"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАҒЫЛЫМ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ

15.04.2023
ТАҒЫЛЫМ ЖӘНЕ САБАҚТАСТЫҚ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында Әлихан Бөкейхан университетінің ұйымдастыруымен, білім ордасының  25 жылдығына орай,   «Әлихан оқулары – 2023. Алаш мұрасы: тағылым және сабақтастық» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.

Зарина КӘП,

«Семей таңы»

Конференцияның пленаралық мәжілісіне Қазақстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Жапония елдерінің жетекші ғалымдары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Абай облысы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар, білім беру және мәдениет салаларының мамандары қатысты.

Алғашқы сөз Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековке берілді.

— Қазақ халқының азаттығы үшін күресіп, ұлт үшін құрбан болған кешегі Алаш азаматтарын білу бүгінгі ұрпақтың парызы деп білемін. Алаш арыстарының басын біріктіріп, «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген кешегі Әлиханның есімі ұлықталуы тиіс. Осы орайда бабамыздың аты өшпес үшін тер төгіп келе жатқан Әлихан Бөкейхан университетінің ұжымын облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың атынан құттықтап, бүгінгі конференция жұмысына сәттілік тілеймін,- деді Шалқар Заманбекұлы.

Конференцияда сондай-ақ  елімізге белгілі алаштанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері М.Қойгелдиев, Е.Сыдықов, Д.Сүлейменова, Е.Сайлаубай, А.Еспенбетов, Т.Шаңбай, Ж.Әубәкір, А.Байдалы және шет елдің ғалымдары Г.Құрманғалиева-Ерджиласун (Түркия), В.Козодой (Ресей), Уяма Томохиконың (Жапония) баяндамалары тыңдалды.

Конференция жұмысына ғалымдар онлайн және офлайн форматында қатысты. Ал Түркия мемлекетінің Анкара қаласындағы Хаджы-Байрам университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Гүлжанат Құрманғалиева бұл жиынға арнайы келіпті.

— Бүгін Әлихан Бөкейхан университетінде маңызды іс-шара өтіп жатыр. Дәстүрлі түрде өтетін ғылыми конференцияға Түркия елінен арнайы келдім. Біз алаштану мәселесін қанша жылдан бері көтеріп келе жатсақ та, ашылмаған сырлары әлі де өте көп. Өзім Батыс елдерінде Алаш қозғалысы қалай зерттелгендігі туралы баяндама жасадым. Біз тәуелсіздік алғанға дейін Алаш зиялыларының атын атауға, еңбектерін оқуға тыйым салынған кезде, шет елде зерттеулер жалғасып жатқан. 1937 жылы біздің зиялыларымыз ату жазасына кесіліп жатқанда, Германияда олар туралы еңбектер басылып шыққан.  Сол кезеңдегі мақалаларды тауып, зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Бұл тақырып Германияда ғана емес, Англия, АҚШ, Франция, Түркия, Пәкістан сынды елдерде де зерттелген. Бүгінгі күні өз мемлекетімізде де есімдерін ұлықтап, тарих беттеріне шығарудамыз. Бұл — үлкен қуаныш деді,- Хаджы-Байрам университетінің профессоры Гүлжанат Құрманғалиева–Ерджиласун.

Пленаралық отырыс барысында Анкара қаласындағы Хаджы-Байрам университеті мен Әлихан Бөкейхан университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында екі оқу орны білім беру және ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесе жүзеге асыратын болады.

Конференцияға қатысушы ғалымдар Әлихан Бөкейхан және Алаш қозғалысына байланысты жаңа деректер мен ізденістерді ортаға салып, алаш қайраткерлерінің әдеби және тілдік мұрасы жөнінде ой-пікірлерні ортаға салды.

Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Қазақстан Суретшілер одағының және Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, суретші-кескіндемеші Алмас Сырғабаевтың «Алаштың Әлиханы» атты композициялық топтамасының тұсаукесер рәсімі өтті. Университеттің «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Еркін Ерланұлының «Әлихан туралы естеліктер» жинағы мен «Әлихан Бөкейхан» фотоальбомының да тұсауы кесілді. Бұл топтама Әлихан Бөкейхан университетінің тапсырысымен оқу орнының 25 жылдығына арнайы дайындалыпты.

Іс-шара соңында конференцияға қатысушылар мен қала тұрғындары назарына университет кампусында Әміре Қашаубаев атындағы филармония әртістері мен студенттері дайындағын «Наурыз Думан — 2023» мерекелік бағдарламасы ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

13.10.2026
Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Креативті индустрия» бағыты бойынша жеңімпазы Асхат Қуандықұлы Мұханов балаларға қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын ойын және мультфильм...

Толығырақ...Details

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

15 часов бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

15 часов бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

2 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

2 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

5 дней бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

6 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

6 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

7 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС