"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?

28.07.2023
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?
225
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, АӨК және экологияны дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі Талғат Баймұрынов аймағымыздағы ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мәселелер жайлы ойын ортаға салды.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі кеңестің негізгі міндеті – отандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге көмектесу. Облыстың кәсіпкерлер палатасы жанындағы АӨК дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы Талғат Баймұрынов өңірде саланы өркендету үшін бірінші кезекте қандай мәселелерге назар аудару керектігін атап өтті.
— Бірінші кезекте бәрі қаржыландыруға келіп тіреледі. Айталық, биыл ауыл шаруашылығын дамытуға небәрі екі миллиард теңге бөлінді. Миллиардтаған қаражат бөлінсе де, нәтиже көрінбейді. Себебі бұл екі млрд теңге бір кәсіпорынға ғана берілуі керек. Мұндай азын-аулақ қаражат ештеңеге жетпейді, сондықтан ешқандай нәтиже болмайды. Жобалар әзіреп, оларды барынша қаржыландыру керек,- деді Т.Баймұрынов.
Депутаттың айтуынша, бірінші кезекте, суару жүйесіне баса назар аудару қажет. Қазақстанның климаты құбылмалы болғандықтан, егіншілік үшін қауіп-қатер жоғары. Осы қауіп-қатерді барынша азайту үшін алдымен суару жүйесі жолға қойылуы тиіс.
— Егер суару мәселесі шешілсе, егін де өседі, мал азығына да кепілдік болады, еттің де өзіндік құны түседі. Су тапшылығы ШҚО, Абай және Павлодар облыстарында, жалпы, бүкіл Қазақстанда өзекті мәселе. Ертіс – суы мол өзен. Сондықтан жағалаудан 5 шақырымға дейін барлық егістік суарылуы керек. Сонда нәтиже болады, – дейді депутат.
Кәсіпкердің айтуынша, халық денсаулығын сақтау үшін отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығы зор.
— Ресейден келетін сүт өнімдерінің 70 пайыздан астамы — контрафакт. Мұндай өнімге әктен бастап бәрін қосады. Осындай уды тұтынған бізден қандай ұрпақ туады? Болашағымыз не болады? Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігі баса назарда болуы тиіс. Тәжірибесі бар және өзін дәлелдеген отандық кәсіпорындарды 2-5 млрд теңгеге қаржыландыру керек. Олар аз уақыттың ішінде-ақ жақсы нәтиже көрсетіп, қарызын қайтарып, экономикамызға жан бітіреді. Осындай 10-15 жобаны қаржыландыру арқылы екі-үш жыл ішінде елдегі сүт мәселесін толықтай шешуге болады. Тіпті экспортқа шығуымыз мүмкін. Қаражатты созбай, жұлмаламай, кәсіпорын қызметіне араласпай, нақты көмек беру керек, – деп есептейді Талғат Баймұрынов.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі кеңес төрағасы мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа деген көзқарасты өзгертіп, назарды маңызды емес міндеттерді орындауға емес, мәселелерді шешуге аударуға шақырды.
— Мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі инерция бойынша жұмыс істейді. Тапсырма берілсе, оны есеп аясында ғана орындайды. Жақында өткен инвестициялық форумға вице-министр келді. Мен де сол жерде ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді айттым. Мемлекеттік органдарға «сұрау жіберіп, жауап алу үшін» маған форумнан кейін қалуымды өтінді. Мұндай тұжырымның өзі айтып тұр. Бұл тәсіл нағыз шенділердікі. Кәсіпкерлер хат жазып, хат жіберіп, жауап күтуге емес, мәселені нақты шешуге машықтанған,- деді Т.Баймұрынов.
Сөз соңында халық қалаулысы саланы дамытуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін жеткізді.
— Мені АӨК-ті дамыту жөніндегі кеңесті басқаруға шақырған кезде, қуана келістім. Өйткені кәсіпкерлер палатасы — белгілі бір беделге ие маңызды ұйым. Өңірлік палатмен және облыстық мәслихатпен бірлесе отырып саладағы түйткілді мәселелерді шешу үшін бір бағытта жұмыс істейтін боламыз, – деді «АКП» АӨК дамыту жөніндегі кеңестің төрағасы.
Еске салсақ, өңірлік палата жанындағы салалық кеңестер мемлекеттік органдармен тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында құрылды. Жиындар айына бір рет өткізіледі.
atameken.kz

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

8 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

8 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

8 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

8 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

9 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

10 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС