"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ ҚОНДЫРҒЫЛАР ӘКЕЛІНДІ

17.02.2025
СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ ҚОНДЫРҒЫЛАР ӘКЕЛІНДІ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысындағы  Ядролық медицина және онкология орталығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жаңа медициналық қондырғылар пайдалануға берілді. Іс-шараға «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және орталық ұжымы қатысты.

Орталықта «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен SOMATOM go.Sim компьютерлік томографиялық сканері және TrueBeam сәулелік терапия жүйесі қойылды.

Жоғары технологиялық қондырғылардың арқасында  диагностикалау мен емдеудің сапасы артпақ. Нәтижесінде, өңіріміздің ғана емес, бүкіл ел тұрғындары сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Атап айтқанда, «SOMATOM go.Sim» компьютерлік томографы арқылы сәулелік терапияны дұрыс жүргізу үшін ісіктерді егжей-тегжейлі көруге болады.

— Бұл өз кезегінде сәулелену дозасын азайтуға, емдеу іс-шараларын ағзаның табиғи физиологиялық процестерін (тыныс алу, жүрек соғысы) ескере отырып жүргізуге мүмкіндік береді. Емдеудің сәтті өтуін арттырып, сәулелік терапияның ең күрделі әдістерін жоспарлауға көмектеседі,- дейді ядролық медицина және онкология орталығының директоры Саят Таңатаров.

Ал TrueBeam сәулелік терапия жүйесі тек қатерлі жасушаларға әсер ететін сәулеленудің инновациялық әдістерін қолдануға, динамикалық бақылау технологиясының арқасында ең күрделі және қозғалмалы ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, ем қабылдау ұзақтығын азайтып, жайлылықты арттырады. Ең бастысы, емделушілердің өмір сүру сапасын бұзбайды. Дәрігерлер жаңа қондырғылардың арқасында сырқаттардың диагнозын дәл қоя алады.

«Қазақстан халқына» қорының басқарма төрайымы Ләззат Шынғыспаева онкологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуға Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығы ғана емес, Қазақстанның барлық 20 онкологиялық орталығы өтінім бергенін атап өтті. Семейге қажетті жабдықтарды алуға бөлінген жалпы сомма — 3 млрд 90 млн теңгені құраған.

— Науқастарды, оның ішінде қатерлі ісікпен ауыратындарды  шетелге емдеуге жіберу туралы өтініштер көп түседі. Біздің елімізде де білікті мамандар мен қажетті жабдықтар бар. Иә, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар, үшінші және төртінші сатыдағы науқастарды емдеу үшін мақсатты терапия жетіспеді. Бірақ біз оны да енгіздік. Онколог мамандарымызды Париждегі Кюри институтына оқуға жібердік,- деді Л.Шыңғыспаева.

Күндізгі стационардың меңгерушісі, радиациялық онколог Наталья Карнакова атап өткендей, қазір қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтауға болады.

— Егер бұрын науқас денесінде 1,5 см ісік болса, бұл обырдың бірінші кезеңі деп саналатын. Бүгінгі мүмкіндіктеріміз науқасқа компьютерлік томография жүргізген кезде, ісіктің осындай кішкентай ошақтарын да анықтауға мүмкіндік береді. Бізде төртінші стадияда жүрген науқастарымыз аз емес, дегенмен қазіргі емдеу мүмкіндіктеріміз жақсы нәтиже беруде. Сырқаттардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді,- деді Наталья Карнакова. Еске салайық, жақында Ядролық медицина және онкология орталығы өзінің 18F-PSMA-1007 радиофармацевтикалық препаратын шығара бастады. Оның көмегімен қуық асты безінің обырын және оның жайылу аумақтарын жоғары дәлдікпен көруге болады.

Ұқсас жаңалықтар

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

31.10.2022
АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Үкімет бақылауындағы ана мен бала өлімінің индикаторлары еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіші болып есептеледі. Осы ретте...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Биыл Абай облысында 13 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған

1 час бұрын

Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі жөніндегі комиссиясында: қорғаныс стратегиясынан есірткі бизнесінің табыстарына жаһандық қарсы әрекетке көшу

1 час бұрын

Абай облысында 191 заңсыз қоқыс орны жойылды

1 час бұрын

АДАЛ АЗАМАТ: Қоғамға қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен тұлға

1 час бұрын

Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

20 часов бұрын

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі: Абай облысында коалиция мүшелері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

20 часов бұрын

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

20 часов бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ARAI EAST FOOD» КӘСІПОРНЫ ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21 час бұрын

Цифрлық реформалар: Қазақстанда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

2 дня бұрын

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС