"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ғани Бейсембаев: БІЛІМ САЛАСЫН КҮРДЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

23.05.2023
Ғани Бейсембаев: БІЛІМ САЛАСЫН КҮРДЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР
153
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласына жұмыс сапарымен ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келіп, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж ғимаратында облыс педагогтерімен кездесті.  Кездесуге сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Р.Тоқбергенов, Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, Абай облысы білім басқармасының басшысы Н. Ахметқалиев, білім бөлімдері басшылары, мектеп директорлары, бас бухгалтерлер және педагогтер қатысты. Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы Ернұр Дәуенов тікелей эфирде қосылып, баяндама жасады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Жиын барысында алдымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Р.Тоқбергенов, Абай облысы білім басқармасының басшысы Н.Ахметқалиев баяндама жасап, облыстың білім саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтып өтті.

— Білім саласының қаржысы облыс бюджетінің 39,4 пайызын қамтиды. Білім мекемелерінің 2019-2021 жылдар аралығындағы қаржысына құзырлы органдар тарапынан сыртқы талдау жүргізілді. Бірқатар мекемелер бойынша негізсіз аударымдар жасау фактілері анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілді, 15-не қылмыстық іс тіркелді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, алдын алу бойынша білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Тәуекелдердің алдын алу бойынша» іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Орындалуы бойынша облыс әкімі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабарланып отыратын болады,- деді Н.Ахметқалиев.

Басқарма басшысының айтуынша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті мен білім басқармасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы негізінде, 2020-2023 жылдарды қоса алғанда, білім беру ұйымдарының  қаржы-шаруашылық жұмыстарына 2023 жылдың 26 сәуірінен бастап талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Аталған заң бұзушылықтардың барлығы мектеп басшыларының өз қызметіне, қол қою құқығы бар электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану талаптарына немқұрайлық танытуынан, есепші мамандардың мектеп басшысы мен өздерінің электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалануынан орын алып отыр. Білім бөлімдерінің мектептердің қаржысына бақылауды әлсіретіп, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағаламауынан есепші мамандар бюджеттен бөлінген қаржыға өз бетінше негізсіз төлемдер жүргізіп, қаржыны заңсыз жұмсаған,- деді Н.Ахметқалиев.

Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандарда көшпелі жиналыстар ұйымдастырылып, ZOOM платформасы арқылы барлық білім мекемелерінің басшыларына, аудандық білім бөлімдерінің қаржы бойынша мамандарына кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Кездесуге тікелей эфир арқылы қосылған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы  Е.Дәуенов те білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар салаларды атап өтті. Педагогтерді жұмысқа тек конкурс арқылы қабылдау туралы №57 бұйрық күшіне енгенімен, бұл ереже әрдайым сақтала бермейді.

— 2022 жылдың қорытындысы бойынша, сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің сараптамасына сәйкес, 3855 педагогтің 1423-і конкурссыз қабылданған немесе конкурс өткізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген. Яғни, мектеп басшылары конкурс ережесіне сәйкес келмесе де бұрынғы жүйемен «өзінің адамдарын» жұмысқа қабылдаған,- деді Е.Дәуенов.

Баяндамалардан соң Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы өзгерістермен таныстырып, алдағы жоспарлар туралы айтты.

— Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы барлық заңнамалық актілерге талдау жүргізді. Екі ай бойы сарапшы топтар осы бағытта жұмыс істеп, өзгертуге тиіс тұстарды сараптады. Бірінші – ротация мәселесі. Мектеп директорларының бір орнында ұзақ уақыт отыруы дұрыс емес. Бір кездегі мектеп директоры ретінде айтарым, мектеп басшысы 3-5 жылда сол білім ордасына өзгерістері мен жаңашылдықтарын толықтай енгізіп болады. Әзірге бұл мерзімді 7 жыл деп белгілеп отырмыз. Болашақта қайта қарастырамыз. «Мүмкін, мектеп директоры қызметіне екі реттен артық тағайындамау керек шығар» деген де ұсыныстар бар.  Әрі қарай білім бөліміне, басқармаға, министрлікке дейін жоғарылауына болады. Мансабы әрі қарай өспесе, қарапайым мұғалім болып қызмет етуі керек, — деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрі «Алтын белгіге» үміткерлердің білім сапасына емес, атаққа көбірек қызығатынын да атап өтті.

—  Бұл жерде білім мекемелерінің ғана емес, ата-аналар қауымдастығының да рөлі бар. «Алтын белгі» оқушының шынайы білімінің емес, ата-аналардың мақтанышының белгісіне айналып барады. Мысалы, былтыр үміткерлер саны 12 мыңға жеткен. Бұны тоқтату үшін министрлік «Алтын белгі» үміткерлерінің Назарбаев Зияткерлік мектептерінде математикадан емтихан тапсыруы туралы» шешім шығарды.  Осылайша, 12 мың үміткерден 4 мыңы ғана қалды. Егер шынайы білім болса, олардың саны неге мұншалықты азайды деген сауал туындайды,- деді Ғани Бейсембаев.

Министр сонымен қатар мектептердегі жөндеу жұмыстарына, сыныптың қажеттіліктеріне, мұғалімдерге сыйлық алуға арнап қаржы жинауға тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салды. Мұндай жағдайлар орын алса, 7 млн теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылғанын жеткізді.

— Мұғалімдерді аттестациядан өткізу де сыбайлас жемқорлықтың ұясына айналып барады. Мұғалімдердің өздері де бұл мәселені ақшамен шешуді  ойлайтын болған. Ондай ұстаздар мектепте жұмыс істемеуі керек. Аттестация мұғалімді күйзеліске түсіру үшін емес, оның еңбегі мен тәжірибесін лайықты бағалау үшін ұйымдастырылады. Болашақта мұғалімнің еш алаңдамай, оқушыларға сапалы білім беруі жолында жұмыс істейміз. Бір рет аттестациядан өтіп, өзін көрсеткен ұстаздың бес жыл сайын білімін дәлелдеуі керек емес. Сондай-ақ педагогика әдістемесінен тест тапсыру да қажетсіз деген ұсыныстар айтылуда. Бұл мәселелерді қарастырудамыз. Күрделі өзгерістер күтілуде, — деді Ғ.Бейсембаев.

— Жалған диплом жасатқандар, жемқорлыққа жол бергендер білім саласынан аластатылуы тиіс. Осыған байланысты сапаны қамтамасыз ету комитетіне тапсырма берілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп арнайы база қалыптастырылып, осындай мәселемен бір рет көзге түсіп, кінәсі дәлелденгендер  ортақ базаға енгізіледі. Сол арқылы бұдан бұлай білім мекемелерінің есігі олар үшін жабылады,- деді Ғ. Бейсембаев.

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

17 часов бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

18 часов бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

4 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС