмкіндік бар.

– Әріптестерімнің жоғарыда айтқандарының барлығы медициналық қызметтің сапасына әсер ететіні сөзсіз. Бізде үш бақылау аймағы бар. Тексерулерге азаматтардың өтініштері негіз болады. Бақылау барысында  бұзушылықтар анықталса, мекемеге ұйғарым беріледі. Бұл жүйе осал тұстарды анықтауға және денсаулық сақтау саласына не жетіспейтінін білуге мүмкіндік береді. Біз денсаулық сақтау басқармасымен, МӘМС филиалымен тығыз байланыста жұмысістейміз, — деді Нұрланғазы Советқазыұлы.

Кездесу соңында журналистер тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауаптар берілді. Баспасөз мәслихаты спикерлері атап өткендей, облыс құрылғаннан кейін жаңа ауруханалар мен басқа да нысандардың құрылысы жүргізіліп, аймақтағы денсаулық сақтау мәселелері біртіндеп шешіле бастайды.

Мақалада: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

16.08.2022
КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА

КАДРЛАР МЕГАПОЛИСТЕРГЕ АҒЫЛУДА Ауылда кім қалады? Бүгінде мемлекет тарапынан айрықша назар аударылып отырған салалардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Десек...

Толығырақ...

ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

03.08.2022
ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

Саркома – қатерлі ісіктің бір түрі Бұл рак клеткалары ағзаның дәнекер тінінен пайда болады. Саркоманың неғұрлым кең тараған түрлеріне остеосаркома...

Толығырақ...

МАМАНДЫҒЫН СҮЙГЕН ДӘРІГЕР

03.08.2022
МАМАНДЫҒЫН СҮЙГЕН ДӘРІГЕР

Дәрігер - адам өмірі үшін жауапкершілік алып, оның денсаулығына алаң болып жүретін бірден-бір мамандық иесі. Өз ісін сүйіп, халқына адал...

Толығырақ...

РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАТТЫҢЫЗ БА?

13.07.2022
РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАТТЫҢЫЗ БА?

Шілде айының 10-ы күнгі көрсеткіш бойынша, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту 100 пайызға...

Толығырақ...

ЕЛ «САРЫ» АЙМАҚҚА ӨТСЕ, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?

05.07.2022
ЕЛ «САРЫ» АЙМАҚҚА ӨТСЕ, ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ?

Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтсе, Үкімет қандай шараларды қолға алады? Бұл туралы  Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус...

Толығырақ...

ҚАПЕРІҢІЗДЕ ЖҮРСІН! 

23.06.2022
ҚАПЕРІҢІЗДЕ ЖҮРСІН! 

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды ашық су қоймаларында лептоспироз, вирусты гепатит, ротовирустық инфекциялар, гельминтоз сияқты ауруларды жұқтыру қаупі барын ескертеді....

Толығырақ...

Жаңалықтар

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

20 часов бұрын

АБАЙ ҰЛАҒАТЫНАН НӘР АЛҒАН ҚАЛАМГЕР

1 день бұрын

Балалардың гаджетті пайдалану уақыты қандай – Мамандар жауап берді

1 день бұрын

«1,5-2 миллион теңге үнемдедім»: Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру қалай жүріп жатыр

1 день бұрын

Тоқаев Ғылым мен технологиялар жөнінде ұлттық кеңес құрды: Кеңес құрамында Нобель сыйлығының лауреаты бар

1 день бұрын

Абай облысында түрмедегі қызымен байланысы үзілген ана өлі күйінде табылды

1 день бұрын

Санжар Тәшкенбай 2023 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Биылғы жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталады

2 дня бұрын

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

2 дня бұрын

КӨМІРМЕН ҚАМТУДА КЕДЕРГІ ЖОҚ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС