"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Бизнестегі әйелдер» кәсіпкерлікті қолдайды

23.11.2023
«Бизнестегі әйелдер» кәсіпкерлікті қолдайды
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елордамыз Астана қаласында «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі — экономикалық тұрақтылыққа бастар жол» атты Ауыл әйелдерінің VI форумы өтті.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

Форумға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары С.Тұрсынбекова, «АMANAT» партиясының хатшысы Ш.Каринова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы С.Егізбаев, Ұлттық экономика вице-министрі Б.Омарбеков, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Б.Бекбауов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Сарбасов, Coca-Cola компаниясының Қазақстан мен Қырғызстандағы корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман және еліміздің әр өңірінен келген 250-ге жуық әйел қатысты. Олардың қатарында біздің облысымыздан әр салада жетістікке жеткен 11 делегат бар.
Форум «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы және «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Coca-Cola халықаралық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
— Ауыл әйелдерінің форумы – республикалық деңгейде ауыл тұрғындарының мәселесін көтеретін диалог алаңы. Республикалық деңгейде 6 рет ұйымдастырылған форум 2019 жылдан бастап өңірлерде де өткізілуде. Биыл еліміздің барлық аймағында болып, үлкен жұмыс жүргіздік. Қазір біз мұқият назар аударуды қажет ететін мәселелерді көрсету үшін күш біріктіруге дайынбыз,- деді ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина.
Форум барысында спикерлер ең алдымен адам өміріндегі ананың рөліне тоқталып, ауылды, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағытында Үкімет тарапынан атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады.
— Халқымызда «Адамның жаны Алладан, бағы анадан» деген терең мағыналы сөз бар. Яғни ұрпақтың болашағы аналардың қолында. Демек, тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі әйел-аналарымызға тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шын мәнінде әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар. Ұлт болашағы ұрпақ тәрбиесінен басталады. Әр баланың жетістігі – ана махаббатының жемісі,- деген еді. Ауыл тұрғындарының, оның ішінде әйелдердің жағдайы ешқашан мемлекет назарынан тыс қалған емес,- дей келе Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев ананың қоғамдағы рөлімен қоса, аграрлық сектордағы жаңалықтар, егін және мал шаруашылығын қолдауға арналған жобалар жайлы тереңірек айтып берді.
Мемлекет тарапынан бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау көрсетіліп отыр. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, бүгінгі күні шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 36,5 пайызды құрайды. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн-нан асса, 1 млн-нан аса әйел кәсіпкерлікпен айналысады.
— Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында қаржылай және қаржылық емес қолдау шаралары ұсынылуда. 2022 жылдың және биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 638 млрд теңгеге кәсіпкер әйелдердің 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды, 114 млрд теңгеге 13 мыңға жуық жоба кепілдендірілді. Осы кезеңде 147 мың кеңес берілді, — деді Ұлттық экономика вице-министрі.
Сонымен бірге елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 20 орталық жемісті жұмыс істеп тұр. Орталықтарда 7 мыңнан астам кеңес беріліп, түрлі қызметтер көрсетілген.
Бауыржан Омарбеков сонымен қатар өңірлерде жүзеге асырылып жатқан «Бір ауыл — бір өнім» жобасына да ерекше тоқталды. Жергілікті өнімнің сапасын жақсартуды, жергілікті брендтер шығару, маркетинг және нарықтағы өнімнің құндылығын арттыруды көздейтін бұл жоба биылдан бастап ел аумағында қолға алынды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініпті.
Сондай-ақ елімізде «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
— Біз Еуропалық Қайта құру және даму банкімен бірлесіп, кәсіпорындарға техникалық көмек көрсету, сондай-ақ қаржылық қолдау арқылы әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін арттыруға бағытталған «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асырып жатырмыз.
Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша кәсіпкер әйелдерге 23 мыңнан аса несие берілді. Сонымен қатар Еуропалық Қайта құру және даму банкі консультациялық жоба құнының 60 пайызын өтейді. 400-ден астам консультациялық жобалар жүзеге асырылды. Үкімет әкімшілік жүктемені азайтып, қолдау көрсету арқылы бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға байланысты жүйелі шараларды іске асыруда,- деді Б.Омарбеков.
Форум барысында 2,5 пайызбен жастарға берілетін несиелер, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жайлы да кеңінен айтылды.
Форум әйелдер арасында, оның ішінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді. Форум делегаттары арасында «Coca‑Cola Белестерi» жобасы байқауының 20 жеңімпазы салтанатты түрде марапатталып, оларға 2 — 4 мың АҚШ доллары көлемінде сертификат берілді. Жүлдегерлер қатарында Абай облысының тұрғыны Марина Темірханова да бар. Ол жылыжайда көкөніс өсіру жобасын ұсынып, 2 мың АҚШ долларының сертификатын алды. Ал өткен жылы жеке кәсіп ашуға бел буған Семей қаласының тұрғыны Гүлия Секербаева осы жоба аясында білім алып, бизнес жоспар дайындау, кәсіпкерлікті бастау және жүргізу дағдыларын меңгерген. «Ұлттық тағам» жобасы бойынша грант алуға берген өтініші мақұлданып, бөліген қаржыға кондитер өнімдерін өндіруге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алыпты. Бүгінде кәсібін табысты жүргізіп отыр.
Аталған жоба шеңберінде биыл 15 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздері және қосалқы шаруашылық жүргізу бойынша тренингтерге қатысыпты. Олардың 581-і үздік бизнес-идея конкурсына қатысуға өтінім берген. Өткен жылмен салыстырғанда тренингке қатысушылардың және грантқа өтінім берушілердің қатары көбейген, ұйымдастырушылар оны әйелдер арасында кәсіпкерлікке деген қызығушылықтың артып келе жатқандығымен түсіндірді.
— «Coca‑Cola Белестерi» жобасы 11 жылдан бері маркетинг, сату, интернет арқылы өнімді жариялау, серіктестер мен инвестицияларды іздеу, шағын бизнес үшін қаржы бөлу сияқты әр түрлі бағыттар бойынша көмек көрсете отырып, жаңадан бастаған және қазірдің өзінде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қолдау білдіріп отыр. Ол әйелдерді табысты кәсіпкер болуға шақырып, бизнесті дамытуға және елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне ықпал етеді,- деді Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.
Форумның негізгі бөлімінен кейін «Жасыл» экономика технологияларын қолдану арқылы ауыл халқының тұрмысын жақсарту», «Кооператив – ауылдағы экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамту негізі», «Кәсіпкерлікті ынталандырудың заманауи тәсілдері» деген тақырыптарда үш эксперттік алаңда шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Біздің облысымыздан Жиенәлі ауылдық округінің әкімі Гүлжан Сыздыханова ауылда кооператив құрудың тиімді тәсілдері жайлы ойын бөлісті.
Форум аясында «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері/ауыл әйелдерінің 100 жетістік тарихы» кітабының бесінші басылымының тұсаукесері өтті. Бұл кітапқа Абай облысынан жеке кәсіпкер, «Provence» кафесі мен банкет залының иесі Айсұлу Ақпекованың жетістіктері енген.
Айта кетсек, «Coca‑Cola Белестерi» жобасы осы уақытқа дейін 137 әйелдің өз ісін бастауына қолдау көрсеткен.

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

20 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

21 час бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

21 час бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

22 часа бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

22 часа бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

3 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС