"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қарауыл ауылында 200 орындық интернат салынбақ

28.11.2024
Қарауыл ауылында 200 орындық интернат салынбақ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Абай ауданындағы Қарауыл гимназиясына «Қазақстан халқына» қолдау қорынан 250 млн теңге бөлінген екен. Қазіргі уақытта бөлінген қаржы толығымен игеріліп, заманауи зертханалар, жаңартылған кабинеттер, интерактивті тақталармен шеберханалар жабдықталып, жаңа арт және телестудия кабинеттері іске қосылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов мәлімдеді.

— Абай ауданында қазіргі уақытта 9 орта мектеп, 1 жалпы білім беретін гимназия, 1 негізгі орта мектеп, сондай-ақ «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» мен «Абай колледжі» жұмыс істейді. Оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, 1-4 сыныптарда оқитын 707 бала толық ыстық тамақпен қамтылған. Бұдан бөлек, ҚР 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес 5-11 сыныптарда оқитын 586 оқушы да ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Оқушыларды тамақпен қамтуға бөлінген жалпы қаржы көлемі 101 млн 800 мың теңгені құрайды, — деді Мейіржан Смағұлов.

Өткен жылдың қараша айында Қарауыл ауылында орналасқан Жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратының сол жақ қанатынан Абай облысының білім басқармасына қарасты педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті ашылып, жұмысын бастады. Осы кабинетті ашу үшін облыстық бюджеттен 40 млн 147 мың теңге қаражат бөлінді.

— Ауданымызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті қызмет көрсетуде. Мұнда 0-18 жас аралығындағы 33 бала оқытылуда. Кабинетте монтессори, логопед-дефектолог, педагог-психолог, емдік денешынықтыру, музыкалық-ырғақ және әлеуметтік педагог сияқты мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қарауыл ауылында «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатына» 200 орындық интернат салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, — деп атап өтті аудан әкімі.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету де назардан тыс қалмады. «Мектепке жол» акциясы аясында 2024-2025 оқу жылында демеушілер есебінен 980 000 теңге қаражат бөлініп, оқу жылының басталуымен 142 балаға сөмке, оқу құралдары мен маусымдық киімдер таратылды.

— Абай ауданында білім сапасын арттыру басты мақсаттардың бірі болып табылады. Биыл оқу жылы басталмай тұрып, облыстық білім басқармасынан 5334 дана оқулық сатып алуға 13 млн 993 мың 744 теңге бөлініп, қажетті оқулықтар толықтырылды. Сондай-ақ, «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ кітапханасы жаңа бөлмеге ауыстырылып, заманауи ресурстармен жабдықталды, — деп қорытындылады Мейіржан Смағұлов.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

32 минуты бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

1 день бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

3 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

4 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

4 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

4 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

4 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

4 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

5 дней бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС