"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Экономикалық міндеттердің логикасы: өсудің мүмкіндіктері мен тосқауылдары

05.02.2025
Экономикалық міндеттердің логикасы: өсудің мүмкіндіктері мен тосқауылдары
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралып, елді дамыту бағыттары талқыланды. Қазақстан да жаһандық технологиялық өзгерістерге тап болып, экономикаға кері әсер ететін факторлармен бетпе-бет келуде. Дегенмен күрделі қиындықтарға қарамастан, экономиканың күрт нашарлауына жол берілген жоқ. Алайда әртараптандыру толық жүзеге аспай, Ұлттық қор қаражатына тәуелділік сақталуда екенін ел басшысы ерекше атап өтті. Өндіруші саладан өңдеуші секторға көшу күрделі жағдайда өтіп жатыр. Елдің жаһандық талаптарға дайындығы төмен, инфрақұрылым да жеткіліксіз. Мысалы, ауыл шаруашылығы техникасының 80%-ы, су шаруашылығы нысандарының 60%-ы тозған. Бұл халықтың тұрмыс сапасына және қоршаған ортаға кері әсер етуде.

Президенттің ерекше назар аударған мәселелерінің бірі – қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің талқылауына түскен жаңа Салық кодексі мен оның ұсынылып жатқан жаңа нормалары. Салық жүйесін қайта қарау қажеттілігі соңғы жылдардағы бюджет тапшылығының артуымен тікелей байланысты екені түсінікті. Бұл – мәжбүрлі және қажетті шара. Бүгінде бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,7%-ын құрайды. Ал 2025 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 25,19 трлн теңгеге жетіп, тапшылық 4,1 трлн теңгеге өседі деген болжам бар.

Осы жағдайдан шығудың бір жолы ретінде кәсіпкерлерге салынатын негізгі салықтардың бірі – қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 12%-дан 20%-ға дейін арттыру көзделуде. Айта кетерлігі, бұл салық мөлшерлемесі елімізде соңғы 20 жылда өзгермеген, ал көптеген елдерде ол 15-20% деңгейінде. Жиын барысында ҚҚС-ты барлық салық төлеушілердің небәрі 4-6%-ы ғана төлейтіні атап өтілді. Осыған байланысты ҚҚС төлеушілерді тіркеу шегін төмендету жоспарлануда, бұл бюджет кірісін 5-7 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Ұлттық қордан трансферттер алуды тоқтату көзделіп отыр. Дегенмен, Президент ҚҚС мөлшерлемесін арттыру түпкілікті шешім емес екенін, ең бастысы – жүйелі реформа жасау қажеттігін атап өтті. Себебі, бұл өзгерістер түпкі тұтынушыға ауыртпалық түсіріп, тауар мен қызмет бағасының қымбаттауына, көлеңкелі экономиканың өсу қаупінің артуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, үкімет альтернативті салық жеңілдіктері мен олардың тиімділігін арттыру мәселесін жедел қарастыруы қажет деп есептейміз.

Президент назар аударған тағы бір маңызды бағыт – агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру. Өткен жылмен салыстырғанда экономиканың өзге секторлары арасында ауыл шаруашылығы саласы көшбасшылық қарқынын сақтауда. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін ұлғайту және қаржыландыру механизмдерін ашық әрі әділетті ету басты міндеттердің бірі ретінде белгіленді. Бұл сала еліміз үшін стратегиялық маңызға ие: ол халықты азық-түлікпен қамтамасыз етумен қатар, бюджеттің кіріс бөлігін арттырудың үлкен мүмкіндіктерін ұсынады.

БҰҰ болжамдарына сәйкес, 2040 жылға қарай әлем халқы 9 миллиардқа жетеді, ал орта таптың тұтынушылары алдағы 20 жылда 3 миллиард адамға көбейеді. Бұл ресурстарға деген сұраныстың геометриялық прогрессиямен артуына алып келеді. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген жаһандық қажеттілік кем дегенде 50%-ға өседі, ал алдағы онжылдықтарда әлемдік азық-түлік бағасының нақты өсімі 30-50% деңгейінде болуы мүмкін. Бұл бағаның тұрақсыздығын арттырып, жүздеген миллион адамның жағдайын қиындатады. Сондықтан, Қазақстанда ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту аса маңызды.

Қазіргі уақытта жаһандық экономика мен халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке күшейіп, барлық салада ресурстар үшін күрес жүріп жатыр. Осындай күрделі кезеңде Қазақстанның экономикалық серпіліс жасауға мүмкіндігі бар. Ең бастысы – жаңа экономикалық модельге жедел көшу және оны батыл жүзеге асыру. Кешігу мен баяулық терең дағдарыстарға алып келуі мүмкін. Сондықтан, экономикалық реформаларды іске асыруда нақты қадамдар жасалуы қажет.

Ұқсас жаңалықтар

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

1 день бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

3 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

4 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

4 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

4 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

4 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

4 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

5 дней бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС