"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ

06.04.2023
КЕДЕРГІСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БАСТЫ МІНДЕТ
99
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елімізде мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Әсіресе әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, ғимараттарды бейімдеудің маңызы зор. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында Абай облысында да нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде облысымызда  24 272  мүмкіндігі шектеулі жан бар. «АMANAT» партиясының  мүгедектігі бар адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы шеңберінде Абай облысы бойынша «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 1213  нысанды бейімдеу жоспарланған: 2021 жылы – 134 нысан, 2022 жылы – 111 нысан, 2023 жылы – 105 нысан, 2024 жылы – 36 нысан, 2025 жылы — 44 нысан.

Жол картасының іс-шараларын іске асыру үшін мониторинг тобы құрылып, тиісті жұмыстар жүргізуде. INVA.GOV.KZ сайтында   облыс бойынша  1241 нысан тіркелсе, оның ішінде 255 нысан толық бейімделген.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнайы әлеуметтік көмек көрсетулер туралы» Заңдардың сақталуына бақылау жүргізу болып табылады. Осы бағыттағы іс-шаралар объектілерге бару арқылы профилактикалық бақылау немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу арқылы өткізіледі.

Айта кетерлігі, мониторинг топтары тарапынан берілген ұсыныстар орындалмаған жағдайда, яғни бұзушылықтар жойылмаса, жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізу үшін арнайы хат жазу арқылы департаментке жүгінеді. Департамент мамандары келіп түскен өтініштерге сәйкес бұзушылықтарды орындамаған объектілерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, нәтижесінде ҚР Әкімшілік кұқық-бұзушылық туралы кодексінің 83-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылданады. Аталған Кодекстің 83-бабы бойынша, яғни мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне және мәдени ойын-сауық іс-шараларына қолжетімділігі қамтамасыз етілмесе, лауазымды  тұлғаларға — елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Облысымыздағы әрбір мемлекеттік ұйым немесе кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар өздерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында мүгедектігі бар тұлғалардың нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ететін болса, яғни толығымен жағдай жасаса, келешекте мүгедектігі бар адамдар үшін «кедергісіз орта» қалыптасары сөзсіз.

А.ЕРЕМБАЕВА,
Еңбек және әлеуметтік корғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысы

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

06.02.2025
Абай облысында теміржол инфрақұрылымын дамыту: жаңа бағыттар, вокзалдарды қайта жаңғырту және халықаралық жобалар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Аида Балаева қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің отбасына көңіл айтты

44 минуты бұрын

Абайлық балуан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2025» турнирінде күміс еншіледі

3 часа бұрын

Мақаншы құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру көлігі мен дрон берілді

3 часа бұрын

Абай облысында 151 мың гектарға жуық жер қайта алынды: әкім аудандарға қатаң тапсырма берді

3 часа бұрын

Абай облысында кадрлық тұрақтылық пен мектеп асханаларына бақылау күшейеді

3 часа бұрын

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды

6 часов бұрын

Президент тапсырмасы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын барынша азайту бағытында шаралар қабылдауда

4 дня бұрын

Қазақстанның ұлттық резервтері 64 миллиард долларға жетті – Бейсенбаев

4 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді»

4 дня бұрын

Сәрсенғалиев: «Әскердегі қайғылы оқиғаларды тоқтататын нақты тетік керек» — ІІМ-ге сауал

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС