"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛҒА КЕЛ, ҚАЛҚАТАЙ

13.02.2025
АУЫЛҒА КЕЛ, ҚАЛҚАТАЙ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осы аптада Көкпекті ауданының әкімі Әділет Қожанбаев Шәкәрім университеті студенттерімен кездесіп, ауданға жұмысқа шақырды. Кездесуге аудандағы барлық бөлім басшылары да қатысты.

 Алдымен бөлім басшылары университет қабырғасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп, студенттерге бос жұмыс орындары жайында ақпарат берді.

12 мыңнан астам халқы бар Көкпекті ауданы 9 ауылдық округ және 28 елді мекеннен құралған.  Аудан экономикасының негізгі бағыттары — ауылшаруашылығы және өнеркәсіп саласы.  Ауданның жалпы жер көлемі  910,0 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары  — 557,7 мың гектар.

Кездесуде Әділет Нұрсағатұлы атап өткендей, бүгінде ауданда 102 маман тапшылығы бар екен. Ауылға жұмысқа келген мамандарға 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы, үй сатып алуға 9 млн. теңгеге дейін пайызсыз несие және ауданда жуырда ашылған Қоғамдық қор есебінен қосымша сыйақы қарастырылған.

— Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – ауданымызға жас мамандарды тарту. Халықты ауылдарда тұрақтандыру үшін, әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамытып, қала мен ауыл арасындайы алшақтықты жоюымыз керек. Сондықтан бізге білімді, білікті, жігерлі жас мамандар қажет.  Жалпы, бүгінгі күнге  ауданда 102  маман тапшылығы бар.  Оның ішінде білім беру саласында 58, денсаулық сақтау саласында 9, мемлекеттік қызмет саласында 14, ауыл шаруашылығы саласында 21 маман жетіспейді,- деді аудан әкімі.

Көкпекті ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2025 жылы 30 маманға 11 млн 796  мың теңге,  1 маманға 393 200 теңгеден көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға  14 маманға 125 млн 824 мың теңге бюджеттік пайызсыз несие  қарастырылған. 1 адамға шамамен  9 млн теңгеге жуық қаражат шығады.

— Бұдан бөлек Көкпекті ауданында жуырда менің бастамамен, кәсіпкерлердің қолдауымен Қоғамдық қор ашылған болатын. Ауданға жұмысқа келген мамандарға жоғары аталған көмектерден бөлек, біліктілігіне байланысты осы Қордан арнайы қаржы қарастырылатын болады.  Тағы бір мәселе — ауданда көбіне жеке сектордағы тұрғын үйлер салынатыны белгілі. Бұл орайда біз, әсіресе,  қыз балаларға жер үйде жалғыз тұру қиын екенін біліп отырмыз. Сондықтан қазір барлық инфрақұрылымдары тартылған шағын көпқабатты тұрғын үй салу үшін ЖСҚ әзірлеп жатырмыз. Алдағы уақытта пәтер мәселесі шешіледі. Бұл жағынан уайымдамаңыздар,- деді аудан әкімі.

Студенттер өз кезегінде тұрғын үй, жалақы, жол мәселелеріне қатысты сауалдарын қойды.

— Көкпекті ауданы орталығы мен Семей қаласының арасы – 250 шақырым. Бүгінгі күні оның 220 шақырымы толық жөнделіп бітті. Қалған 30 шақырым жол маусым-шілде айларында қалпына келтіріледі. Ал, жалақы мәселесіне келсек, ауданда ешқандай санаты жоқ мұғалімдердің өзі 200 мыңнан кем алмайды. Сонымен қатар ауыл мұғалімдерінің еңбекақысына қосымша 20 пайыз үстемақы қосылатыны белгілі,- деді аудан әкімі.

Көкпекті ауданында соңғы жылдары өнеркәсіп саласы дамуда. Өңірде алтын-күміс қорытпасын шығаратын «Eastern Gold» ЖШС жұмыс істеуде. Жоба аясында 200 мың тонна алтын бар кенді өңдеу және жылына 200 кг-ға дейін ДоРе қорытпасын өндіру жоспарлануда. Бүгінгі күні кеніште кен өндіруден бастап ДоРе қорытпасын өндіруге дейінгі толық циклді операциялық қызмет іске қосылуда. Жоспар бойынша компания 60-қа жуық жергілікті инженерлік-техникалық қызметкерлерді, жұмысшы мамандықтарын, тамақтану саласының қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге қазіргі уақытта Биғаш және Көкжайық ауылдық округтерінде қосымша 2 кен орындарын барлау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Altay resourses» ЖШС Биғаш ауылдық округінде никель металлының қорларын барлау жұмыстарын бастап кетті.  2025-2026 жылдары барлау жұмыстары толығымен аяқталады деп күтілуде. Никель қорлары расталған жағдайда зауыт құрылысы басталады. Ал Көкжайық ауылында «Tesayrik copper» ЖШС мыс қорларын барлау жұмыстарын бастаған.  Жоғарыда аталған жобалар іске асырылған жағдайда ауданға 2026-2030 жылдар аралығында тау кен өндірісінің мамандарына сұраныс жоғары болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

 

Ұқсас жаңалықтар

 АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАРМА АУДАНЫНДА

18.04.2023
 АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖАРМА АУДАНЫНДА

Өткен сенбі күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жарма ауданына барып, Қалбатау ауылында тұрғындармен кездесті. Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Semeı...

Толығырақ...Details

ДАНИЯР ҚАДЫРОВ: КЕЗДЕСУЛЕР ЕСЕП БЕРУ ҮШІН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛМАЙДЫ

04.04.2023
ДАНИЯР ҚАДЫРОВ: КЕЗДЕСУЛЕР ЕСЕП БЕРУ ҮШІН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛМАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Вице-министр алдымен  Бизнес және сервис колледжінде...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС