"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

20.10.2014
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жылдар бойы коммуналдық қызметтерге қарыздарын бермей жүрген борышкерлермен үздіксіз жұмыс жүргізіліп келеді. Қазір жеке тұлғаларды былай қойғанда, кәсіпорындардың салғырттығы алаңдатарлық жайт.  «Семей — Водоканал» МКК директоры Еркен Сағындықовтың айтуынша, кәсіпорынның энергетиктерге берешегі салдарынан жеке насостық станцияларға энергия беруге шектеу қойылған. Бұл өз кезегінде 60 көпқабатты үйлерге қажетті мөлшерде су беруге кедергі келтіруде. Ал бұл сан алдағы уақытта тағы да өсуі мүмкін.

Бүгінгі күні «Семей-Водоканал» коммуналдық мекемесінің «Шығысэнерготрейд» мекемесі алдындағы қарызы 151 миллион теңгені құрайды. Ал бұл, өз кезегінде 60 көпқабатты үйге қызмет көрсететін 20 насосты өшіруге алып келген. «Семей-Водоканал» МКК директоры Еркен Сағындықовтың сөзіне сүйенсек, туындап отырған мәселенің бірден-бір себебі заңды және жеке тұлғалардың қордаланып қалған дебиторлық берешектері болып отыр.

— Тұрғындардың қарызы 113 миллион теңгені құрайды. Оның 24 миллионы күдер үзілген қаражат. Заңды тұлғалардың берешектері де шаш етектен. Бір ғана «Жылукоммунэнерго» МКК берешегі 152 миллион теңгеге жетті, — дейді Е.Сағындықов.

Бүгінгі күні кәсіпорын шамамен 89 мың абонентке қызмет көрсетеді. Қызметтің тарифі өлшегіш құрылғылар көрсеткіші арқылы анықталса, есептегіші жоқ тұтынушылар бекітілген норма бойынша төлем жасайды.

 

{jcomments on}- Басқа коммуналдық қызмет түрлеріне қарағанда суға деген тариф айтарлықтай төмен деуге болады. Бір мың литр су бар болғаны 25 теңге тұрады. Алайда қазір бізде ең қомақты қарыз жиналып отыр. Бір абонентке 60 мың теңге қарыздан келеді. Бір қуантарлығы бізде мұндай қарызы барлар аса көп емес. Бар болғаны шамамен 600 абонентті құрайды, — деп түсіндірді «Семей-Водоканал» МКК директоры.

 

Қаржылай туындап отырған қиындықтар жалпы кәсіпорынның қызметіне кері әсер етуде дейді   Еркен Сағындықов. Оның айтуынша, осының салдарынан жұмысшылардың жалақысы мен салық төлемдері кешігуде. Ескірген қондырғыларды модернизациялау бойынша туындаған мәселені де атап өтуіміз керек.

— Бүгінгі күні желілердің мөлшері 80 пайызы тоз-ған және жөндеуді қажет етеді. Қаржы тапшылығы оларды модернизациялау бойынша атқарылатын жоспарлы жұмыстарға кері әсерін тигізуде, — дейді «Семей-Водоканал» МКК директоры.

Борышкерлермен жұмыс әрдайым жүргізіліп келеді. Соңғы уақытта олармен сот орындаушылар арқылы жұмыстар атқарылды. Алайда жақында кәсіпорын арнайы қондырғы сатып алған. Ол төлем жасауға салғырт қарайтындарды кәріз жүйесінен ажыратуға мүмкіндік береді екен.

 

— Біз кәріз жүйесін қолданушыларға қызмет көрсету бойынша жекелей ажыратуды жүргіземіз. Мұндай шараларды қазір 80 абонентке қолдануға мәжбүр болдық. Айта кету керек, осындай әдіс нәтижесін берді. Қазір 50-ден астам пәтер өздерінің қарыздарын төледі, — дейді Е.Сағындықов.

Кәсіпорын заңды тұлғалармен де жұмысты қар-қынды түрде жүргізуде. Ең ірі тұтынушы «Жылукоммунэнерго» МКК саналады. Бұл мекеме жалпы өнімнің 30 пайызын пайдаланады екен. Алайда, оларда әлі де қомақты қарыз сақталып отыр.  Бұл мөлшері 152 миллион теңгені құрайды.

— Егер «Жылукоммунэнерго» алдымыздағы берешектерін толық жапқанда, біз энергетикалық компания алдындағы берешектерімізді толықтай жаба алатын едік. Алайда, жылу берушілер берешектерін қайтара алмауда, өйткені, тұрғындардың өздері оларға миллиондап қарыз болып отыр. Түптеп келгенде бар қиындық қарыздарын төлегілері келмейтін жауапсыздық танытатын тұрғындардан туындап отыр, — дейді Е.Сағындықов.

Коммуналдық қызметтер арасында туындап отырған осындай күрделі мәселе бір-біріне берешек кәсіпорындарды қиындыққа ұшыратуда. Нақтырақ айтатын болсақ, тұрғындардың  «Жылукоммунэнерго» мекемесі алдындағы дебиторлық қарызы осы кәсіп-орынның «Семей-Водоканал» коммуналдық мекемесі алдында қарызға белшесінен батуға алып келді. Ал соңғысы, өз кезегінде «Шығысэнерготрейд» мекемесі алдында қомақты сомаға берешек.

Егер мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын өздерінің алдындағы борышкерлермен күресті   нақты әдіс қолдану арқылы шешіп отырса, энергетикалық компания 60 үйдің жоғарғы қабатындағы тұрғындардың барлығына қатысты шара қолданып отыр. Су беруге шектеу қою немесе оның көлемінің төмендеуі қаладағы 20 насосты өшірудің салдарынан туындап отыр.

— Бізде 52 су насосы бар, қазір оның 20-сы ажыратылған. Энергетиктер қандай насосты ажырататынын өздері біледі. Бұл насоссыз су толық негізде тек бесінші қабатқа дейін барады, — деген Е.Сағындықов, — «Семей-Водоканал» басшылығы ретінде, әрине, бірінші кезекте тұтынушылар пайдаланған қызметтері үшін төлемдерін уақтылы жасап отырса екен деймін. Оның үстіне, бір коммуналдық мекемеде туындаған қиындық басқа кәсіпорынға кесірін тигізетінін тұрғындар түсінулері керек. Ең соңында, тұрғындардың өздеріне келіп кесірін тигізіп жатады, — дейді Е.Сағындықов.

Насостардың ажыратылуына қатысты туындаған мәселе бойынша кәсіпорын бүгінгі күні энергетикалық компаниямен келіссөздер жүргізуде, ал оның нәтижесі қандай болатыны әзірге белгісіз.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

22 часа бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

22 часа бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 день бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 день бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 день бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 день бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 день бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 день бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС