"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӨЛІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ — КЕЛЕЛІ ІСТІҢ БАСТАУЫ

20.10.2014
КӨЛІК ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ — КЕЛЕЛІ ІСТІҢ БАСТАУЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров Семей қаласының Ақпараттық орталығында арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, көлік-логистикалық орталықтарының экономиканы дамытудағы рөлі, жеңіл өнеркәсіптің өркендеуінің маңыздылығы жайында жан-жақты мағлұмат берді.

Бірінші кезекте кәсіпкерлік бөлімінің басшысы өңірдің әлеуетін әлдендіріп, экономикасын жандандыруға үлес қосатын көлік-логистикалық орталықтары туралы толыққанды мағлұмат берді. Тоғыз жолдың торабында орналасқан қаламыз үшін мұндай нысандардың маңызды екені түсінікті. Марат Мұратбекұлы болашаққа жоспарланған «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығының құрылысы, маңыздылығына тоқталды. Аталмыш нысанды «Сары» базарының маңында салу көзделіп отырған көрінеді. Жалпы аумағы қырық гектар жерді қамтымақ.

— Бұл көлік-логистикалық орталық үш бөліктен тұратын болады. Жуық арада нысан салынатын жерді он жыл мерзімге жалға алу құқығын сатып алу бойынша арнайы бәссауда өткізіледі. Көлік — логистикалық орталығының құрамында үлкен қоймалар болады. Әрі автокөлік жолдары, теміржол тартылады. Инфрақұрылымдық жүйелер жүргізілетін болады. Бұл жұмыстардың барлығы үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, — деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. Сондай-ақ, ол құрылысы аяқталғаннан кейін бұл нысанда екі ауысымда мың жарымдай жұмыс орны ашылатынын атап өтті. Марат Нүгеров көлік-логистикалық орталығының функционалдық қызметіне «қойма операцияларын» жүзеге асыру кіретінін жеткізді. Мәселен, қала аумағына келген азық-түлік болсын, өнімдердің басқа түрлері болсын осы нысанда қатталып, реттеліп, өңделіп, бөлініп тапсырыс берген фирмаларға жіберіліп отырмақ. Сондай-ақ, қаламыз арқылы өтетін транзиттік тауарды да осы көлік-логистикалық орталығында сақтау көзделуде.

Әлбетте, мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін көп мөлшерде қаражат керек. Баспасөз мәслихатында бұл мәселенің де шешілгені туралы айтылды. Көлік-логистикалық орталығының құрылысына ондаған миллиард теңге инвестиция құйылады деп жоспарлануда. Нысан іске қосылып, толық қуатына енгеннен кейін, қала қазынасына түсетін салықтың да көлемі артпақ. КЛО-ның жұмыс істеуінің тиімді тұсы бір бұл ғана емес. Оның қызметіне жүгіну арқылы кәсіпкерлер өздерінің тауарларын жеке қоймаларында сақтау қажеттілігінен арылады, сәйкесінше, олардың шығындары едәуір азаяды, уақыттары үнемделеді. Баспасөз мәслихатында осы жайттарды тілге тиек ете келе, кәсіпкерлік бөлімің басшысы өз сөзін былай жалғастырды:

 

{jcomments on}-  Еуропа елдеріндегі көлік-логистикалық орталықтары жеткізіп берушінің ғана емес, тапсырыс берушінің де міндетін атқарады. «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығы да осы үлгі бойынша жұмыс істемек. Яғни аймақтағы өнімдерді тұтынуы балансын саралап, тауарларды сатып алып, дүкендерге бағыттап жіберіп отыратын болады. Сондай-ақ, біз бұл нысанда келген жүкті кедендік рәсімдеу, өңдеу, қажет болған жағдайда, тауардың ұсақ партияларына өндіруші елдің штрих-кодтарын жазу жұмыстарын жүзеге асыру мүмкіндігі болады деп көздеп отырмыз. Қазір осы жоспарымызды іске асыру жолдарын қарастырудамыз.

 

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Марат Мұратбекұлы «Әуежай» көлік-логистикалық орталығы туралы сөз етті. Қазіргі таңда құрылыс жүзеге асыруға қажетті шаралардың барлығы атқарылған көрінеді. Орналасатын жер телімі анықталып, бекітілген. Әуежайдағы ұшу-қону жолағына қатысты мәселелер жұмыстың қарқын алуына кедергі болып отыр екен. Алайда қазір ол мәселелерді шешу бойынша шаруалар атқарылып жатқан көрінеді.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы «Солтүстік» деп аталатын үшінші көлік — ло-гистикалық орталығы туралы айтып өтті. Энергетик ықшамауданының шетінде орналасқан бұл нысанның жалпы аумағы қазіргі таңда үш жарым гектарды құрап отыр. Екі жарым мың шаршы метр жерге азық-түлік өнімдерін саудалауға арналған модулі бар. Бүгінгі таңда өндірістік тауарларды сатуға арналған модульдің құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Қазір әлеуметтік құрылымды жасау үшін көлік-логис-тикалық орталығының құрамын қосымша үш гектар жерді қосып беру мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді.

Осылайша үш көлік-логистикалық орталығын іске қосу қаладағы сауда-саттықты ретке келтіруге мүмкіндік бермек. Сол арқылы ұсақ базарлар мен жүйесіз саудадан арылуға жол ашылмақ. Жалпы алғанда, Марат Нүгеровтің айтуынша, аталмыш үш нысанда мың сегіз жүзге жуық адам жұмыс істейді деп жоспарланып отырған көрінеді.

— Көлік-логистикалық орталықтарын іске қосудың экономикалық-әлеуметтік тиімділігі мұнымен шектелмейді. Атап айтқанда, көршілес мемлекеттермен сауда-саттық деңгейі артады деп күтілуде. Сырттан келетін және сырттан шығарылатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету саласы дамиды деп ойлаймыз. Сондай-ақ, көлік-логистикалық орталықтардың ашылуы өнімдерді сертификаттау, санитарлық — эпидемиологиялық сараптамадан өткізу, экспорт-импорт келісім шарттарына, сертификаттарға сараптама жасау, мамандандыру салаларының ілгерілеуіне жол ашпақ. Өңіріміздің инвестициялық тартымдылығы мен бизнестің даму деңгейінің жоғарылауына мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, экспорт пен импорттың көлемі артады деп күтілуде, — деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Тұтас өңірдің экономикалық тұрғыда қарыштап дамуына бір ғана салаға көңіл бөлу аздық ететіні түсінікті. Осы орайда Марат Нүгеров баспасөз мәслихатында қаламыздағы жеңіл өнеркәсіпті өрістетуге қатысты жоспарларға тоқталды.  Соның ішінде ол қала басшысы Айбек Кәрімовтің жергілікті жеңіл өнеркәсіп консорциумын құру туралы ұсынысы жайлы айтты.

— Қазіргі таңда Семейдегі былғары-мех комбинатының жұмысын жандандыру қажеттілігі туындап отыр. Міне, осы арада жаңағы айтылған консорциумның үлкен септігі тимек. Әрі оны құру арқылы  комбинаттың жұмысын ғана емес, өңіріміздің жеңіл өнеркәсібін ары қарай дамытуға мүмкіндік пайда болады. Консорциумның алдына жүн өңдеумен, былғары шикізатын өңдеумен, ветеринарлық және медициналық препараттарды өндірумен, мал тұқымын асылдандыру       бойынша сұрыптауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, микробиология, физиология, генетика бойынша зерттеулер жасаумен  айналысатын тиімді кәсіпорындар құру мақсаты қойылған. Жоспарымыз орындалып, жеңіл өнеркәсіптің екінші демі ашылатын болса, бес мыңдай жаңа жұмыс орнын ашуға, ауылшаруашылығын ары қарай өркендетудің, жергілікті халықты сапалы әрі экологиялық таза өнімдермен жүз пайыз, толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік көбейіп, бәсекеге қабілетті өнім шығарылып, кәсіпорындарымыздың экспорттық әлеуеті артып, сәйкесінше, қазынаға түсетін қаражаттың көлемі өседі деп күтілуде, — деп атап өтті баспасөз мәслихатында Марат Мұратбекұлы. Өз сөзінде ол қазіргі таңда аталмыш салаға қаржысын құюға дайын инвесторлар бар екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, Марат Нүгеров болашақта салынатын атом электр станциясының құрылысы өңіріміздің өндіріс саласын дамытуға ықпалын тигізетінін тілге тиек етті. Өнеркәсіп ошақтарын айтпағанда, тау-кен өнідірісі де қарқын ала түспек. Бұл орайда, Курчатов қаласының әкімдігіне атом электр станциясының құрылысына қажетті саналатын өңіріміздің зауыт-фабрикаларында шығарылатын өнімдердің тізімі де жіберілген екен.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

28.10.2026
Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. —...

Толығырақ...Details

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

28.10.2026
Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

Ұстаздың оқушыларға білім беруіне кедергі келтіретін басы артық жұмыстарды доғару керек. Бұл жөнінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

8 часов бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

8 часов бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

8 часов бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

8 часов бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

8 часов бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

8 часов бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

8 часов бұрын

Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан арылуы қажет – Президент

8 часов бұрын

Президент: Стратегиялық жоспарларға ұлт бірлігі және қоғамның әлеуметтік іргетасы жеткізеді

8 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС