"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫНЫҢ ИМАНИ ӨЛЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

27.02.2023
КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫНЫҢ ИМАНИ ӨЛЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында төңкерістерге толы заманда өмір кешкен, ұлы Абайдай қазақ поэзиясының асқар шыңының ақындық тәлімін алған, артына мол әдеби мұралар қалдырған, ел ортасынан медресе, мешіт ашып, ұстаздық қылып, қажы, молда атанған Абайдың дарынды ақын шәкірттері, қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі — Көкбай Жанатайұлы.

Өз заманындағы қоғамдық жұмыстарға да ат салысады. Көкбай ақынның өз дәуіріндегі қоғамдық қызметтерге араласуының бірден — бір себебі — сол кездегі тарихи — әлеуметтік жағдайлардың белең ала бастауымен байланысты болды.

Көкбай Жанатайұлы заманында медресе ашып, бала оқыту ісімен айналысқан, Абайдың «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деген ойын іс жүзінде орындап, кейіннен Алаш зиялылары тіккен тудың астында халық үшін едәуір қызметтер атқарады.

Көкбай Жанатайұлының  өз уақытында медресе ашып, мешіт салдырғаны туралы С. Мұқанов «Абай шәкірттері туралы» баяндама -мақаласында «Көкбай жас күнінен, Совет өкіметі құрылғанға дейін мешіт ұстап, өзі сонда жиырма жылдай имам болып, мешіт қасында діни медресе ашып, өзі сонда дін сабағынан жиырма жылдай дәріс оқыған адам» (47), — дейді.

Көкбай Жанатайұлы 40 жасынан бастап нақты қоғамдық істерге ұстазы Абайдың ақыл — кеңесімен араласа бастайды

Көкбай Жанатайұлы 1901 жыл Мұқыр болысына молда болып сайланады.

Тақыр өзенінің бойынан шамамен 1901 жылдары медресе салып, бала оқыта бастайды және имани өлеңдер жазады. Өзінің ұстаздық жолға бет бұра бастағанын:

Ұстаздық жолына енді бет бұрдым,

Іс қой деп игілікті ниетті бұрдым.

Сахарада медресе ашып, бала оқытып

Ортаға сол күндегі дүкен құрдым, —

деп медресе салып, бала оқыта бастағанын өлең арқылы да жеткізеді.

Ақын жеке өз басының қара қамын ойламай, бүкіл елдің, жас ұрпақтың қамын ойлап, ақысыз бала оқытады. Яғни бұл дегеніңіз ақынның сол уақыттағы  қоғамға тигізген пайдалы істерінің бірі еді.

Көкбай ақын:

«Үй бердім, баласына тамақ бердім.

Ақы алмай, балаларына сабақ бердім», — деп жырлайды өз өлеңінде. Көкбай Жанатайұлының бұндай игі істерін өз шәкірттері жазған естеліктерінде айтады. Мысалы: Үкіжан Қордабаев «…Көкбай өз өлеңінде «Үй бердім баласына тамақ бердім, ақы алмай балаларына сабақ бердім» деп жазады. Бұл анық және шындық. Интернат ашып, онда бай, кедей демей барлық балаларды бірдей ұстады және тамақтандырды, Бұған мен өз басым көп мән бердім».

Көкбай Жанатайұлы ел ішінде медресе ашып, бала оқытып, ағартушылық іспен айналыса жүріп, ауыл арасынан құдайдың үйі — мешіттің қабырғасын көтертеді. Мешіт 1908 жылы толығымен салынып бітеді. Кейін Көкбай Жанатайұлы  мұсылмандық парызын өтеу үшін Мекке Мединеге қажылық сапарға аттанады.

Қажылық сапарынан келгеннен кейін Көкбай молда өз медресесінде діни пәндерден сабақ жүргізеді. Ақын медреседе дәріс жүргізе жүріп, айналасында болып жатқан тарихи жағдайлардан, өзгерістерге толы заман ағысынан сырт қалмайды. Көкбай Жанатайұлы  заманның қым — қуыт өзгерістері дами бастаған уақытта бірқатар адамдармен саяси байланыста болып, көптеген қоғамдық істерге араласады. Өзі өмір сүрген аумалы — төкпелі кезеңнің алуан түрлі үдерістеріне өзіндік көзқарасын білдіріп отырған.

Көкбай Жанатайұлы ХХ ғасыр қазақ даласында құрылған Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановпен жақын қарым — қатынаста болады.

Көкбай Жанатайұлы қоғамдық істерге араласа жүріп, өзінің ұстаздық, молдалық міндеттерін атқара береді. Ақынның медресе салып, бала оқытуы, мешіт ұстап молда болуы заңды түрде жүзеге асқан. Сол кездегі патша өкіметі молдаларды арнайы тағайындап, олардың істерін бақылып отырған.

Көкбай Жанатайұлы медресесі 1901 — 1921 жылға дейін ескіше бала оқытып, жұмыс істеген. 1921 жылы оны жаңа оқу жүйесімен оқытатын мұғалімдерге босатып береді.

Заманның өзгеруімен қатар Көкбай Жанатайұлының денсаулығы да нашарлай бастайды. Соған байланысты қоғамдық жұмыстардан ақырындап қол үзіп, ақындық өнеріне жақындай түседі.

ХІХ ғасыр соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде зиялы қазақ үшін қилы — қилы шырғалаң кезеңдерге толы заман болды.

ХХ ғасыр басында қазақ топырағында болған қоғамдық саяси оқиғалар Көкбайды сырт айналып кетпеді.

Көкбай Жанатайұлының ақындығының бастау көздері, ең алдымен барлық халық ақындары сияқты ертегі — аңыз, өлең — жырлар арқылы  бойына сіңген бай халық ауыз әдебиетінде екенін атап өткеніміз орынды.

«Ақындар халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдени — рухани байлығын ана сүтіндей бойына сіңіру қажет Олар эпос тілінің дархан шалқарлығын, буыннан — буынға мирас боп қалған афористік поэзияны, символикалық бейнелерді, көркемдік — мәнерлегіш әдістемелерінің алуан түрлі, сан қилы үлгілерін, қанаты жатық тіркестерді меңгеруге, игеруге ұмтылады», (72.16) — деп М. Базарбаев, Ә. Дербісәлин, С. Қасқабасов сынды ғалым — зерттеушілер өз еңбектерінде халық ауыз әдебиетінің ақындар үшін үйрену мектебі болғанын атап айтады.

Әрбір адам баласына өмір сүрген  заманы мен қоршаған ортасы, сол кездегі қоғамдық жағдай үлкен әсерін, ықпалын тигізетінін айтып өткенбіз. Ақынның өз сөзімен айтатын болсақ «Заманды түзетпейді кісі билеп», немесе «Адамзатты билейді заманасы, жүр деген соқпағынан табыл дейді». Өзге ақындар тәрізді Көкбай Жанатайұлы да өз заманындағы саяси — әлеуметтік жағдайларға, заман талабына баса назар аударады. Көкбай ақын өзі өмір сүрген заман көріністерін өз шығармаларына арқау ете білді.

Кез келген ақынның шығармашылық жолы өз дәуірімен бірге біте қайнасып жатады. Демек, қилы заманда өмір кешкен К. Жанатайұлының ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ақынның балалық шағы өтеді. Ақынның жігіттік шағы Патшалық Ресейдің отарлау саясатын жүргізу кезеңімен сәйкес келсе, кейіннен ол ХХ ғасыр басындағы ең ірі саяси – қоғамдық оқиғалар 1916 жылғы ұлт -азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Ақпан төңкерісі, «Алашорда» үкіметінің құрылуына да куәгер болады.

Қазақ даласындағы заман талабына сай жүргізілген осындай жағдайлар, Алашорда ерлерінің игі істері де Көкбай өлеңдерінде көрініс тапты. Сондықтан да ақынның шығармашылығын сол кездегі тарихи ахуалмен, замана тынысымен бірге қарастыру керек.

Өз заманының жыршысы болған Абайдай Көкбай Жанатайұлы сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс — тіршілігін өзіндік бояу — өрнектерімен  мейлінше айқын да толық бейнелей білді.

Көкбай ақынды толғандырған өзекті мәселелердің бірі — туған халқының тағдыры, соның болашағы еді. Ақын халқының тағдырын ойлап толғанды, тығырыққа қамалып, тұйыққа тірелген елінің келешегін ойлап күйзелді. Тұйыққа тірелген халыққа қол ұшын беріп, жол тауып шығаратын жалғыз күш — ол өздері екенін түсінген ақын халықты елдікке шақырады.

Өз заманының барлық шындығына ақындық жіті көзбен қарап, өз ойын өтімді өлең сөздерімен өрнектейді.

Көкбай Жанатайұлы ең алдымен өткір тілді, ұшқыр ойлы импровизатор ақын. Ақын өлеңдерінің көбі тау суындай тасқындап табан астында туған.

М. Әуезов: «Ол кезде Абай айналасындағы барлық ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз», деп Көкбайдың импровизациялық өнерін сөз етеді.

Қай ақын болмасын өзі өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік теңсіздігінен бастап, адамның жеке басындағы қасиеттерін шығармаларына арқау етеді. Көкбай ақынның шығармаларында да өзге де ақындар жырлаған замана тақырыптарын кездестіреміз. Көкбай Жанатайұлы шығармаларының негізгі кейіпкерлері замандастары, туыс — жақындары мен ауылдастары, бір сөзбен айтар болсақ өз ортасы.

Ақын өлеңдерінен ру басы жуандарды, ел ұйтқысын бұзған болыстарды, тілі мен жағына сүйенген теріс пиғылды арамзаларды өлтіре сынағанын көруімізге болады. Осы орайда, ақынның «Дүтбайға» деген өлеңі нақты мысал бола алады.

Жезі не, мойнындағы қарғысы ма?!

Әлде бұл көптің берген алғысы ма?

Сұм билер бұл қылығын қоймағанда,

Сөзсіз — ақ ұшырар ер қарғысына.

Би деген кешегі өткен дәуірдегі,

Ел сүйіп би қойған соң дәуірледі.

Сөкетсіз бас жарса  да, пара алса да,

Заманы сондайға да тәуелді еді.

Ендігі шолақ етік, шолтиған би,

Знак, шенге сатып малынған би.

Ұрлыққа түнде аттанып, күндіз сөйлеп,

Пара жеп, қарны шығып томпиған би.

Көкбай кешегі дау — дамайдағы таразы басын тең ұстаған билер мен бүгінгі күндегі айтқан сөздерінде ешқандай әділдік жоқ, парақор билерді салыстыра жырлайды. Сонымен қатар, ақын өлеңдегі әрбір кейіпкерлердің мінезі мен іс — әрекетін ақтара суреттеу арқылы, бүкіл заман шындығын шебер көрсетеді.

Көкбай ақын көтерген мәселелер сан алуан. Олар — елдің береке бірлігі, заман, ата — мекен, елді, жерді қорғау, халыққа қызмет ететін ерлерді дәріптеу, адам бойындағы жарамсыз қасиет, дағдыны сынау және имани жырлар. Осындай үлкен тақырыптардың бірі — надандық.

Абай ақын шәкірттерінің қай қайсысы болмасын барлығы да ағартушылық бағытты өз шығармаларының негізі, басты тақырыбы етіп алады. Көкбай ғылым — білімді сөз жүзінде қолданып қоймады, оны іс жүзінде қазақ елінің болашағы, ел ертеңі жастардың бойына сіңіруші.

Көкбай «Шәкірт сөзі» атты өлеңінде:

Абайдан сабақ алдым бала жастан,

Адам жоқ ойға терең онан асқан.

Алды пейіш, артына ырыс болсын,

Мен оның шәкірті едім ізін басқан, — деп

өзінің де ең алғаш ұстазы Абайдан білім алғанын және өзін Абайдың шәкірті екендігін айтады. Өнер мен білімнің қасиетін қадірлемей, надан қалпында, бір күндік өтірік пен өсекке, жалқаулық пен құр мақтанға бой ұрған жігерсіз жастарды «Салдарға» деген өлеңінде:

Сал әуре, қыз — келіншек басын сүйеп,

Үкіден бастарына таққан шені.

Оқу мен өнер, білім жұмысы жоқ,

Сергелдең серіліктің бар ма жөні — десе,

енді бірде, ертеңгі болашағын ойлаған Көкбай ақын келер ұқпақ жастарға:

Жас күнде оқу оқып, білім алсаң,

Таусылмас қазынаның болар кені, —

деп келер ұқпаққа жол сілтейді.

Жалпы, Көкбай Жанатайұлы өзі өмір сүріп отырған замандағы озбырлық әрекеттерге қатты толғанады. Себебі, әр ақынды айналасындағы толып жатқан ұрлық — қарлық, қулық — сұмдық, алаяқтық пен айуандық сияқты үлкенді — кішілі мәселелердің толғандырмай қоймайтыны шындық. Яғни, әділ, тура биліктің құны кетіп, шындық пен адалдықтың аяқ асты болуы, заман өзгеріп, жаңа дүниеден қайыр болар деген кезде, ол заман сотының да момынды сорып жатқан әділетсіздіктері турашыл, шындықты жаны сүйетін ақынның ызасына түсіп, қолына қалам алуына себепші болады.

Көкбай Жанатайұлы заманы өткен дәуірдің ақындарындай емес, керісінше ертеңгі күнге  көз жүгіртіп, болашаққа үміт көзімен қарайтын заман еді.

Көкбай Жанатайұлы өлеңдерінде заман сыры, өмір мәні, дін — шариғат жолы, уақыт заңдары, оқу мен өнердің пайдасы сияқты сан алуан тақырыптарға  аз да болса қалам тербеген. Жергілікті би — болыстардың, атқамінерлердің екіжүзділігін, арамдығын, ел ұйытқысын бұзар теріс пиғылдарын дәл ұстазы Абай тәрізді өткір сатирамен түйреп өткен. Ақын өлеңдерінде шен құмарлық, сараңдық, пәлеқұмарлық, қызғаншақтық пен екіжүзділік сияқты ел ішінен кездесетін қиғаш қасиеттер ащы сынға алынған Әлеумет мәселелері өзек еткен шығармаларында ел ортасынан көп көрініс тапқан әлсізге тізесін батырған зорлық — зомбылық, билік күшін өз пайдасына жұмсаған әділетсіздік, билік үшін ырылдасқан мансапқорлық, жалақорлық секілді ел болашағына қараңғы түсіретін кереғарлықтарды ашып көрсетеді. Ақын тек өз ауылдастарының, замандастарының, ел ішінде кездесетін келеңсіздіктерді құр сынаумен ғана емес, оларды бұндай қасиеттерден, әдеттерден арылуға, адамгершілікке, парасаттылыққа шақырушы. Көкбай адамгершілік қасиеттерді әрі уағыздаушы, әрі оны бағыт ретінде көрсете білуші. Яғни, ақынның басты мақсаты — кереғарлықты түзету, кемшіліктерді жою. Біз бұдан ақын өлеңдерінің негізгі түп — төркінінде, негізінде де осы мақсаттардың жатқандығын аңғарамыз. Бұл ұстазы Абайдан үйренген ізгі қасиеттерінің бірі еді.

Қорыта келгенде, Көкбай ақынның қазақ әдебиетіндегі алатын орны өте зор. Суреткер өзіне дәуір артқан, тарих жүктеген міндетін мейлінше терең түсінген. Басқа еңбектерін айтпағанның өзінде, бір ғана  Абай ақынның даналығын өле -өлгенше жырлауының өзі Көкбай Жанатайұлының есімін мәңгілікке қалдырмақ.

КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫНЫҢ ИМАНИ ӨЛЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫНЫҢ ИМАНИ ӨЛЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫНЫҢ ИМАНИ ӨЛЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

Әдебиеттер:

  1. Абылқасымов Б. Көкбай Жанатайұлы. — Алматы: Ғылым, 1988 ж. — 252 б.
  2. Қирабаев С. Абайтанудың кезектегі міндеттері туралы. — Алматы:

Ғылым,1994 ж. — 337 б.

  1. Әуезов М. Абайдың ақындық айналасы. – Алматы: Ғылым,1967 ж. — 391 б.
  2. Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. — Алматы: Ғылым, 1988 ж. — 368 б.
  3. Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. – Алматы: Атамұра. 1995 ж. — 208 б.
  4. Мұхамедханов Қ. Абайдың әдебиет мектебі // Екпінді. 1945 ж. 23,25,26,29,30 қыркүйек,;
  5. Қарамендин С. Көкбай ақын // Жұлдыз. 1981 ж. №5.

Ерік Омарғалиев,
Семейдің облыстық тарихи – өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

20 часов бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

20 часов бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

20 часов бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

2 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

3 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

3 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

3 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

3 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС