"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

10.11.2023
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл облыстың өңдеу өнеркәсібінде 19,1 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асты. Семей қаласында «ARX Minerals» ЖШС мыс өндіру және катодты мыс өңдеу зауыты, Көкпекті ауданында «Тассай балық» ЖШС балық өңдеу цехы және Жарма ауданындағы «SHARCEM» ЖШС цемент зауыты іске қосылып, 600-ден астам жұмыс орны ашылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Бұдан басқа жыл соңына дейін 11,9 млрд теңге сомасына тағы 4 жоба іске қосылып, 148 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Атап айтар болсақ, «ПК Семей цемент зауыты» ЖШС-де тік диірмен және цемент қаптамасының үшінші желісі, Семей қаласындағы «Yqylas-Invest» ЖШС-де ет жартылай фабрикаттар өндіру зауыты, Семей қаласындағы «ФИК Алел» АҚ-де металлургия зауытының учаскесіне арналған көмір десорбциясы және электролиз цехы, Бородулиха ауданында «Зейтенов» ЖК-де сүзбе цехы іске қосылмақ.
Ал келесі жылы облыста жалпы сомасы 66,8 млрд теңгені құрайтын 5 маңызды жоба іске асырылып, 378 жұмыс орны құрылады екен. Семей қаласында «Семей құрылыс материалдары» ЖШС-де фиброцементті қасбеттік плиталарды дайындау үшін өндірістік желіні енгізу, «Қазполиграф» ЖШС-де қағаз және картон бұйымдарын өндіру, «Qazaq Astyq Group» ЖШС-де күнбағыс майын құю және буып-түю желісімен тазарту цехын, Абай ауданында «METALL MINING» ЖШС-де Доре қорытпасына дейін құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша цех, «Жарма ауданында «JM Crypto» ЖШС-де жел энергиясын түрлендіру үшін жалпы қуаты 200 МВт ЖЭС паркін салу көзделіп отыр.
— Экономиканың драйвері болатын облыстың перспективалы жобаларына жеке тоқталғым келеді. 2028 жылға дейін 2 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге екі ауқымды жобаны іске асыру күтілуде. NFC қатысуымен Аягөз ауданындағы Ақтоғай кен орнында «KAZ Minerals» ЖШС жаңа мыс балқыту зауытының құрылыс бастауды, сондай-ақ осы ауданда Қазақмыстың қатысуымен «Айдарлы» мыс кен орнын және «Жанар» жерасты су кен орнын өнеркәсіптік игеру, одан әрі «Айдарлы Прожект» ЖШС тау-кен байыту комбинатын салу жобалары жүзеге аспақ,- дейді Р.Ворошилов.
Аталған индустриалдық-инновациялық жобалар жүзеге асса, облыс экономикасының дамуына оң ықпал етері сөзсіз.
Сонымен қатар Абай облысында тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру бойынша нақты жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, бұрынғы Кабель зауытының ғимараты жаңа қалыпқа еніп, «Лидер строй» құрылыс дүкеніне айналса, осы жылдың мамыр айында «Нұров» жеке кәсіпкерлігі Шугаев көшесінде орналасқан бұрынғы «Сем-Лада» ғимаратын жөндеп, «Балапарк» балалар ойын-сауық кешенін, ал маусым айында «Central 6388» ЖШС Ибраев көшесінде «JQ» отбасылық ойын-сауық орталығын ашты. Бұл инвесторлар бос тұрған ғимараттарды жаңарту үшін мемлекеттік қолдау алғанын айта кеткен жөн.
– «Евразия Агро Семей» ЖШС-нің Семей қаласында ет комбинатын салу жобасына мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары көрсетілуде. Жер учаскесін бөлу үшін облыстың инвесторларды тарту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесімен жоба инвестициялық деп танылды,- деді басқарма басшысы Р.Ворошиов.
Жуырда басқарманың ұйымдастыруымен отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтіп, нәтижесінде «Қазэлектромаш» ЖШС мен «AN Groups» ЖШС арасында шығарылатын өнімді жеткізу, «Промкомплект-Б» ЖШС мен «Силикат» ЖШС, «Сәт-Транс» ЖШС және «Sharcem» ЖШС арасында құрылыс материалдарын сатып алу бойынша келісімге қол қойылылыпты.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

10 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

10 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

10 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

10 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС