"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында студенттердің білім алуына жағдай жасалуда

14.01.2025
Абай облысында студенттердің білім алуына жағдай жасалуда
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы студенттерге жоғары білім алуға кең мүмкіндіктер ұсынуда. Заманауи білім беру бастамалары мен әлеуметтік қолдау шаралары қолжетімді, әрі жайлы ортаны құруға ықпал етеді.

Мәселен, облыста үш университет жұмыс істейді: Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей медициналық университеті және Alikhan Bokeikhan University. Жоғары оқу орындарында 20 667 студент білім алуда, оның 6 618-і мемлекеттік білім грантының иегерлері.

Аймақтағы тарихы терең жоғары оқу орындарының бірі Шәкәрім университетінде 6711 студент білім алып жатса, оның ішінде 6 333-і бакалавр, 303-і магистратура және 75-і докторантурада. Сапалы білім деңгейімен танылған Семей медициналық университетінде 6035 студент бар. Олардың басым бөлігі бакалавриатта оқиды – 4231 студент, резидентураға 993 адам қабылданды. Облыстағы тағы бір ірі оқу орны – Alikhan Bokeikhan University. Оқу орнында 7921 студент білім алуда, оның ішінде 7401-і бакалавриатта оқуда.

«Жас мамандарды қолдау үшін облыс әкімдігі 2024 жылы басым бағыттар бойынша кадрлар даярлауға 200 мақсатты білім грантын бөлді. Нақтырақ айтқанда Шәкәрім университетіне – 56 грант, Семей медицина университетіне – 51 грант және Alikhan Bokeikhan University – 88 грант берілді. Әлеуметтік осал санаттағы өтініш берушілерге ерекше көңіл бөлінеді. 200 гранттың 76-сы аталған санаттағы отбасыдан шыққан балаларға бөлінді», — деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.

Студенттердің жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуде жатақханалар басты рөл атқарады. Облыстағы жоғары оқу орындарында жалпы сыйымдылығы 2280 орындық 10 жатақхана бар. Қазір мұнда 2083 студент тұрады.

«Шәкәрім университетінде студенттерге арналған 1074 орындық бес жатақхана бар, онда қазірдің өзінде 993 адам бар. Семей қаласының медициналық университеті 666 төсектік үш жатақханамен қамтамасыз етіліп, олар толықтай қамтылған. Әлихан Бөкейхан атындағы университетте жалпы саны 540 орындық екі жатақхана бар, онда 424 студент тұрады. Жатақханадағы орындарға басымдық жетім, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге беріледі», — деді Жасұлан Сәрсебаев.

Әлеуметтік осал топтағы студенттерге қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Шәкәрім университетінде биылғы оқу жылында 49 жетім бала жатақханада тегін тұрып жатыр. Оларға да ай сайын 10 050 теңге жәрдемақы төленеді.
Семей қаласының медициналық университеті біржолғы материалдық көмек көрсетеді: жетім ер студенттерге – 165 200 теңге, жетім қыз студенттерге – 189 650 теңге. Alikhan Bokeikhan University-де жетім балалар жатақханада тегін тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

1 час бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

1 день бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

3 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

4 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

4 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

4 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

4 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

4 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

5 дней бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС