"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Жарма халқымен кездесті

27.07.2025
Облыс әкімі Жарма халқымен кездесті
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады.

Жиында алдымен Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаев 2024-2025 жылдарға жоспарланған жұмыстар туралы есеп берді. Ал облыс әкімі ауданның даму көрсеткіштерімен қатар өзекті мәселелер мен жоспарланған жобаларды ортаға салды.

Облыс бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 4,3 пайыз өсіммен 3,2 триллион теңгеге жеткен. Инвестиция көлемі 575,4 миллиард теңгені құрап отыр, оның басым бөлігі жеке инвестиция. Ал бұл көрсеткіштің 9 пайызы ауыл шаруашылығына, 7,7 пайызы құрылысқа, 4,3 пайызы көлік саласына тиесілі.

Жарма ауданы бойынша шешімін күткен мәселелер де көтерілді. Атап айтқанда, аудандағы жылу желілерінің 68,6 пайызы тозған. Биыл Шуақ ауылындағы жылу жүйесін жөндеуге қаржы бөлініп отыр. Ауыз сумен қамту бойынша Қалбатау мен Жаңғызтөбе ауылдарында су жүйелері жаңғыртылуда. Сонымен қатар Сұлусары ауылындағы жоба қайта қаралып жатыр.

Ауданда 20 шақырымнан астам жол жөнделеді. Бұл жұмыстар Жаңғызтөбе – Жарық бағытындағы жол мен Қалбатау, Үшбиік ауылдарының көшелерін қамтиды. Білім беру саласында Жарма ауданындағы 15 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 7 мектепке жаңа пәндік кабинеттер сатып алынбақ.

Денсаулық сақтау саласында Қапай батыр ауылындағы медпункт жөнделіп, Шар қаласының ауруханасы жаңғыртылмақ. Спорт пен мәдениет саласында да бірқатар нысандар – Қалбатаудағы стадион мен бассейн, Жаңғызтөбедегі спорт модулі, Шар қаласындағы мәдениет үйі жөнделеді. Аудандық мәдениет үйіне жаңа музыкалық аппараттар алынатыны да айтылды.

Кездесу соңында тұрғындар жол, көпір, мектеп және әлеуметтік нысандарға қатысты өз сұрақтарын қойды. Облыс әкімі барлық мәселе назарда болатынын айтып, бірқатар жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті бюджетке өтінім берілгенін жеткізді.

«Жарма ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Мұнда даму әлеуеті зор. Үшбиік ауылындағы көпір – ең өзекті мәселе. Қайта салу үшін Көлік министрлігіне өтінім берілді. Қалбатауда бала саны көп болғандықтан, жаңа мектеп салу жоспарда. Бұл жұмыстар жүйелі түрде атқарылады», – деді облыс әкімі Берік Уәли.

Мақалада: әлеуметтік дамуБерік Уәлижаңа мектепЖарма ауданыҚалбатау

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС