"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Дамуда оң өзгерістер бар

22.09.2023
Дамуда оң өзгерістер бар
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыстың 2023 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, бөлшек және көтерме сауда тауар айналымы, құрылыс жұмыстары және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің артқандығын көрсетті.

Асылхан Садақбаев,
«Semeı tańy»

Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сертай Базаровтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
«2023 жылғы қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 673,7 млрд. теңгені, өнеркәсіп өндірісінің индексі 110,6 пайызды құрады. Республикалық өнеркәсіп өндіріс көлемінің 3 пайызын біздің облыс өндірді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 6,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 19 пайызға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 10,9 пайызға, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 15,7 пайызға артты»,- деді Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сертай Базаров.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымдағы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 143,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі бойынша 103,2 пайызды құрады. Және мал шаруашылығының биылғы қаңтар-маусымдағы өнім көлемі 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,2 пайызға артты.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2023 жылдың жарты жылдығында 213,9 млрд. теңге жеткендіктен, былтырғы қаңтар-маусым көрсеткішіне қарағанда қолданыстағы бағалар 20,4 пайызға, салыстырмалы бағалар 3,3 пайызға артқанын байқай аламыз. Және көтерме сауда тауар айналымының көлемі 2022 жылғы кезеңнің бағаларымен салыстырғанда 6,1 пайызға көбейіп, 119,9 млрд. теңгені құрады. Коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналым көлемі 2023 жылдың жарты жылдығында 7,5 млрд. тонна-километрді көрсетіп, өткен жылғы кезең деңгейінен 13,4 пайызға кеміді.
Сонымен қатар конференция барысында мердігерлік жұмыстардың облыстық көлемдегі негізгі үлесі, капиталға салынған инвестициялар көлемі, жолаушы айналымы, тұрғын үйлерді қолданысқа беру, облыс халқының қала және ауыл тұрғындарының саны, жұмыссыздық деңгейі, инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі секілді маңызды бағыттарда аймағымыздың 2023 жылғы қаңтар мен маусым айларындағы қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтер баяндалды.
— Еш шегерімсіз және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, биылғы жарты жылдықта жұмыскерлерге есептелген орташа атаулы айлық жалақы 290 991 теңгені құрап, 2022 жылдағы қаңтар-маусымға қатысты алғандағы өсім қарқыны 114,6 пайызға тең болды. Нақты жалақы индексі 97,4 пайызды көрсетіп, Республиканың басқа өңірлерінің ішінде 2023 жылғы жарты жылдықтағы еңбекақы деңгейі бойынша біздің облыс 13-ші орынды иеленді,- деді Сертай Рыскелдіұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

16 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

16 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

17 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

17 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

18 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

18 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС