"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Этникалық әралуандық жағдайында ұлттық бірлікті сақтау мен нығайту: Семей университеттерінің тәжірибесі

05.11.2024
Этникалық әралуандық жағдайында ұлттық бірлікті сақтау мен нығайту: Семей университеттерінің тәжірибесі

Абай облысының ішкі саясат басқармасы «Этносаралық қатынастарды нығайту» әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылатын шаралар Қазақстандағы этникалық әртүрлілік жағдайында ұлттық бірлікті нығайту мақсатында көптеген бастамаларға жол ашуда. Соның бірі — Alikhan Bokeikhan University Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аман Қапанұлының Семей медицина университетінің студенттеріне өткізген «Этникалық әртүрлілік жағдайында ұлттық бірлікті сақтау мен нығайту» тақырыбындағы дәрісі.

Дәрісте Аман Қапанұлы мырза ұлттық бірлік пен этникалық әртүрліліктің мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын баса айтты. Бүгінгі таңда Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде әлемге танылып отыр, және осы этникалық әртүрлілік елдің өзіндік ерекшелігін құрайды. Қазақстанда тұратын халықтың сан түрлі этникалық топтарының мәдениеті, тілі, дәстүрлері мен тарихы елдің ұлттық құндылықтарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан елдегі әрбір этникалық топтың бір-біріне деген түсіністік, сыйластық және ортақ мүдде үшін бірлесу сезімдерін нығайту бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

Аман Қапанұлы дәріс барысында елдегі этникалық топтардың тарихына, олардың ұлтаралық келісімді қалыптастырудағы рөліне тоқталып, қазіргі таңда әрбір этностың біртұтас Қазақстан қоғамының дамуына қосатын үлесі жайлы кеңінен әңгімеледі. Ол студенттерге елде жүзеге асырылып жатқан этносаралық саясаттың негізгі қағидаларын түсіндіріп, осы саясаттың Қазақстанның тұрақтылығын, қауіпсіздігін және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Әсіресе жастар арасында толеранттылық мәдениетін дамыту маңызды екендігі айтылды. Өйткені қазіргі жастар — болашақ Қазақстан қоғамының негізін құрайды және олар өзара түсіністік пен этносаралық келісім құндылықтарын сақтап қана қоймай, оны ары қарай дамытуға жауапты. Аман Қапанұлы мырза студенттерді этникалық әртүрліліктің қоғамға қаншалықты зор мүмкіндіктер беретінін бағалауға және барлық этностарды ортақ мақсаттар үшін біріктіретін құндылықтарды сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, дәріс барысында этникалық әртүрліліктің мәдени, рухани және экономикалық аспектілеріне тоқталды. Әртүрлі этникалық топтардың өзара ынтымақтастығы мен бірлікті нығайту арқылы мәдениеттер арасындағы алмасуды күшейтуге, ал бұл өз кезегінде қоғамның дамуына септігін тигізетініне назар аударды. Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен этносаралық қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадамдар елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Айта кететін жәйіт, Семей қаласында орналасқан үш жоғары оқу орнының профессор-оқытушылық құрамы осы этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында бір-бірінің студенттеріне айналмалы дәрістер өткізуді жоспарлауда. Мұндай бірлескен дәрістер студенттер арасында жаңа көзқарастар мен идеялардың қалыптасуына, түрлі этникалық топтар арасындағы өзара түсіністіктің артуына септігін тигізбек. Осы бастаманың аясында әрбір ЖОО-ның студенттері өзге оқу орнының профессорларының дәрістерін тыңдау арқылы этносаралық қатынастардың түрлі қырларымен танысып, осы бағытта жеке көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Айналмалы дәрістердің тағы бір артықшылығы — білім беру мекемелерінің арасында тығыз байланыс орнату. Бұл шара студенттердің білім алу мүмкіндігін арттырып қана қоймай, түрлі мамандық иелерінің этносаралық қатынастар мәселесіне қатысты өз пікірлерін тыңдап, ой-пікір алмасуына жағдай жасайды. Оқытушылар да бір-бірінен үйреніп, өз тәжірибелерін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда, мұндай бастамалар Қазақстандағы этносаралық қатынастарды нығайту, жастар арасында ұлттық бірлік пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыру жолында маңызды рөл атқарады. Қазақстанның көпұлтты қоғамында бірлік пен татулықты сақтап қалу тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың, әсіресе, жастардың азаматтық борышы болып табылады. Сондықтан осындай дәрістер арқылы әрбір жас буын өкілі өз бойында этносаралық түсіністік мәдениетін тәрбиелеп, қоғамның бейбіт және тұрақты дамуына үлес қосуға ұмтылуы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

7 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

7 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

7 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

24 часа бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС