"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Баспаналы болғыңыз келсе: ЖАҢА БАҒДАРЛАМА

15.09.2023
Баспаналы болғыңыз келсе: ЖАҢА БАҒДАРЛАМА
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Баспаналы болу – басты арман. Соңғы жылдары елімізде тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында бірқатар бағдарламалар қолға алынған. «Көш жүре түзеледі» демекші, уақыт өткен сайын бағдарламалардағы олқылықтар түзетіліп жатыр.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған тұрғындарды баспанамен қамту жаңа әдіспен жүзеге асырылуда.
Тұжырымдама аясында енгізілген жаңашылдықтар мен өзгерістер жайлы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Ақмарал Нұрғазина мен «Отбасы банк» АҚ Абай облыстық филиалы Бизнесті дамыту бөлімінің маманы Арман Әбішев баяндады.
Брифинг барысында А.Нұрғазина айтқандай, Семей қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 13954 отбасы — 1-2 топтағы мүгедектігі бар 1273 адам, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 553 отбасы, 1798 жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және 1499 көпбалалы отбасы тұр.
Бұған дейін жүзеге асырылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы тоқтатылып, «2-10-20», «5-10-20» ипотекалық бағдарламасы, жеңілдетілген несие берудің өңірлік бағдарламалары жүзеге асырылмақ.
— Ипотекалық және жеңілдетілген несие берудің өңірлік бағдарламаларының ішіндегі «2-10-20» бағытына тоқталатын болсақ, ол 20 жылға дейін уақытқа 2 пайыздық жеңілдікпен беріледі. Бағдарламаға көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек баласы бар отбасылар, I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар қатыса алады. Бағдарлама талабы бойынша үй алуға ниетті жан әкімдік кезегінде тұруы және отбасының табыс көзін растауы керек. Төлем қабілеттілігі соңғы 6 айдағы зейнетақы жарналарымен расталады. Ал жеке кәсіпкерлер үшін өткен жылдың декларациясын ұсыну арқылы бұл мәселені шешуге болады,- деді Ақмарал Нұрланқызы.
Егер өтініш беру кезінде кезекте тұрған азамат жұмыссыз болған жағдайда, онда қосалқы қарыз алушы ретінде жұбайын немесе басқа жұмыс істейтін тұлғаларды тартуына болады. Қосалқы қарыз алушыға қойылатын талаптар — несиелік тарихы жақсы және тұрақты айлық кірісі болуы керек.
Банктен төлем қабілетін растағаннан кейін, 10 пайыз алдын-ала төлем жасауы керек немесе алғашқы жарнаны жабу үшін әкімдіктен тұрғын үй сертификатын ала алады.
Ал «5-10-20» бағдарламасына әкімдіктің кезегінде тұрған барлық санаттағы отбасылар қатыса алады. Бұл бағдарлама тұрғындарға үй құнының 10 пайыз бастапқы жарнасын төлеп, 20 жылға дейін уақытқа 5 пайыздық жеңілдікпен несие алуға жол ашып отыр.
Байқағанымыздай, баспаналы болудың басты талабы – тұрғын үй кезегіне тұру. Ақмарал Нұрғазина ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының негізінде, жергілікті атқарушы орган мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтардың жеке тізімі жүргізілетіндігін баса айтты.
Бұл санатқа Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар; I және II топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар, заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма жасқа жетпеген жетiм балалар жатады. Сонымен бірге, қандастар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, көп балалы отбасылар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар да осы санатқа енеді.
Осы әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтардағы азаматтарды баспанамен қамту жайында Арман Әбішев толыққанды ақпарат берді.
-1 және 2 топтағы мүгедектерді қолдау және олардың баспана мәселесін шешуге көмектесу мақсатында қосымша қарыз алушылардың тізімі кеңейтілді. Сонымен бірге тұжырымдама бойынша несие алу кезінде барлық санаттар үшін кіріске шектеу қойылмайды. Бұған дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша бір отбасы мүшесінің табысы соңғы алты айда 3,1 және 3,7-ден аспауы керек деген талап бар болатын. Бұрын бағдарламаға қатысушылардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен немесе тиісінше 125 757 және 150 098 теңгеден 100 теңге асып кетсе де отбасы қолжетімді несиеге ие бола алмайтын. Енді ондай шектеу жоқ. Сондай-ақ несиенің максималды сомасы бойынша шектеу де алынып тасталды. Бұрын шекті сома аймаққа байланысты 10 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін еді. Енді несие сомасы пәтер құнына негізделіп, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан қалыптасады,- деді Арман Жұмагелдіұлы.
Айта кетсек, әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келеді және пәтердің максималды ауданы 80 шаршы метрден аспауы керек.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында сатылатын нысандар аясында қабылданады. Мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетті қатысушылары енді жалпы ел аумағы бойынша емес, белгілі бір аймақтағы нақты нысандағы нақты пәтерге өтініш береді. Тұжырымдама аясында жергілікті атқарушы органдар арқылы салынған әлеуметтік несиелік тұрғын үйлерді ғана сатып алуға болады. Оның бар-жоғын otbasybank.kz порталынан көруге болады.
— «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бойынша өткен жылдан бері жеңілдетілген несие ала алмай жүрген қатысушылардың өтініштері 15 тамызда жойылады. Өтініштері жойылған азаматтар тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына қатыса алады,-деп атап өтті Арман Әбішев.
Семей қаласы бойынша өтініштер 11 қыркүйектен 10 қазанға дейін Қарағайлы ықшамауданындағы «Көк құс» тұрғын үй кешеніндегі 44А үйіне, ал 11 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін 47, 47А, 47Б үйлерінде қабылданады. Өтініш беру үшін «Отбасы банкінде» депозит болуы шарт, депозитке салынған сома мөлшері маңызды емес.
Айта кетсек, өтініш қабылданатын 4 үйде бір бөлмелі пәтерлер 7 млн 350 мың теңге болса, екі бөлмелі пәтерлер 10-11 миллион шамасында. Ал төрт бөлмелі пәтердің құны 16 миллионнан асады.
Негізгі тізімге қатысушыларды таңдау кезекке тұру күнімен анықталады. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бірінші ретте басымдық беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

15 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

15 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

15 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

5 дней бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС