"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

31.10.2022
АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үкімет бақылауындағы ана мен бала өлімінің индикаторлары еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіші болып есептеледі. Осы ретте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен ана мен бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі облыстық штабтың алғашқы отырысы өтті.

Штаб отырысынан соң облыс әкімі сала мамандарымен бірге Семей қаласындағы балаларды оңалту, ерте араласу, медициналық-генетикалық кеңес орталығы мен облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.

3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қамтитын балаларды оңалту орталығы және 0 жастан 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған ерте араласу орталығында Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары және Курчатов қаласы балаларына 86 қызметкер медициналық көмек көрсетеді. Орталықтарға балаларға қызмет алу үшін күніне 100-ге тарта өтініш түседі.

Ал облыстық перинаталдық орталық жүкті және босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған көмек береді. Перинаталдық орталық 220 тәулік бойы пайдалануға арналған және 80 стационарды алмастыратын төсек-орынмен жабдықталған.

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Аталған мекемелердің жұмысымен толық танысқан соң облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне, сондай-ақ сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Атап айтсақ, босанғанға дейінгі жоғары қауіпті жүктілік тобындағы әйел адамдарды пансионатқа жатқызуды және оларды тасымалдауды облыстық деңгейде қамтамасыз ету, босандыру мекемелерінің жас дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау мүмкіндігін қарастыру, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен бірлесіп, кадрлар даярлауға арналған гранттарды ұлғайту мүмкіндігін қарастыру, босандыру және балалық шақ қызметтерін медицина қызметкерлерімен жасақтау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Үржар ауданы мен Ақсуат ауданы ауруханаларының перзентханалық бөлімшесін перинаталдық көмектің ІІ деңгейіне ауыстыру және босану кезінде ауыр жағдайға ұшыраған баласы бар әйелдерді емдеуге жатқызу үшін оңалту төсектерін ұйымдастыру мәселелерін қарастыруды, ультрадыбыстық пренаталды скринингті жүзеге асыратын дәрігерлердің біліктілігін арттыру арқылы жүкті әйелдерді сапалы пренаталды скринингпен қамтуды ұлғайту жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді, мекемелерді арнайы мамандармен және медициналық жабдықтармен жарақтандыруды міндеттеді.

Бұдан бөлек облыс әкімі медицина саласы басшыларына экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп шетелдік және республикалық клиникалардағы басым тақырыптар бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қосымша қаражат бөлуді қарастыруды ұсынды.

 

Абай облысының әкімдігі

Мақалада: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Ұқсас жаңалықтар

СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ ҚОНДЫРҒЫЛАР ӘКЕЛІНДІ

17.02.2025
СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ ҚОНДЫРҒЫЛАР ӘКЕЛІНДІ

Абай облысындағы  Ядролық медицина және онкология орталығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жаңа медициналық қондырғылар пайдалануға берілді. Іс-шараға «Қазақстан Халқына»...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Масалар кімді көбірек шағады – дәрігер түсіндірді

3 часа бұрын

Семейде 40 аула абаттандырылады: облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

3 часа бұрын

Семейдегі әскери госпитальдің күрделі жөндеуі жалғасады – облыс әкімі

4 часа бұрын

Семейде жылу маусымына дайындық басталды: облыс әкімі ЖЭО-1 жұмысын тексерді

4 часа бұрын

Абайдың 180 жылдығы – ұлт мерейі: облыс әкімі зиялы қауыммен кеңесті

4 часа бұрын

Семейдегі үлескерлер мәселесі шешім табуда: 65 азаматқа дайын пәтер ұсынылды

4 часа бұрын

Абай облысында жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

4 часа бұрын

Семейде жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті: сапалы өнім мен жаңа мүмкіндіктер

4 часа бұрын

Тоқаев қатысқан рәсім: Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылды

4 часа бұрын

Туризм мен тәртіп басты назарда: Абай облысы әкімінің орынбасары Мақаншыға барды

4 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС