"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСТЫ МІНДЕТ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

23.02.2023
БАСТЫ МІНДЕТ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басты міндеті — жемқорлық әрекеттердің алдын алу, тәуекелдерге талдау жасау, сыбайлас жемқорлықтың қай салада болмасын етек жаюына жол бермеу. Бұл ретте Абай облысында өткен жылы қандай істер атқарылды? Бұл жөнінде Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов баяндап берді.

Зарина КӘП

«Семей таңы»

Рүстем Тоқбергеновтің айтуынша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті құрылғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бес  мониторинг жүргізілген.  Мониторингке қалаішілік жолаушылар тасымалы, жол жөндеу, «Семей Орманы» резерватындағы заңсыз ағаш кесу, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу мәселелері қамтылған. «Теплокоммунэнерго» мекемесі мен жер қатынастары саласының қызметіне сыртқы талдау жүргізілген. Мониторинг нәтижесі облыс әкімінің, уәкілетті орган басшыларының және жұртшылықтың қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссияларда, бірқатар мәселелер салалық министрлік деңгейінде қаралған.

— Жолаушылар тасымалы саласында тиімсіз автобус бағыттары мен жеңілдікпен тасымалдауды субсидиялау тетіктері қайта қаралды. Өткен жылдың соңында автобустардың желіге шықпағаны үшін тасымалдаушылардан 7,8 млн теңге көлеміндегі қаржы субсидиядан ұсталды. Азаматтардың жеңілдікті санаттарын тасымалдау бойынша субсидиялар төлеудің ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында 32 маршрутта электрондық билет жүйесі орнатылды. Ал жол жөндеу саласында 316,6 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатының  жоспарсыз жұмсалуына жол берілмеді,- деді Рүстем Тоқбергенов.

Еске сала кетсек, ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы шеңберінде облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленген болатын. Аталған тәуекелдер картасына 6 бағыт — экология, көлік, жол және инфрақұрылым, жер, жаңа аумақтарды қалыптастыру, сонымен қатар бизнес салалары енген.

— Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері азаматтардың, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің наразылығын тудырып отырған шешімін таппаған бірқатар проблемалар анықталды. Жергілікті атқарушы орган тарапынан жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, конкурстарды ұйымдастыру және жер телімдерін беру тәртібін реттейтін бизнес процестерді жетілдіру бойынша жүргізілетін шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетті. Кейбір жағдайларда мүлікті сату желеуімен жер учаскелерін беру фактілері әдейі ұйымдастырылғандығы да анықталды,- деді Рүстем Тасанбиұлы.

Рүстем Тоқбергеновтің айтуынша, әкімдіктер ортақ пайдалануға, мысалы тұрғындардың табынға қосылған малын жаюға арналған жер телімдерін жерлер жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге жалға береді. Осыдан барып жайылымдық жерлердің тапшылығы мәселесі туындайды. Бұл тұрғындардың мал ұстауына тосқауыл қояды, яғни олардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

— Көші-қон қызметі органдарының ақпараттық жүйелері мен «Азаматтарға арналған үкімет» арасындағы интеграцияның жеткіліксіздігіне байланысты шетел азаматтарының меншік құқығында тіркелген жер учаскелері бар. Өңірімізде әлі күнге дейін азаматтығынан айырылған тұлғалардың атына тіркелген 200-ден астам жер телімі бар. Біз мұндай жерлерді қайтару мәселесін қарастырудамыз,- деді Рүстем Тасанбиұлы.

— Біздің қызметіміздегі тағы бір маңызды бағыт — Бірыңғай сатып алу терезесін пайдалана отырып мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу. Департамент құрылған сәттен бастап 1 млрд 900 млн теңге көлеміндегі қаржының тиімсіз пайдаланылуына жол берілмеді.

Бүгінде ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жоба аясында департаменттің араласуымен 100-ден астам кәсіпкердің проблемалық мәселелері шешім тапқан.

Жиынды қорытындылай келе департамент басшысының орынбасары түйткілді мәселелердің шешілуіне және қажеттіліктеріне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы тұрақты түрде жаңартылып отыратынын, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының  алдын алу жұмыстарының қарқыны бәсеңдемейтінін айтты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

6 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

7 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

7 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

8 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

8 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

8 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС