"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жастар неге күйзеліске бейім?

06.01.2025
Жастар неге күйзеліске бейім?
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Заман алға жылжыған сайын жастардың физикалық та, психикалық та саулығы әлсіреп барады. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулықтың әлсіреуіне нашар экология, тамақтың құнарсыздығы, күйзеліс, аз қозғалу, отырықшы өмір салты секілді әдеттер әсер етуде. Ал жастардың күйзеліске көп түсіп, өмірден баз кешулеріне не себеп?

Психологтар адамның 20-30 жас аралығында жасаған істері мен қалыптастырған дағдылары бүкіл өміріне ықпал ететінін айтады. Сондықтан бұл ерекше маңызға ие жылдарда әр адам өзін тәрбиелеуге көп көңіл бөлгені абзал. Себебі бұл аралықта адамда 100 мыңнан 100 миллионға дейін бос нейрон болады екен.  Оларды іске қосып, жұмсамаса, уақыт өте келе жойылып кететін көрінеді. Бірақ солай екен деп қол қусырып қарап отыруға да болмайды. Әйгілі KFC-дің негізін қалаушы Полковник Сандерс  тек 70-тен асқанда әйгілі болса, Мэри Кэй Эш 45 жасында зейнеткерлікке шыққаннан кейін әйелдер арасында танымал Мэри Кэй косметика компаниясының негізін қалаған. Ғаламторды ашсаңыз, бұл секілді мысалдарды көптеп кездестіруге болады.

— Барлық адам өзін іздейді. Мен қабылдауыма келген жастардан «Өзімді таппай жүрмін» деген сөзді көп естимін.  Неге? Себебі, жастарда нейрондар көп. Олар эндорфин, адреналин, дофамин секілді гармондарды бөліп шығарады. Адам оларды қалай және қайда жұмсайтынын білмегенде күйзеліс басталады. Осы кризисті игеріп үйрену керек. Мысалы, бір адам жыл сайын оқуға түседі де, оқу жылының аяғында оқығысы келмей қалады. Бұдан үрейленудің қажеті жоқ. Өзіңізді іздеуден қорықпаңыз. Студент балаңызда да өзін іздеу кризисі басталса, сабақ оқымай, тіпті оқуын тастап кетуі мүмкін. Мұндайда оны жалғыз қалдырмаңыз. Жағдайды қадағалап, қолдау білдіріңіз. Кішкентай болса да жетістіктерін айтып, мақтап, тыңдап, сөйлесіп көріңіз. Қолыңыздан келсе қабілетін дамытуға көмектесіңіз. Өзі қалайтын істі тауып, бірақ оны бастауға үрейленетіндер бар. Менен пацинеттерім «Үрейді қалай жеңу керек» деп сұрайды. Оны жеңудің қажеті жоқ. Істі бастап кетіңіз. «Көз – қорқақ, қол – батыр». Бір істі бастап, өз жолыңызбен жүрсеңіз, нәтижесін көресіз,- дейді қаламыздағы жеке психолог Гүлнұр Серікова.

Иә, кез-келген адам кез-келген жаста күйзеліске түсуі мүмкін. Бұндай сәтте адам «Мен кіммін?», «Өмірдің мәні не?», «Әрі қарай қалай өмір сүру керек?», «Қандай іспен айналысамын?», «Қоғамға қалай пайда тигіземін?» деген сауалдарға жауап іздейді.

Әйгілі жазушы Дейл Карнеги бестселлерге айналған «Алаңсыз өмір сүру құпиялары» атты кітабында  көңілдегі алаңды жеңу үшін уайымыңызды ақ параққа жазуды ұсынады. Әрі қарай «Мұны шешу үшін не істей аламын?» деген сауалға жауап іздеп, көкейіңізге келген шешімдерді тізіп жазып шығуға кеңес береді.  Ішінен ең ойтайлысын, тиімдісін таңдап алып, оны дереу жүзеге асыруға кірісіңіз. Бұл да уайымды, қорқынышты жеңуде тиімді әдістердің бірі.

Күйзеліс, депрессия адамға қиын тигенімен, сабырлық танытып жеңе білсе, оның да пайдасы бар. Мұндай қиындық Сізге жайлы ортадан шығуға, мақсаттарыңызға қадам басуға, өз қабілеттеріңізді жүзеге асыруға көмектеседі.

Күйзеліске түскен адамның алдында екі таңдау тұрады: жағдайды қабылдау немесе өзгерту. Екеуін де таңдай алмаса, оқиға қайтала береді. Оны да түсінген жөн.

Иә, біздің ата-аналарымызда, ата-әжелерімізде депрессияға шалдығу жиілігі өте төмен болды. Бала-шағаның қамы деп таңның атысы, күннің батысы  қара жұмыстан қолы босамайтын оларда сары уайымға салынатындай уақыт та тапшы болған секілді.

Оның үстіне қазір әлеуметтік желілердің қарқынды дамуы адамдарды өз өмірін басқалардікімен салыстыруға итермелеуде. Әлеуметтік желілердегі әрбір пост «Қара, менің өмірім сенікінен жақсы» деп ұрандап тұрғандай әсер етеді. Шын мәнінде, адам өзін басқалармен салыстыру арқылы шүкіршілігі азайып, құлдырауға ұшырайды.  Адам өз өмірінің тек бақытты сәттерімен бөлісетінін, ал қиындығын жұртқа жар салып айта бермейтінін ұмытпаңыз. Керісінше, Сіз оларға қарағанда әлдеқайда бақытты болуыңыз мүмкін. Сондықтан өзіңізді, өміріңізді өзгелермен салыстыру өз бақытыңызға балта шапқанмен бірдей.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

9 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

10 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

10 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

10 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

11 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС