"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРСІН ЕСКЕНДІРОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУ КЕРЕК

Ерсін Қадірбекұлы Ескендіров 1985 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын ҚР АШМ АӨК ШҚО МИК Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр маманы ретінде бастады. Әр жылдары ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маман-заңгері, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Абай облысы жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы сияқты қызметтер атқарды. Өткен жылдың желтоқсан айында Ақсуат ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Ерсін Қадірбекұлымен бүгінгі сұхбатымыз ауданда бүгінгі таңда атқарылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар жайлы болмақ.

21.05.2025
ЕРСІН ЕСКЕНДІРОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУ КЕРЕК
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

— Аудан әкімі қызметіне тағайындалғаныңызға да жарты жылға жуықтап қалды. Осы  уақыт ішінде қандай мәселелерге ерекше тоқталу керек деген ой түйдіңіз?

— Мен осы жердің өз тумасымын. Әкімдік қызметке тағайындалмай  тұрып, ауданда мемлекеттік қызметтің түрлі саласында еңбек еттім. Әкімнің орынбасары қызметін атқара жүріп көп нәрсені үйрендім. Ел басқару — өте жауапты міндет. Оның қыр-сырын  меңгермей тұрып, басшылыққа келу, халыққа  жол көрсету үшін, ең алдымен, өзің сол жолды танып алуың керек.

Ақсуат — қойнауы тарихтың қатпар-қатпар сырларына тұнып тұрған бай мекен. Мен осы қойнауы құтты – топырағы нәр, құйқалы өңірдің өз перзентімін. Сондықтан ел мен жердің қыр-сырын жақсы білемін. Бұл  топырақтан батырлар да, ақындар да, әлемді аузына қаратқан палуандар көптеп шыққан, бұл  өңірдің қасиетін аңғартса керек.

Айтып кеткенімдей, әкім болып тағайындалғанға дейін ауданда әр салада қызмет атқардым. Сондықтан өңірдің  әлеуметтік-экономикалық дамуы, әр саладағы артықшылығы мен шешімін күткен  өзекті мәселелері мен үшін жат емес. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығына сенім артатындықтан, саланы жетілдіру ерекше маңызды. Алайда мен халықтың әлеуметтік жағдайы басты назарда болуы керек деп есептеймін. Сондықтан жергілікті тұрғындарға  әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қолдаулар көрсету аса маңызды. Бұл орайда елді мекендердегі инфрақұрылымдарды одан әрі дамыту, әлеуметтік нысандардың құрылысын жетілдіру жұмыстары жалғасын табуы керек.

Ауданымызда өткен жылы әр салада негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Соның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 936,7 млн теңгені құрап, 2 есеге өсті.

— Мемлекет басшысы  инвестиция тартуға ерекше көңіл бөліп отыр ғой…

— Жалпы, инвесторларды тарту тек бір бағытта емес, барлық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Өңірлерде инвестиция тартуды жүзеге асыру біздерге, аудан әкімдеріне, ерекше тапсырылып отыр. Инвестиция тек шет елден ғана келмейді, ішкі инвестициялар да маңызды.

Ауданымызды дамытудағы негізгі бағыттардың бірі инвестиция тарту екені белгілі. Атап айтсақ, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,6 есеге өсіп, 13 млрд 36,4 млн теңгені құрады. Тартылған инвестицияның 78 пайызы (10 млрд 155 млн теңге) жеке меншік қаражат есебінен.

Инвестиция тарту жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 — Жаңа өзіңіз аудан экономикасы ауыл шаруашылығына сенім артады деп айтып кеттіңіз. Осы тақырыпқа жеке тоқталып өтсеңіз…

— Иә, ауданымыз ауыл шаруашылығына бейімделген. Бүгінгі таңда ірі қара 142,5 мың басқа, қой мен ешкі 228 мың басқа, жылқы 29,6 мың басқа жетіп, тиісінше, ірі қара 186 пайызға, қой-ешкі 128 пайызға, жылқы 102 пайызға көбейді.

Аталған саланы дамытуда техниканың алар орны да зор екені белгілі. Бұл ретте «Лизинг» бағдарламасы арқылы өткен жылы 46 бірлік трактор сатып алынса, биылғы жылдың 3 айында 13 бірлік трактор және 14 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтары сатып алынды. Жыл аяғына дейін аудан бойынша тағы 45 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтарын сатып алу жоспарлануда.

Таяу уақытта 7 ауылда 26 млн 250 мың теңге қаржыға  мал тоғыту алаңдарының құрылысы басталатын болды.

Кейінгі жылдары шаруашылықтар малды өсіріп қана қоймай, оның сапасына да ерекше мән беруде. Мысалы, аудандағы асыл тұқымды шаруашылықтар саны 78-ге жетіп, өткен  жылмен салыстырғанда, 108,3 пайызға өсім көрсетті.

Мал басын өсіруде қажетті жем-шөп қорын жасақтаудың маңызы зор. Биыл осы мақсатта 8352 гектар суармалы егістік жер телімін игеру көзделген. Шаруашылықтарда тың технологияларды енгізу жұмыстары да қолға алынуда. «Алтын-Алтай» шаруа қожалығы тамшылатып суарылатын егіс алқабын 300 гектарға дейін ұлғайтпақ.

Егістік жер көлемін ұлғайту үшін су қорын қамтамасыз етуіміз керек. Осы орайда «Қарғыба өзеніндегі су қоймасы құрылысын салу» жобасы және Қарғыба өзеніндегі Дәулетбай, Базар өзеніндегі Жанбике магистральды каналдары бойынша сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына орай, ауданда мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да жүргізілуде. 2025 жылғы жоспар-тапсырмаға сәйкес, мемлекеттің арнайы жер қорына 31 500 гектар қайтарылды.

— Халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмысы қандай деңгейде?

— Әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі — баспана. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұрағандар  өте көп. Бұл мәселе мүмкіндігінше шешіліп жатыр.
Мемлекет басшысы әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі  баспанамен қамту деп осы мәселеге ерекше маңыз беріп отыр. Бұл бағытта ауданымызда  жүйелі жұмыстар бар. Айталық, 2024 жылы аудан көлемінде әр түрлі санаттағы отбасыларға қос пәтерлі 52 үй (104 пәтер) пайдалануға берілді. Биыл ауданда қос пәтерлі 9 үй (18 пәтер) салу жоспарланған. Әрине, бұл — әлі де жетілдіре түсуді талап ететін мәселе. Баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта жалғаса беретін болады.

— Жергілікті салық  мөлшері аудан бюджетінің қанша пайызын құрап отыр?

— Әлемдегі барлық елде салық жүйесі негізгі салалардың бірі болып саналады. Еліміздің  көркейіп, әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуі, адамдардың өмір сүру ахуалының жоғарылауы  салық түсімдеріне байланысты.

Аудан экономикасының негізгі әлеуеті де салықтық түсімдерге тікелей байланысты. Мәселен, биылғы жылдың 3 айында жергілікті бюджетке 1 млрд 244,6 млн теңге салық төленіп, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 120,7 пайызға артық орындалды. Әрине, бұл бағытта әлі де жұмыс атқарылуы қажет.

— Аудандағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ошақтарының жағдайына тоқталсаңыз…

— Саналы ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білім берудің мәні зор. Ол үшін білім нысандарының талапқа сай болуына баса көңіл бөлініп отыр. Мәселен, 2024 жылы облыстық бюджеттен білім беру нысандарына 118 млн теңге қаражат бөлініп, оған Ақсуат ауылындағы интернатқа, Ю.Гагарин және Тоғас батыр атындағы орта мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Көкжыра ауылдық округіне қарасты Базар шаты маңынан жазғы балалар лагерінің құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Аудандағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту да басты назарда, бұл ретте Тоғас батыр, Би Боранбай, Сасан би атындағы орта мектептерге 18,2 млн теңгеге пән кабинеттері сатып алынды.

Сонымен қатар Қожакелді батыр атындағы мектеп «тірек мектеп» болып бекітіліп, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы бөлінген 250,0 млн теңге қаражатқа заманауи құрал-жабдықтар алынды. 5 бастауыш мектепке 19 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Білім саласында биыл да бірқатар жұмыстар атқарылатын болады. Биыл жаңа модификациялы кабинеттермен 3 мектепті (М.Әуезов, Тана мырза, Өкпеті мектептері) қамтамасыз ету жоспарланған.

Бәсекеге қабілетті мықты мемлекет болу үшін дені сау ұлт қалыптастыруымыз қажет екені белгілі. Бұл ретте халықтың денсаулығын сақтау және жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасын таба бермек.  Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында Ақсуат аудандық ауруханасына 158,4 млн теңге қаражат бөлініп, наркоздық тыныс алу аппараты, видеогастроскоп, видеоколоноскоп, лапароскопиялық аппарат секілді медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.

Тағы бір айта кетерлігі, облыс басшылығының қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан әкімдігінің бірлесе жұмыс жүргізуінің нәтижесінде орталық аурухана жанынан амбулаторлы диализдің күндізгі бөлімі ашылды. Бұл жанын шүберекке түйіп ұзақ жол жүріп, қалаға сабылатын науқастардың мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік берді. Енді дәрігерлер пациенттерді өзімізде қабылдап, ем көрсете алатын болды. Сондай-ақ тұрғындардың сұранысы негізінде аудандық ауруханаға 570,0 млн теңгеге компьютерлік томография аппаратын сатып алу жоспарлануда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Екпін және Үштөбе ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Кіндікті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Айнабастау, Қызылжұлдыз, Аққала, Қожакелді, Көктүбек, Сұлутал ауылдарында медициналық пункттер салынуда, алдағы уақытта қолданысқа берілетін болады.

Жергілікті халықтың рухани дамуын және өнерін өрістету бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, мемлекеттік — жеке меншік әріптестік аясында Екпін, Жәнтікей ауылдарында жаңа мәдениет үйлері бой көтерді. Кіндікті ауылындағы клуб үйіне, Қызылкесік ауылындағы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 72,0 млн теңге қаражат бөлініп, аудандық мәдениет үйіне ЛЭД экран, музыкалық аппаратура, көрермендер залына орындықтар, сахна шымылдығы мен сахналық киімдер және барлық ауылдық клуб үйлеріне музыкалық аппаратуралар сатып алынды. Көкжыра ауылында мәдениет үйін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға енгізілді.

Тағы бір маңызды мәселе — интернеттің шалғайдағы ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы. Бұл — елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Бұл бағытта да қолға алынып жатқан істер аз емес. Биылғы жылдың соңына дейін шалғайдағы Кіндікті, Қызылкесік, Үштөбе ауылдары интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

— Елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?

— Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешімін тауып келеді. Аудан бойынша 27 елді мекен бар болса, соның 14-і орталықтандырылған су  құбыры желілеріне қосылған. Қалған 13 елді мекенге келсек, 3 елді мекенде ұңғыма үстіндегі павильон, 8 елді мекенде блокты-модульді станция орнатылған. Жалпы аудан бойынша елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы 92,6 пайыз. Сонымен қатар Көкжыра (ескі ауыл), Кіндікті ауылдарында су құбыры желілері жаңартылатын болады. Ал Ақсуат ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғырту және де жаңадан салынған Бөрітостаған, Ет комбинаты мөлтек аудандарына су құбыры желілерін тартуға және Қарғыба, Қызылжұлдыз, Қожакелді, Сұлутал ауылдарының су құбыры желілері құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жіберілді.

— Аудандағы коммуналдық қызметтер, жол жөндеу, абаттандыру жұмыстарына тоқталсаңыз…

— Жол — тіршілік пен қарым-қатынастың негізгі өзегі. Жолдардың сапасын жақсарту мәселесі де назардан тыс қалған емес. Биыл Ойшілік ауылына кіреберіс 2,4-9,6 шақырым аралығындағы аудандық маңызы бар жолды орташа жөндеуден өткізуге және Тебіске өзенінде орналасқан көпірді қайта жаңғыртуға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ Сәтбаев ауылының орталық көшесі, Сәтбаев — Көктүбек ауылдары арасындағы, Қызылжұлдыз ауылына кіреберіс 3,6 шақырым жол, Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті бағытындағы 12-24 шақырым аралығындағы жолға асфальт төселді. Есім ауылына қатынауды жеңілдету мақсатында тұрғындардың өтініш-тілектері ескеріліп, былтырғы жылы Қарғыба өзенінің үстінен көпір салынды. Тасқын салдарынан бұзылған Боғас өзеніндегі көпір қайта салынып, пайдалануға берілді.

Қазіргі күні «Ақсуат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны аудан орталығындағы Қабанбай батыр көшесінің кіреберісінен айналмалы жолға дейінгі автомобиль жолын 4 жолақты  етіп кеңейтіп,  асфальттау жұмыстарын жүргізуде.  Жолдың оң жақ шетіне 1,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандыру орнатылатын болады.

«Ақсуат» коммуналдық кәсіпорнының техникалық базасы жылдан-жылға жақсартылып келеді, 1 асфальт төсегіш, 1 трал тартқышымен, 1 экскаватор, 1 дөңгелекті әмбебап экскаватор, 1 жүк көлігі, 1 жол тегістейтін, 2 автогрейдер, 2 ассенизатор, 2 тиегіш, 1 манипулятор, 1 телескопиялық көтергіш техникалары сатып алынды. Сонымен қатар Кіндікті, Жәнтікей, Ойшілік, Қызылкесік ауылдарына тиегіш техника берілді.

Аудан орталығын, ауылдық округтерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Мәселен, өткен жылы 350 дана көше жарық шамдары айырбасталды. Ақсуат ауылындағы көп пәтерлі үйлердің шатырлары жаңаланып, қасбеттері заманауи материалдармен қапталды. Жақында Орталық алаңдағы сахнаны ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Абылайхан көшесіне Street Workaut жаттығу алаңын орнатуға қаржы қарастырылды. Ақсуат ауылының ішкі көшелерінде жол белгілері орнатылды, көше атаулары жазылған ілінді. Биыл аудан орталығында жаңадан бағдаршамдар орнатылады. Абай, Молдабай, Сапоров көшелерінің бойынан ойын алаңдары, Қабанбай көшесі бойынан футбол алаңы салынды. Қабанбай батыр көшесінде 10 автобус аялдамасы орнатылды. «Мәңгілік Ел» саябағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірнеше жерден кіреберіс аркалар орнатылды, Ауған соғысы ардагерлеріне ескерткіш қойылды. Абай саябағының қоршауы жаңартылды. Сондай-ақ Ақсуат ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон құрылысын жүргізуге қаржы бөлінді. Игі жаңалықтың бірі – Ақсуат ауылының күнбатыс шығаберіс жағынан QAZAQ OIL-Q-PARTNER жанармай құю бекетінің іргетасы қаланып, құрылысы басталды. Бұл ауыспалы нысан мерзімінде аяқталады деген үміттеміз. Жаңа жанармай құю бекеті аудан тұрғындары мен жолаушыларды сапалы жанармай өнімдерімен қамтамасыз ететін болады.

Ақсуат ауданы үшін өткен жыл әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалардың іске асуымен есте қалды. Биыл да жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады, алдымызға ауқымды мақсат-міндеттер қойып отырмыз.

Ерсін Қадірбекұлы, сұхбат беруге уақыт тапқаныңызға рақмет! Жұмысыңызға табыс тілейміз!

 Сұхбаттасқан Риза АСАНҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақсуат ауданы су тасқынына қарсы арнайы техникамен жабдықталуда

12.03.2025
Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда

Ақсуат ауданында 9 ауылдық округ болса, оның 8-інде қауіпі бар. Осыған орай, биыл су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде....

Толығырақ...Details

Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда

12.03.2025
Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда

Аудан аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы, аудан арқылы өтетін автомобиль жолдарының ұзындығы 697 шақырымды...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

8 часов бұрын

ЕРСІН ЕСКЕНДІРОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУ КЕРЕК

8 часов бұрын

Данияр Шәкәрімов: «Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді»

8 часов бұрын

21 мамырда Семейде Әуежай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

15 часов бұрын

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті төртінші іріктеу басталады

2 дня бұрын

Семей қаласында жаңа өндірістік цех ашылды

2 дня бұрын

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

2 дня бұрын

Облыс әкімі өңірдің алдағы жылдардағы даму жоспарын таныстырды

4 дня бұрын

Семейде «Инвесторлар үйі» ашылады

4 дня бұрын

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС