"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ДАҒДАРЫСПЕН КҮРЕСУ ҮШІН ӘРБІР БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ АҚШАҒА САТЫП АЛА АЛМАЙТЫН КӨПТЕГЕН НӘРСЕЛЕР ҚАЖЕТ БОЛАДЫ — ИДЕЯЛАР, БАТЫЛДЫҚ, БАТЫРЛЫҚ, ӨЗІН-ӨЗІ СЫНИ БАҒАЛАУ ҚАБІЛЕТІ, ІЗДЕНУ МЕН ӨЗГЕРТУГЕ ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС»

21.02.2024
«ДАҒДАРЫСПЕН КҮРЕСУ ҮШІН ӘРБІР БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ АҚШАҒА САТЫП АЛА АЛМАЙТЫН КӨПТЕГЕН НӘРСЕЛЕР ҚАЖЕТ БОЛАДЫ — ИДЕЯЛАР, БАТЫЛДЫҚ, БАТЫРЛЫҚ, ӨЗІН-ӨЗІ СЫНИ БАҒАЛАУ ҚАБІЛЕТІ, ІЗДЕНУ МЕН ӨЗГЕРТУГЕ ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС»
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аскарбек Кусаинов

XXI ғасыр өзгермелі заманда білімнің, мектептің дамымай бір орнында тұралап қалуы, тікелей елдің дамуына әсер етеді.  Ал мектеп дамуының басты индикаторларының бірі ол – көшбасшы директор болу. Осыған байланысты басшы кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің маңыздылығы мен оған қойылатын талаптар артып келеді, оның негізгі мақсаты — кәсіби тұлғалық деңгейі озық және стандартты емес жағдайлар мен проблемаларды шешуге қабілетті басшыларды даярлаудағы мектеп директорының, қоғам мен мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Мемлекеттің білім беру саясаты басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың тұтас жүйесі арқылы ауқымды ойлауға қабілетті,  құзыретті, кәсіби ұтқыр басшыны қалыптастыруға бағыталады. Бұл процесті жүзеге асыруда нақты бір қадамдардың бірі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасына қатысып, қазіргі уақытта Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің №20 мектепке мектеп басшысы болып тағайындалдым. TALIS-2018 нәтижелері бойынша қазақстандық директорлардың тек 13%-ы ғана қызметке кіріспес бұрын мектепті басқару бойынша дайындықтан өтеді екен. Бұл тұрғыдан алғанда, «Мектеп басшыларының кадрлық резерві: даму әлеуеті және даму стратегиялары» курсының бізге берген артықшылығы айтарлықтай болды.

Жобаның мақсаты қандай? Жобадан мен өзіме қандай білім аламын? Көшбасшы болу менің қолыман келе ме? … деген сұрақтар алғаш келген сәтте мені және әр жоба қатысушыны мазалады. Десе деп курс кезеңдерінен өткен сайын әр қатысушы сұрақтарға жауап таба білді деп ойлаймын. Аталған курстың басқа курстардан басты ерекшелігі көшбасшы тұлғасын жан-жақты қалыптастыруға бағытталғандығы. Әсіресе, мен үшін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылыққа бағытталған модулдің маңыздылығы зор деп ойлаймын. Себебі болашақ көшбасшы бола отырып, ең алдымен, адамгершілік тұрғысынан өзіңді қажетті қасиеттермен нәрлендре алмасаң, атқарған еңбегіңнің қаншалықты дұрыс бағытта жүріп жатқанына күмәнмен қарауға тура келеді. Ұлы Абай атамыз айтқандай «бойында сәулесі бар, көкірегі ояу» жаңа заман көшбасшыларын оқытып, тәрбиелеу қазар заман сұранысына сай қажет.

Мен үшін бұл курстың тағы маңызды ерекшелігінің бірі адами капитал деп айтар елдім. Осы жобада бір идеяға, бір мақсатқа жинақталған  керемет ортаға түстім. Осындай білікті де білімді көшбасшылармен бірге білім ала отырып, курс бағдарламасымен қоса өзіме қажетті өмірлік мол тәжірибе алдым.

Бұл курста рефлексивті есеп жазу мен үшін қиынға түсті. Себебі сұрақтарға нақты әрі қысқа жауап беруді қажет етті.  Мысалы, осы курсқа дейін қаншама курстан өткенімен, рефлексиялық есептің маңыздылығы сезілмеген еді. Бізге қойылған басты міндет «Жинақталған білімді кейін өзім басқаратын мектепке қалай енгіземін?» деген сұраққа әрі жүйелі есеп түрінде жазу болды. «Деңгей барысында алынған кең мағыналы білімді шектеулі сөз санына қалай сыйдырамын?» деген сұрағы да болашақ көшбасшы ретінде сыни ойлауды қажет етті.

Өз тарапымнан «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы барысында алған білімім мен дағдыларымды болашақта басқарып отырған мектебімде заманауи тенденцияларды дамытуға, мұғалімнің үздіксіз дамуы мен кәсіби әл-ауқатына мүмкіндік жасауға, балаға қолайлы орта мен  біріңғай білім беру кеңістігін құруға жұмсауға дайын екенімді жеткіземін.

Жоспарланған іс-әрекеттер күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. Ертеңгі күннің сұранысын қанағаттандыру үшін өзгерістерді енгізуде батылдық керек, себебі білім берудегі мүдделі тараптардың өзін жайлы сезінетін бірегей мектепті ұйымдастыру соның алғышарты.

 

Карамендин Олжас Сабитович, «Мектеп басшыларының кадрлық резерві:

даму әлеуеті және даму стратегиялары» курсының түлегі,

№20ЖОББМ директоры,

 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абай облысы, Семей қаласы

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС