"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Асқақтай бер, елордам!

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, БАС ҚАЛА - АСТАНА!

05.07.2023
Асқақтай бер, елордам!
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі күні əлем таныған əсем қалалардың қатарындағы Қазақстанның бас қаласы Астананың Тəуелсіздік тарихындағы орны ерекше. Тіпті Тəуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктеріміздің бірі ретінде де жұрт осы алаштың айбынды астанасын ауызға алады.

Ширек ғасырлық мерейтойында Астананың тарихына көз жүгіртсек. Қала тарихына үңілсек, 1996 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды. 1997 жылы 10 желтоқ- саннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырда қалалық мəслихаттың сессиясында депутаттар қала атауын Астанаға ауыстыру туралы бір ауыздан шешім қабылдады. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың халықаралық тұсаукесер тойы бо- лып өтті. Бұдан кейінгі кездері де Астананы қала мəртебесіне сəйкес жаңғырту жұмыстары жалғасын тапты. Елорданың төрінен қазақтың үш ұлы тұлғасы — Төле, Қазыбек жəне Əйтеке билерге ескерткіш тұрғызылып, бабалар алдындағы үлкен бір парыз орындалды. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне мəдени дамуда неғұрлым əсерлі əрі қуатты өсуге, тұрақты этносаралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша əлемнің əр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Əлемнің 15-тен астам қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып та- былады, олардың арасында Мəскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок, Рига жəне басқалары бар. 2003 жылы 23-24 қыркү- йекте Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің I съезі өтті. Оның жұмысына ис- лам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм жəне буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты. 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі осы съезд үшін арнайы салынған жаңа Бейбітшілік жəне келісім сарайы ғимаратында өтті. Екінші форум жұмы- сына бұл жолы 29 делегация қатысты. Еуразиялық экономикалық ғылым клубы 2008 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Экономика жəне бюджетті жоспарлау министрлігінің жəне экономикалық ғылыми-зерттеу институтының көмегімен құрылды. 2008 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға ен- гізілген өзгерістерге сəйкес, 6 шілде — Астана күні ретінде мемлекеттік мерекелер тізіміне енді. 2009 жылы 1-2 шілдеде Еуропа, Азия, Таяу Шығыс жəне Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің III съезі өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мəселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты əлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды. 2009 жылы қазан айында Тəуелсіздік даңғылы бойындағы еліміздің басты алаңында «Қазақ елі» монументі ашылды. 2010 жылғы шілде айында «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы ашылды. 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Еуропада, Орталық Азияда жəне Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйым — Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен Қазақстан тарапы Астанада ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастырды. 2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматы қалаларында Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті. 2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы өтті. Сол сəттен бастап Қазақстан осы халықаралық ұйымға төрағалық етуге кірісті. 2011 жылы «Мəңгілік Ел» салтанат қақпасы ашылды. Сəулет нысанының биіктігі — 20 метр. Бұл — ел Тəуелсіздігінің 20 жылдығының белгісі. 2012 жылғы 30-31 мамырда Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі өтті. IV съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға əлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO — 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болды. 2017 жылдың 9 маусымы Қазақстан тарихында алтын əріп- термен жазылады. Дəл осы күні елімізде тұңғыш рет халықаралық көрменің тұсауы кесілді. Көрменің ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы келді. EXPO2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Астанада өткізілуі — тəуелсіз Қазақстанның тарихындағы негізгі ірі жобаларының бірі. 2015 жылғы 10-11 маусым күндері Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті. Оған əлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация, БҰҰның бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі ІІ Абдалла, Финляндия Республикасының басшысы Саули Ниинисте қатысты. Осы жылдар ішінде Астанада Тəуелсіздігіміздің символдарын айшықтайтын алып та бірегей нысандар — «Бəйтерек» пен «Қазақ елі» монументте- рі бой көтерді. Халықаралық деңгейдегі алқалы іс-шараларды өткізуге арналған Тəуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік жəне келісім сарайы əлемдік маңызды мəселе- лер қаралатын, шешімдер қабылданатын орталық ретінде таныла бас- тады. Ал «Қазақстан» концерт залы, «Астана-Опера» опера жəне балет театры, «Шабыт» сарайы секілді бірегей өнер сарайлары əлемдік сəулет өнерінің озық үлгілеріне жататын ғажайып ғимараттар ретінде келушілерді тəнті етуде

Биылғы жылдың басындағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елорда халқының саны 1 млн 370 мың адамға жеткен. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, «елорда халқы жасарып келеді. Тұрғындардың орташа жасы 30 жасты құрайды. Жыл сайын 30 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Астана қаласының экономикалық белсенділігі күннен-күнге жанданып, дамып келеді. Жыл басындағы мәлімет бойынша, елорда шетел инвестициясын тарту бойынша көшбасшылар қатарында. Қаланың негізгі капиталына салынған жылдық инвестиция көлемі 1,4 трлн теңге болыпты. М а м а н д а р д ы ң айтуынша, Астанадағы арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) біртіндеп тиімділігін дәлелдеп келе жатыр. Қазір «Астана – Жаңа қала» АЭА-да 50 жоба жұмыс істеп жатыр. Нәтижесінде 5 871 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жалпы құны 63,5 млрд тең- гені құрайтын 40 жоба жүзеге асырылу кезеңінде тұр. Осыдан біраз уақыт бұ- рын Астанадағы АЭА тақырыбын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айналып өтпеген еді. Президенттің айтуынша, елорданың экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін АЭА жұмысын қайта қараған жөн болады. Соңғы 25 жыл бедерінде қала аумағы 3 есе ұлғайып, тұрғызылған үйлердің саны 19 есе көбейген. Халық саны 4 есе өсіпті. 20 жылда 20 республикалық және қалалық денсаулық сақтау нысандары, 300-ден астам балабақша мен мектеп бой көтерген. Қазіргі кезде қаланың тұрғын үй қорының көлемі 20 млн шаршы метрден асады. Жыл санап тұрғын саны да, тұтыну қуаты да өсіп келе жатқан қаланың билігі, негізінен, өңдеуші өнеркәсіпті, тамақ өндіру зауыттарын, құрылыс материалдарын, көлік және құрылғыларды, ме- дицина және фармацевтикалық бағыттағы өндірісті, тоқыма бұйымдарын дамытуға мүдделі болып отыр. Урбанизация үдерісі өте қатты жүріп жатыр. Жыл сайын Астанаға к е — лушілер саны артып келеді. Сондықтан да бизнестің қана- ты кеңге жайылып келеді. Дерек бойынша, республикадағы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 11 пайыздан астамы Астанада өндіріледі. Сондай-ақ елдің негізгі капиталына салынған инвестицияның 10 пайызы осы қалада қалыптасады. Қала экономикасының тең жартысын шағын және орта бизнес құрап тұрғаны да қуантады. Қазір оның үлесі 59 пайызға жеткен. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қаладағы ШОБ субъ- ектісінің саны 209 мыңнан асқан. «Бизнес 460 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – елордадағы экономикалық белсенді халықтың 71 пайызы. Біз кәсіпкерлерге жүйелік қолдау көрсететін бірқатар шараны қабылдадық, олар АЭА мен индустриалды парк аумағындағы жеңілдіктер, түрлі бағ- дарлама бойынша грант пен кредиттер. Сонымен қатар «Astana Invest» инвесторлары үшін фронт-кеңсе жұмыс істейді. Инженерлік желілер тартуға, қажетті инфрақұрылым құруға кө- мек көрсетіліп жатыр. «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп қосымша қолдау шараларын қарастырамыз, соның ішінде бюрократиялық кедергілерді жоюды жалғас-тырамыз»,- деді әкім. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, қаланың жалпы өңірлік өні- мі құрылымындағы ШОБ үлесі 75 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша елорда өңірлер көшін бастайды. Бизнесті қолдау мақсатында несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да жүзеге асырылады. Аталған механизм бойынша былтыр кәсіпкерлер жобасын қолдауға 19,5 млрд теңге бөлінген еді. Жалпы, 2022 жыл үшін 102,2 млрд теңге сомасына 1715 субсидиялау келісім- шартына қол қойылған. Бұдан бөлек, несиеге ішінара кепілдік беру тетігі де жұмыс істеп тұр. Өткен жылы кәсіпкерлер рәсімдеген 1 526 кредитке кепілдік ұсынылған. Мамандар 2030 жылға таман шаһар тұрғындарының саны 2 миллионға жетеді, ал 2050 жылға таман 3 миллиондық белесті бағындырады деп болжап отыр. «Астана – екі бірдей АЭА орналасқан еліміздегі жалғыз қала. Бірақ олардың қазіргі қызметтерінің қайтарымы көптеген сұрақ тудырады. Сол себепті тиімділігін арттыру үшін кешенді шаралар қабыл- дап, оларды біріктірген жөн деп есептеймін. АЭА режімі аясында қаланың сол жағалауында 400-ден астам тұрғын үй мен кеңсе тұрғызылды. Қазір тағы 200 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта құрылыс компанияларына жалпы сомасы 1,5 трлн теңгеге айтарлықтай жеңілдіктер ұсынылды. Енді АЭА жұмысын қайта бағыттап, өңдеуші өнеркәсіп, IT-сектор және жаңа технологияларды дамытуға көңіл бөлетін кез келді»,- деген еді Президент. Көз тартар бірегей келбетке ие Астанамыз — Батыс пен Шығыс мəдениетін бойына сіңіріп, Еуразия кіндігінде əлемдік өркениеттерді то- ғыстырған болашақтың қаласы.

Əлеуметтік желідегі деректер негізінде əзірленді

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

3 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

3 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

3 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

3 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

3 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС