"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Білім саласындағы маманның еңбегі көпке үлгі

29.11.2024
Білім саласындағы маманның еңбегі көпке үлгі
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі Виктория Анатольевна бойына жиған білімін оқушының көкірегіне құюды мақсат еткен аяулы ұстаз. 12 жылдан бері қазақ өнері мен мәдениетін, руханиятын шәкірттерінің санасына сіңіруде. Ұстаз ретінде оқушыларға білім берумен қоса, «толық адам» болып қалыптасуларына ықпал етіп жүр. «Өзім де басқа шауып, төске өрледім» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, өзі де үнемі ізденіс үстінде.

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған Виктория Анатольевна Alikhan Bokeikhan University-де білімін жалғастырып, филология ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

— Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі – тіл. Тілді меңгеру арқылы ұлттың болмысын меңгереміз. Ізденіс пен еңбек алға жетелейді. Жиған білімімді оқушылардың бойына дарыту мақсатында, заманымызға сай жан-жақты, ізденімпаз, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуге атсалыссам деген ниетпен мұғалім мамандығын таңдадым. Оқушыларымның тілді меңгеруге деген талпынысын, қазақ руханиятын танып-білуге деген құштарлығын байқағанда қуанамын, тәлімімнен тағылым алып, нәтиже шығарғандарын көргенде марқайып қаламын. Мен өз мамандығымды жан-жүрегіммен жақсы көремін,- дейді аяулы ұстаз.

Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Терең білімді, жан-жақты дамыған, интеллектуалдық деңгейі жоғары ұрпақ тәрбиелеудің бірден-бір жолы – оқушыларға білім берудің тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, шығармашылығын дамыту. Осы ерекшеліктерді ескеретін жаңашыл ұстаз – қоғам айнасы. Виктория Мокроусованың айтуынша, ол сын тұрғысынан ойлау секілді технологияларды өз ізденісі арқылы оқушының қабілетіне, деңгейіне сай іріктеп қолданады, жаңа технлогияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Дәстүрлі білім мен заманауи технологияны сабақтастыра білген ұстаз балалардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға ден қойған. Оқушылар үлкен қызығушылықпен әдеби шығармаларды талдап, эссе жазып, пікір алмасып, тіпті оқыған шығармаларының желісі бойынша көрініс те көрсетеді. Интерактивті тапсырмалар, топтық және жобалық жұмыс жүргізуді де пән аясында жүзеге асырады. Білім алушылар зерттеу жұмыстарын жасап, мәтін талдап, пікірталасқа белсенді қатысып, шығармашылық белсенділік танытады. Осылайша, ұстаз әр баланың ерекшелігін, мүмкіндігін саралап, тұлғалық болмысын қалыптастырады. Бұл тақырыпты меңгерумен қоса, әдебиеттің өмірмен байланысын түсінуге де жол ашатын сыңайлы.

Әр ұстаз шәкіртке біліммен қоса тағылымды тәрбие беруді мақсат етеді. Виктория Мокроусова да оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастырып, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуге атсалысып жүр. Мамандығы мақтанышына айналған мұғалім өз ісінен шабыт алады.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 час бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС