"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

21.09.2023
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, 20 қыркүйек күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Абай атындағы кітапханада облыс тұрғындарымен кездесті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысы талқыланды.
Вице-министр ҚР Әлеуметтік кодексіндегі өзгерістер, соның ішінде Отбасының цифрлық картасы жайлы айтып берді. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Мұнда отбасының денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салалардағы статусы, жағдайы туралы ақпараттар жинақталады. Бүгінгі таңда цирфлық картада Қазақстанның 19,8 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат бар.
— Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 595,9 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 222,5 мыңнан астам адам пайдаланды. Сонымен қатар, 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды,- деді О.Ордабаев.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. — Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқықығы бар азаматарға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады. Мәселен, жас босанған ана перзентханада жатқанда оған жәрдемақы алу туралы хабарлама келеді. «Иә» деп жауап беріп, банктегі шот нөмірін жіберсе, босанғаны үшін біржолғы жәрдемақы бірден аударылады. Бұл жүйе өте ыңғайлы,- деді вице-министр.
Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Атап айтқанда, жұмыс орнында кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа моделін енгізу, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша сақтандыру тарифін саралау, кәсіпорындардың цифрлық картасын құру және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылау мен мониторингтің проактивті форматын енгізу қолға алынбақ.
— Біздің министрлік зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін осы санаттағы азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемді енгізу мәселесін пысықтауда, – деді Олжас Ордабаев.
Халықтың табысын арттыру мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері (бұдан әрі – ЕТЖ) 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Нәтижесінде барлық әртүрлі саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы артады.
Саладағы тағы бір жаңашылдық — әлеуметтік қызметтер порталының қолжетімділігін арттыру үшін мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық компенсаторлық құралдарына тапсырыс бере алатын «Aleumet» қосымшасы әзірленіп, іске қосылды.
Қосымша толығымен тегін қызмет көрсетеді және оны «App Store» немесе «Play Маркеттен» жүктеп алуға болады.
— Болашақта бұл қосымша жетілдіріледі, мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын басқа қызметтерге тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болмақ. Оларға санаторлық-курорттық емдеу, ымдау тілі маманы, жеке көмекші және басқа да арнайы әлеуметтік қызметтер қосылады. 2023 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 377 мыңнан астам қызмет алса, олардың басым бөлігі оңалту құралдарына тапсырыс берген. Тапсырыс беру қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады,- деді вице-министр.
Вице-министр салада цифрландыру қарқынды дамығанын және азаматтарға жұмыспен қамту орталықтарына барудың да қажеті жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыс табуға да болады.
Кездесу соңында виуе-министр облыс тұрғындарының сұрақатрына жауап берді. Азаматтар Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге нақты әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда жағдай жасау сынды өзекті мәселерді көтерді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы «УК ЮНИС» ЖШС кәсіпорнының және Дағдарыс орталығының жұмысымен танысты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі сапарын өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатымен қорытындылады.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Біз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз – Мемлекет басшысы

01.07.2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі   Құрметті отандастар!   Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

03.06.2026
Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

Semeytany.kz – Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан «Өлімнен де күшті» монументі мен оған іргелес аумақты қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды....

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

3 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

3 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

3 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

3 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

3 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

3 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

3 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС