"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Сұлтан КАРТОЕВ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

03.05.2024
Сұлтан КАРТОЕВ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Мен үшін көпұлтты Қазақстан деген жай сөз емес» дейді қоғам белсендісі Сұлтан Картоев. Мереке қарсаңында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының вице-президенті, шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы, Семейдегі коммерциялық емес ұйымдар ассоциациясының президенті Сұлтан Омарұлымен әңгімелесіп қайттық.

— Сұлтан Омарұлы, 1 мамыр мерекесі сіз үшін несімен ерекше?

— 1 мамыр көп ұлтты Қазақстан халқы үшін айрықша мереке. Біздің елде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Барлығымыз ашық аспан астында достық пен келісімде ғұмыр кешудеміз.  Бұл — барлық мемлекеттің негізгі іргетасы.

Ұлтты ортақ мақсат біріктіреді. Халық бірге, бірлікте болғанда ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Қазақстанда осы уақыт аралығында бізді ұлтқа бөліп-жарған жоқ. Адал еңбекпен, маңдай термен жұмыс істеп, табысқа жетсең Қазақстан халқының қолдауы мен құрметіне ие боласың. Мен бұған өзім анық көз жеткіздім. Мен үшін «көпұлтты Қазақстан» деген жай сөз емес.

Менен ұлтыңыз кім деп сұраса, «ингуш ұлтынан шыққан қазақстандықпын» деп жауап беремін. Себебі мен «Қазақстан» дейтін елде тұрамын. Мен еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және әлемнің көптеген елдерінің басшылары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен халықаралық, азаматтық форумдарда болдым, сөз сөйледім.  Сонда, әлемнің түкпір-түкпірінен келген тұлғалардың қазақ халқына және елдегі тұрақтылыққа деген шынайы ризашылығын, сүйіспеншілігін өз көзіммен көрдім, жүрегіммен сезіндім.

Қазақстан халқының бірлігінің арқасында Семей ядролық сынақ полигонын тоқтатып, жабу мүмкіндігі туды. Бұл бүкіл әлем атап өткен зор жетістік. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Венгрия, Польша секілді әлемнің жетекші елдерінен өкілдерімен кездескенде, олардың халқымызға қандай құрметпен қарайтын көрдім. Біз бұған бірліктің арқасында ғана қол жеткіздік. Себебі бөлінген халық діттігеніне жете алмайды. Халықтардың бірігуі – үлкен жетістік.

— Отбасыңызда бұл мереке қалай аталып өтеді?

— Менің және ұлымның отбасым — интернационалдық отбасы. Жақын туыстарымда қазақ, татар, орыс, украин  секілді 10 түрлі ұлттың қаны бар. Сондықтан 1 мамыр — бұл менің отбасымның мерекесі. Мен өзім қазақ тілін тұрмыстық деңгейде білемін. Ал ұлым еркін сөйлейді. Біз қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі екенін жақсы білеміз. Сондықтан менің отбасым қазір қазақ тілін үйреніп жүр.

Мен Павлодар қаласында өмірге келдім. 1974 жылы институтты бітірген соң жолдамамен Семейге келдім. Көкпекті, Үржар, ЖаңаСемей аудандарында, Шүлбі кентінде еңбек еттім,  түрлі ұлт өкілдерімен бірге жұмыс істедім. Көп ұлттан құралған 5 мың адамға дейінгі ірі еңбек ұжымын басқардым. Сол аралықта ұлттар арасында ешқандай алауыздықты көрген емеспін. Бәріміз бір үйдің адамдарындай болдық.

Әлемде болып жатқан оқиғаларға көз салсақ, мемлекеттер арасында дау-жанжал, қақтығыстар мен шиеленістер, соғыстар көп. Ал біз өз ішімізде және әлем елдерімен ынтымақтастықты қарым-қатынасты сақтап қала алдық.

1944 жылы ұйғыр, шешен, ингуш  халықтары Қазақстанға жер аударылды. Репрессия, қоныс аудару жылдары менің ата-анамды құшақ жая қабылдаған қазақ халқының дархан, қонақжай көңіліне шексіз  алғыс айтамын. Менің ана-анам қазақ жерінде өзінің екінші Отанын тапты. Ал мен Қазақстанда дүнеге келдім, қалыптастым. Сондықтан қазақ жері — менің туған Отаным.

Маған басқа елге, басқа қалаға көшу туралы көп ұсыныс жасалды, бірақ мен бас тарттым. Себебі мен мұнда әр үйді, әр көшені, әр ағашты, әр адамды танимын. Бұл маған рухани тыныштық сыйлайды.

Мен 2020 жылы Ресейде болдым. Маған И. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Бір аптадай аялдадым, бірақ үйіме қайтқанша асықтым. Өзімді туған қаламда ғана жайлы сезінемін. Менің туған-туыстарым, достарым – бәрі осында.

Сондықтан 1 мамыр — менің жанымның, туған-туыстарымның мерекесі. Қазақстан халқы осы береке-бірлігін сақтап қалады деп сенемін. Біз сонда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың біздің алдымызға қойған тапсырмасын орындай аламыз.

— Өмір жолыңыз туралы қысқаша айтып беріңізші?

— Жоғарыда айтып кеткенімдей, мен Павлодар қаласында дүниеге келдім. 1974 жылы Павлодар техникалық институтын бітірген соң мені жолдамамен Семейге жіберді. Семейден Көкпектіге, Көкпектіден Үржарға, Үржардан ЖаңаСемейге ауыстырды. 1984 жылы жұмыс бабымен Шүлбіге қоныс аударып, мұнда 2000 жылға дейін «Шүлбі» су электр станциясында қызмет еттім.

Мен өмірімнің ширек ғасырын энергетика саласына арнадым. «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі», «Қазақстанның Еңбек сіңірген энергетигі», «Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» сынды атақтарға да  ие болдым. 2011 жылы өткен VII қысқы Азия ойындарында Роза Рымбаевалармен бірге Ту көтергенім де бар.

2000 жылдан бері қоғамдық жұмыстармен айналысамын. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының өкілдігін басқардым, бірнеше уақыттан соң вице-министрі болдым. 2001 жылы коммерциялы емес ұйымдардың ассоциациясын құрдым. Азаматтық қоғамды дамытқан жақсы, бірақ өзім шыққан халықтың мәдениетін дамытуға міндетті екенімді түсініп, 2013 жылы шешен-ингуш этномәдени орталығын құрдым.

Қазір қоғамдық жұмыстарға белене араласамын. Дөңгелек үстелдер өткіземін,  оқу орындарында жиі боламын, халықаралық, республикалық және жергілікті дейңгейдегі азаматтық форумдарға қатысамын. Қоғамның дамуына пайдамды тигізу – басты мақсатым.

— Жастарға айтарыңыз бар ма?

— Әр адамның негізі – оның тамыры, шежіресі, ата-анасы, ата-бабасы. Жастардың өткенін құрметтеп, бүгінімен мақтанғанын  қалаймын. Мен қарапайым жұмысшы отбасында өстім. Әкем еңбек адамы, анам тазалықшы болды.  Мен білімнің арқасында ғана табысқа жеттім. Сондықтан жастарға айтарым, оқыңдар, ізденіңдер, бір күнді де бос өткізбеңдер. Кітап оқыңдар, пайдалы фильм көріңдер. Ақыл-ой қабілеттеріңді дамытыңдар. Азаматтық қоғамды қалыптастыруға белсенді үлес қосыңдар.

— Сұхбатыңызға рақмет!

 Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

12 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС