"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жаңа медициналық нысандар салынуда

06.09.2023
Жаңа медициналық нысандар салынуда
311
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту жөнінде тапсырма бергені белгілі. Биыл медицина саласын дамытуға 460 млрд теңге жоспарланып, оның 40%-ы ауыл-аймақтарға бөлінген болатын. Жалпы, тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында аз жұмыс атқарылған жоқ.  Әсіресе, пандемия кезінде елімізде медицина саласына ерекше назар аударылды.

Аймағымыздағы тұрғындар ең көп шоғырланған үлкен ауданның бірі – Үржар ауданы. Ауыл медицинасының ахуалын білу мақсатында Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасының бас дәрігері Баубек Абылқасымовпен сұхбаттасып, аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасының нығайып, мемлекеттік бағдарламалар аясында шалғай ауылдарда да медициналық қызмет сапасының артып отырғандығына көз жеткіздік.

Асылхан Садақбаев,
«Semeı tańy»

Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден  бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуынан бөлек, дәрігерлердің біліктілігі басым рөл атқарады. Ұлыбритания мемлекетінде білімін жетілдірген, Жоғарғы санатты бас дәрігер, жоғарғы санатты терапевт дәрігер, экономика ғылымдарының магистрі, Абай облысындағы шетелде білімін жетілдірген тұңғыш қазақ дәргерлерінің бірі, Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасының бас дәрігері Баубек Шайзаданұлы аурухана ұжымының халық саулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жатқанын тілге тиек етті.

-Біздің ұжымдағы дәрігерлер еңбек жолында қаншама жанды ажал аузынан арашалап жүрген майталман мамандар десем, артық айтқандығым болмас. Маман дәрігерлерден бөлек, медбикелер мен тазалықшылар жұмыс істейді. Олар ауруханадағы науқастардың таза жерде уақытымен ем-дом алуына жағдай жасайды, ауруынан айығуына көмектеседі. Науқастардың жағдайын жасап қана қоймай, олардың көтеріңкі көңіл-күйде болып, сырқаттанған кезде күйзеліске түсіп кетпеуіне, ізгі ой ойлауына ықпал жасайды,- деді бас дәрігер.

Кез келген елдің ең басты байлығы – халқының денсаулығы. Сондықтан да, денсаулық сақтау саласының жағдайы қашан да Үкіметтің ерекше назарында болған. Солай болып қала бермек.  Сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді мақсат еткен «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында Үржар ауданы да тысқары қалып отырған жоқ.

Жаңа медициналық нысандар салынуда

-Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мекемелердің және сол салада қызмет атқаратын мамандардың басты мақсаты – халқының денсаулығын сақтау мен нығайту үшін қолжетімді және сапалы медициналық көмекті көрсету. Осыған орай, Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасының мамандары да өздерінің барлық білімін, күш-жігерін аямай халыққа еңбек етіп, терін төгуде. Әрі жұртшылықпен қарым-қатынасты одан әрі жеңілдетіп, аясын кеңейту мақсатында  аурухананың инстаграмм парақшасын ашып, жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс жасалынып отырады. «Дені сау ұлт» жобасы бойынша Үржар ауданында Аурухана медициналық заманауи құрал жабдықпен 87,9 пайызға жабдықталып, халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында соңғы төрт жылда КТ аппараты, ПЦР зертханасы, цифрлық маммография,  «4Д» УДЗ аппараттары, 250 литрлік кислородтық станциясы, зертханалық анализаторлар және стоматологиялық құрылғылар, R-цифрлі рентген және 2022 жылы цифрлық R-рентген/флюорография,  цифрлық маммография сияқты заманауи құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді,- деп атап өтті Баубек Абылқасымов.

Бұдан бөлек, реанимациялық іс-шараларды көрсету үшін 19 желдеткіш аппаратты мен 39 төсек жанындағы мониторлармен, 9 дефибриляторлармен,  30 дана Бобров аппаратымен, 80 дана концентратрмен, 2 балаларға арналған желдеткіш аппаратымен жабдықталып, жұрт кәдесіне жарауда.

Сонымен бірге, облыстық бюджеттен перзентхана бөлімін материалдық жабдықтау үшін 287 212 570 теңге және  Таскескен перзентхана бөлімін материалдық жабдықтауға 61 609 170 теңге қаржы қарастырылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып отыр. Сондай-ақ қажетті аппаратура және құралдармен жабдықталған физиотерапиялық, функционалды диагностика секілді қосалқы бөлімдер, атап айтқанда: функционалды диагностика бөлімінде ЭКГ, Эхокардиография, Holter ЭКГ мониторингі, қан қысымы мониторингі, өкпе желдету қуаты және тыныс алу функциясын бағалау, колоноскоп, гастроскоп, физиотерапия кабинетінде 20 түрлі аппараттар жұмыс жасап аудан тұрғындарының еміне шипа болу үшін қызмет етуде.

-Қазіргі таңда аудандық ауруханада 1 кешенді холтер мониторингі қызмет көрсетіп тұр. Бірақ бқл аздық етеді. Маусым айында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау» ұлттық орталығынан кешенді холтер мониторингі аппаратын алуға қорытынды алынып, сол күні облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 10 кешенді холтер мониторингі аппаратымен қамтамасыз етуге өтініш бердік.

Халыққа медициналық көмекпен уақытылы және сапалы қызмет көрсету үшін 46 автокөлік, оның ішінде мамандандырылған 2 автокөлік бар. Соңғы  жылдары аурухананың өз қаражат есебінен 4 автокөлік сатып алынды,- деді бас дәрігер.

Жалпы әңгіме барысында байқағанымыздай, жыл өткен сайын аурухананың  материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Үржар ауданының аудандық ауруханасының емхана бөліміне толықтай заманауи жаңарту жұмыстары жүргізіліп, жиһаздармен жабдықталып,  жылдамдығы жоғары интернет желісімен, компьютерлермен, ыстық-суық сумен қамтамасыз етілген. Соңғы төрт жылда 294-компьютер, 127-принтер, 12-ноутбук сатып алынды. 30 жылда тозығы жеткен жеделсатының орнына екі заманауи жеделсаты орнатылыпты. Үржар  ауданының орталық аудандық ауруханасының ғимараттарының және Таскескен дәрігерлік амбулаториясының шатырлары мен жылу қазандықтары, жылу трассалары толықтай ауыстырылып, аудандық аурухананың қызметкерлеріне және келушілерге арналып автотұрақ жасалынған.

Заманауи құрылғылар ауруды дер кезінде анықтап, ем тағайындауға жол ашса, заманауи үлгіде жабдықталған бөлмелер дертіне дауа іздеген жандардың көңіліне қуаныш ұялатары сөзсіз. Осы ретте жұқпалы аурулар, жан сақтау, гинекология және балалар, терапия және қабылдау бөлімдерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Қызыл-ту, Айтбай ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер мен Қазымбет, Қарамойыл, Егінсу, Теке-бұлақ, Малақ медициналық пункттерінде, Үржар №3, Жаңа-Тілек, Науалы дәрігерлік амбулаторияларында күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілді. Үржар ауданының аудандық ауруханасының стационарлық және ас даярлау бөлімдері жаңартылуда. Өткен жылы Қазымбет, Қарамойыл медициналық пункттерде күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіліпті. Барлық жөндеу жұмыстары Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасының өз қаражат есебінен жасалынғандығын да айта кеткен ләзім.

-Санаулы күн бұрын Қаратұма ауылында дәрігерлік амбулаторияға арналған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталды. Биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Үржар ауылының №2 дәрігерлік амбулаториясының жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Үржар ауылындағы Семушкина көшесінің бойында 10 төсектік күндізгі стационар мен 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясының құрылысы басталды.

1946- 1958 жылдары салынған ескі, тозығы жеткен, апатты жағдайдағы ғимараттардың орнына  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында  Некрасовка фельдшерлік-акушерлік пункті және Батпақты, Благодатное, Ер-Қабанбай, Қарабұйрат, Лай-бұлақ медициналық пункттері, Жоғарғы Егінсу, Ақжар дәрігерлік амбулаториясына жаңадан ғимараттар тұрғызу жобасы алдағы жылдарға жоспарланып отыр. Біз өз тарапымыздан, барлық қажетті құжаттарды дайындап,  «Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-не тапсырдық. Осы атқарылып жатқан жұмыстар, халықтың игілігіне жасалып жатқан маңызы зор істер  деп санаймыз,-деді Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасының бас дәрігері Баубек Абылқасымов.

Жоспар жүзеге асып, ауылдарда заманауи үлгіде жабдықталған жаңа медициналық ғимараттар пайдалануға берілсе, халық саулығына септігін тигізері хақ.

Мамандығына мансап деп қарамай, адамгершілік парызым деп білген бас дәрігер өз ұжымындағы дәрігерлердің білімін көтеруді жақсы жолға қойып отыр. Бүгінде шәкірттері Қазақстанда және шет елдерде табысты еңбек етуде. Үржар  ауданының медицина саласына зор үлес қосып, қажетті аппаратура және құралдармен жабдықталған физиотерапиялық, функционалды диагностика секілді қосалқы бөлімдердің ашылуына тікелей ықпал еткен бас дәрігер Баубек Шайзаданұлы әріптестерінен бөлек, аймақ халқының да құрметіне бөленіп келеді. Әрдайым біліктілігін арттыруға көңіл бөлетін, ізденіс үстіндегі басшы ұжым мүшелерінің де тәлім алып, біліктілігін арттыруына көп көңіл бөлетіндігін айта кеткен жөн болар. Тәжірибесі мол дәрігерлер Барқытбел баурайындағы тұрғындардың саулығын сақшыдай қорғайтынына сенім зор.

Ұқсас жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» акциясы өтті

10.06.2026
«Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек...

Толығырақ...Details

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

14 часов бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

14 часов бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

14 часов бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

15 часов бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

1 день бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

1 день бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

1 день бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

1 день бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

1 день бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС