"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді

15.08.2024
Асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазіргі таңда облысымыздағы бірқатар ірі шаруа қожалықтары, фермерлер ауыл шаруашылығы жануарларының генофондын жақсарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізуде. Әсіресе асыл тұқымды түліктерді импорттау мен экспорттауға, сонымен қатар селекциялық жұмыстарға айрықша басымдық беріп отыр. Нәтижесі көңіл қуантарлықтай.

Мәселен, өткен айда Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылында «Jana Dala/Green Day-2024» атты ауыл шаруашылығы көрмесі болып өткен еді. Қазақстаннан бөлек, алыс-жақын шетелдің 20 елінен 200-ден астам компания өкілдері қатысқан осынау  көрмеде 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтар, асыл тұқымды малдар әкелінді.

Агробизнесте заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен жоғары өнімді техниканың мүмкіндіктерін, мал шаруашылығы мен селекция саласындағы жетістіктерді, сондай-ақ ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық әзірлемелерді көрсететін дәстүрлі іс-шаралар қатарындағы бұл көрме еліміздегі ең ірі демонстрациялық алаң болып табылады.
Етті бағыттағы асыл тұқымды түліктердің көрмесінде 18 айға дейінгі және 24 айға дейінгі екі стандарттағы асыл тұқымды бұқалар, оның ішінде қазақтың ақбас тұқымы, герофорд, қалмақ, Әулиекөл мен ангус тұқымды бұқалар ұсынылған.

Абай облысынан аталған көрмеге «Дәурен» шаруа қожалығы қатысқан болатын. Нәтижесінде 34 қазақтың ақбас тұқымды бұқалары арасынан «Үздік бұқа» номинациясы бойынша осы қожалық апарған Шомбал атты қазақтың ақбас тұқымды бұқасы абсолютті жеңімпаз атанды. Бұқаның жасы 16 ай, салмағы 598 келіні құрады. Ол өз жасындағы өзге бұқалармен салыстырғанда анағұрлым етті, салмақты.

Сонымен қатар өткен жылы Жетісу облысы Алакөл ауданының Лепсі ауылында өткен «Lepsy-2023» ауыл шаруашылығы көрмесінде аталған шаруа қожалығы апарған Гаврюша атты бұқа да «Үздік бұқа» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл жетістік облысымыздағы селекциялық жұмыстардың нәтижесін айғақтаса керек. Жалпы, селекциялық асылдандыру іс-шаралары өңірде өсіріліп жатқан ірі қара мал тұқымдарын аздырмай, олардан алынатын өнім көлемін де арттыруға елеулі ықпал етуде.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге дейін ұлғайту жөніндегі Жол картасының басым бағыттарының бірі аналық мал басын көбейту болып табылады. Абай облысында, ағымдағы жылдың шілде айындағы жағдай бойынша, мал басын асылдандыруға 92,4 мың аналық ірі қара және 3 425 асыл тұқымды бұқа қатысуда. Аталған Жол картасы аясында облыстың көптеген шаруа қожалықтары жұмыс жүргізуде. Мысалы, Жарма ауданындағы «Кезеңсу» АШӨК жетекшісі Манап Шыңғысұлы  мал басын асылдандыру  жұмысын 2020 жылы бастаған болатын. Бүгінде кооперативте 1 529 бас аналық мал бар.

Соңғы жылдары етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдалану арқылы тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізуде. Мал басын асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде алынған төлдердің салмақ үлесі 15-20 келіге дейін ұлғаюда. Аталған қожалық мемлекет тарапынан да  қолдау көріп отыр.

Облысымызда «Шалабай» ЖШС базасында асыл тұқымды бұқалардың ұрығын алу, консервациялау және қолдан ұрықтандыру зертханасын ашу жоспарланған. Тың жоба сәтімен жүзеге асырылар болса, жылына 220 000 доза асыл тұқымды мал ұрығы алынатын болады.

Тұқымдық түрлендіру жұмыстарының арқасында асыл тұқымды мал басы көбейіп, мал шаруашылығы өнімінің көлемі де артуда. Асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойған шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

Жыл басынан бері облыстың шаруа қожалықтары 533 бас етті, сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды импорттады. Оның ішінде АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды кредиттеу бағдарламасы шеңберінде Германия мен Ресей Федерациясынан сүт бағытындағы  441 бас симментал тұқымды және 33 бас голштино-фриз тұқымды сиырлар сатып алынды.

Абай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылғы 2 тамыздағы жағдай бойынша, симментал тұқымды 62 бас ірі қара карантинге қойылған. Бұл түліктер «Қалиханұлы» шаруа қожалығына тиесілі. Сонымен қатар алдағы уақыттарда облысымызға тағы да 132 бас симментал тұқымы сиырлар жеткізіледі деп күтілуде.

Жалпы, асылдандыру жұмыстары алдағы уақыттарда жандана түспек. Соның аясында облысымыздың екі сүт-тауарлы фермалары кеңейтілмек. Олар Бесқарағай ауданындағы «Қалиханұлы» шаруа қожалығы мен Көкпекті ауданындағы «Өрнек» ЖШС. Осы екі шаруа қожалығына 2 млрд теңге көлемінде мемлекеттен несие беріліп, шет елдерден түліктер жеткізілмек. Соның ішінде әлем бойынша асыл тұқымды мал өсіруде алда келе жатқан Германия, Австрия, Чехия және Ресей Федерациясынан барлығы 606 бас симментал, Голштино-фриз тұқымды жасы 18 айдан асқан құнажындар, техника мен құрал-жабдықтар сатып алынбақ.

Бұл жобалар алдағы күз айларында толықтай іске асырылмақ.

Тағы бір айта кетер жайт, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспортын жандандыру және өңірлердегі мал басын асылдандыруды реттеу мақсатында биылғы жылғы  ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасынан 12 айдан асқан бұқашықтар мен 6 айдан асқан қошқарларды әкетуге салынған шектеулер күшіне енген еді. Бұл шаралар іргелі қожалықтарда қолға алынған жобаларды сапалы жүзеге асыруға ықпал етуде.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Semei tany»

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

1 день бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

1 день бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

1 день бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС