"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ВОЛОНТЕР – ЕЛДІҢ ШЫНАЙЫ ПАТРИОТЫ

06.04.2023
ВОЛОНТЕР – ЕЛДІҢ ШЫНАЙЫ ПАТРИОТЫ
160
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қайырымдылық — қазақ халқының қанында бар қасиет.  Жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған ата-бабаларымыз көмекке мұқтаж жанға жәрдем беруді сауап санаған. Бір қуанарлығы, осы ізгі іс бүгін де жалғасын табуда. Оған шынайы ниетімен жақсылық жасау жолында жүрген еріктілер дәлел. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды»,- деген еді 2020 жылы Волонтерлер жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде. Бүгінгі күні Абай облысында да мыңнан астам жас волонтер болып жүр. Олардың мақсаты не, жоспары қандай? Саны мен сапасы сәйкес келе ме? Осы сұрақтар төңірегінде Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының маманы Талшын Жаманқұловамен әңгімелескен едік.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

40 шақты ерікті ұйым бар

 

Абай облысы бойынша 40 шақты ерікті ұйым бар. Әрқайсысы жеке-жеке ұйым болғанымен, мақсаттары бір. Еріктілер қарттар мен жетімдерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, апат құрбандары мен өзге де көмекке мұқтаж қоғам мүшелеріне жәрдем береді.

— Бүгінде облысымызда мыңнан астам жастың басын біріктерген 40 шақты ұйым бар. Бұл волонтерлік ұйымдардың негізгі бағыты — ерікті түрде қоғамның дамуына үлес қосу,  қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік жобаларға атсалысу. Қаламыздағы еріктілер ұйымдары көптеген игі шараларды ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмегін тигізіп келеді. Дәстүрлі түрде балалар үйіне, қарттар үйіне барып, мерекелік концерт қойып болмаса жәрмеңке ұйымдастырып, одан түскен қаржыны сол мекемелерге береді,- дейді Талшын Жаманқұлова.

Айтуынша, алдағы уақытта да  мұндай шаралар жалғасын таба бермек. Сондай-ақ Семей қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін арнайы сенбіліктер, акциялар ұйымдастырылады. Жалпы, Жастар орталығының әр өткізген іс-шарасында волонтерлердің үлесі зор. . Өз еріктерімен игі істерге бастамашы боп жүрген жастар — қоғамның тірегі.

ВОЛОНТЕР – ЕЛДІҢ ШЫНАЙЫ ПАТРИОТЫ

«Мейірім» мен «Қолдау»

Қаладағы жоғары оқу орындарының барлығында дерлік еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Олар көбінесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты қарияларға көмек көрсетеді, мәдени-сауықтық кештерді ұйымдастыруға атсалысады. Волонтерлер игі іске қол созуға әр кез дайын. М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Мейірім» еріктілер ұйымының көшбасшысы болып жүрген 17 жасар Мадина Тұрлыбаева «ерікті болу – жүрек қалауы» дейді.

— Біздің ұйым 2018 жылы құрылды, бүгінде қатарымызда 80-ге жуық ерікті бар. Бәрі өзіммен қатарлас жастар. Тек колледж көлемінде ғана емес, сонымен бірге қаламыздағы басқа да оқу орындарының волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жүргіземіз. Жастар ресурстық орталығымен бірге балалар үйі, қарттар үйі, зағип жандар орталығы, кәмелеттік жасқа толмаған балалар үйлерімен  тығыз байланыстамыз,- дейді Мадина Мәдиқызы.

Алайда, Мадинаның ойынша, бүгінгі қазақ қоғамы еріктілер жайлы, олардың қызметі туралы әлі де жете білмейтін сияқты. Жоғарыда атап өткендей, өз еркімен қайырымдылық жасап, әлеуметтің әлеуетін көтеруге өз үлестерін қосып жүрген еріктілердің жұмысын міндет ретінде қарайтын жандар да бар екен.

— Қоғамда еріктілерді тек мәдени шараларада бірдей жейде киіп, ұрандатып жанкүйер болатын жастар деп білетіндер аз емес. Яғни, ерікті деген сөздің аясы тар. Бірақ біздің мақсат ол емес. Біз кезінде «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған» ата-бабамыздың ізгі жолын жалғап, мұқтаж жандардың сәл де болса көмегеніне жарап, қайырымдылық жасауға ұмтылған жастармыз. Кейде көмек көрсетуге барған отбасылар  орынсыз талап қойып, міндет артып жатады. Біз түсіністікпен қарап, шама-шарқымыз жеткенше қолдап, көмек көрсетеміз. Алайда ауыр сөздер естіп қайтатын сәттер де болады. Бірақ оған мойымаймыз. Бастысы, ісіміздің нәтижесі, жүйелі жүргізілгені,- дейді.

«Мейірім» еріктілер ұйымы бірқатар республикалық деңгейдегі форумдарға, жиындарға қатысыпты. Тіпті «Ашық жүрек» халықаралық волонтерлер слетіне қатысып, 3-ші орынға ие болған екен. Мейірімдіктер  4 баланың еміне қаржы жинау үшін қайырымдылық қорын ашып, шет елде ем алуларына жәрдемдесіпті. Ұйымдағы 18-ге толған жастар қан тапсыру орталығында қан тапсырып, адамдардың өмірін сақтап қалуға да атсалысады екен.

Ал Шәкәрім университетінің «Қолдау» еріктілер ұйымы 100-ден аса студенттің басын қосып отыр.  Бұл ұйым көбінде медиаволонтерлік бағытта  жұмыс жүргізеді.

— Ұйымның  мақсаты — қай жағынан болса да қолдауға зәру жандарға демеу болу. Бүгінде 12 бағыт бойынша жұмыс жүргіземіз. Соның ішінде ең жақсы дамығаны — медиаволонтерлік бағыт. Мұнда біз әлеуметтік роликтер түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаймыз. Мақсатымыз — адамдардың қайырымдылық, жақсылық жасауға деген ынтасын ояту. Ерікті болудың не екенін көрсету.

Сонымен қатар құзырлы органдардан жалғыз басты қариялардың тізімін алып, олардың үйінің ауласын тазалап береміз, азық-түлікпен де көмектесеміз. Көпшілік еріктілерді қайырымдылық іс-шаралармен айналысатын қомақты қаражаты бар азаматтар деп біледі. Бірақ қайырымдылық жасау үшін бай болу шарт емес. Ең бастысы, жақсылық жасауға шын ниетімен дайын болғаны, — дейді ұйым басшысы Әнуар Махсұтханов.

 

Ерікті болу ермек пе?

Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің қазақ қоғамы ерікті болу жастардың ғана жұмысы деп біледі. Еріккен адамның ермегі деп те қарайтындар бар. Ал Батыс елдерінде мектеп жасындағы баладан бастап  қарттарға дейін волонтер болып жұмыс істейді. Мысалы, Германияда 2 миллионнан астам адам ерікті ретінде тіркелген. Тіпті «әлеуметтік жыл» деген заң бар. Яғни орта мектепті бітірген жас 1 жыл бойы қоғамдық жұмыстармен айналысып, ерікті бола алады. Бұл болашақта өзіңнің икемің бар, қалауың болған жұмысты табуға көмектеседі. Елдегі еріктілердің 15 пайызы — зейнеткерлер, ал жартысынан көбі — жұмыссыздар. Жастардың волонтер болудағы басты мақсаты — әрі қарай жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу.

Ал Францияда ересек тұрғындардың 19 пайызы өмірінде кем дегенде бір рет волонтерлік қызметке қатысқан. Олардың 60 пайызы айына 20 сағаттан астам уақытын бөлетін волонтерлік жұмысқа тұрақты түрде қатысады.

Ирландияда халықтың шамамен 33 пайызы — еріктілер. Волонтерлік қызметке бөлінген уақыттың жалпы көлемі жылына 96 454 жұмыс сағатына тең. Халықтың 72 пайызы ақы төленетін қызметкерлер ешқашан істей алмайтын нәрсені еріктілер жасайды деп санайды.

Еуропада ерікті болып жүрген егде жастағы  адамдар аз емес. Біздің мемлекетте волонтерлікпен көбінесе студенттер мен оқушылар айналысады. Сондықтан да жастардың ісі деп қараймыз. Алайда жақсылық жасау жас талғамайды. Тек шын ниет болса жеткілікті.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

9 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

9 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС