"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Білім саласы: жаңалықтар мен жетістіктер

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстың білім беру саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы баяндалды.

31.01.2024
Білім саласы: жаңалықтар мен жетістіктер
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»
Баспасөз мәслихатына Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев, Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық директорының міндетін атқарушы Айнұр Исаева, облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы директорының дарындылықты дамыту жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Жанаспаева қатысты. Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Абай облысы білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндама жасады.
— Оқушы орындарының тапшылығын жою мақсатында өңірде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 700 орындық 11 жаңа мектеп салынады. Сондай-ақ балабақшалардағы орын тапшылығын жою үшін, 2027 жылға дейін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 9 балабақша салу жоспарлануда. Өткен жылы Семей қаласында 2 мектеп, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай аудандарында 1 мектептен — барлығы 5 мектептің құрылысы басталды. Семей қаласында «KAZ Minerals Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім аясында 1200 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Облысты дамытудың кешенді жоспары аясында 2023-2027 жылдары 2600 орынды қамтитын 6 шағын жинақталған мектеп және 6 мектеп ғимаратына қосымша құрылыстар салу жоспарланған. Жоспар жүзеге асқанда оқушы орындарының тапшылығы жойылып, апатты мектептер мәселесі шешілетін болады,- деді Н.Ахметқалиев.
Нұржан Нығметоллаұлы облысымызда 5 мыңға жуық бала инклюзивті білім беруді қажет ететінін атап өтіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндік жасау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
— Облыстың 12 мектебінде инклюзивті кабинет бар. Өткен жылдың қыркүйек айында Семей қаласының №2, №17 мектептерінде 2 инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Сонымен бірге облысымызда 197 мыңға жуық балаға қызмет көрсететін 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес кабинеті жұмыс істейді. Өткен жылы Семей қаласында облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, «Асыл Мирас» аутистік спектрдің бұзылуы бар балаларды қолдау орталығы және Абай ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған болатын. Осындай кабинетті биыл Курчатов қаласында ашу жоспарланып отыр, — деді Н.Ахметқалиев.
Мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, сонымен қатар білім сапасы да ерекше назарда.
Айнұр Исаеваның айтуынша, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша, білім сапасы 67 пайызды құрап, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 4 пайызға артқан. Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру мәселесі де басты назарда.
— Абай облысында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында «Еңбегі адал жас өрен», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Балалар кітапханасы», «Ұлттық мектеп лигасы», «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттерден аулақ бол» жобаларына 63 945 оқушы қамтылды. Қосымша білім беру мекемелерінде 2 мыңға жуық тәрбиеленуші «Спорт және мен», «Қолөнер шеберханасы», «Өнер мен құндылықтар» жобалары жүзеге асырылуда. Бала тәрбиесіндегі отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында қолға алынған «Ата-аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Altyn Urpaq», «Академиялық ұтқырлық» жобалары өз нәтижесін беруде. 301 білім беру ошағында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылған, -деді А.Исаева.
Брифинг барысында «Дарын» орталығы директорының дарындылықты дамыту жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Жанаспаева «Дарын» орталығында, Абай облысының дарынды балаларын дамытудың және қолдаудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша, оқушыларды ерте бейіндеуге және академиялық дағдыларын дамытуға бағытталған «Ғылым диалогі» жобасы жұмыс істейтінін атап өтті.
— Биыл алғаш рет ауыл мектептері арасында республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың алғашқы кезеңіне өңіріміздегі мектептердің 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары қатысты, аймақтық кезеңінде 800-ден астам білім алушы бақ сынаса, республикалық кезеңге 36 оқушы қатысты, оның 19-ы жүлделі орынға ие болды. Өткен жылы зияткерлік, шығармашылық, әскери-спорттық конкурстар мен олимпиадаларға облыс оқушыларының 41 пайызы, республикалық сайыстарға 1000-нан астам бала қатысып, төрт жүзден астам оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. 27 оқушы халықаралық конкурстарға қатысуға жолдама алып, 24-і жүлделі орындарға ие болды, — деді М.Жанаспаева.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС