"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АБАЙ ЕЛІНДЕ БОЛДЫ

30.01.2015
АЙМАҚ БАСШЫСЫ АБАЙ ЕЛІНДЕ БОЛДЫ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні ШҚО әкімі Даниал Ахметов Ұлылар мекені – Абай елінде болды. Абай ауданындағы жұмыс сапарын облыс әкімі алдымен қазақ әдебиетінің қос бірдей алыбы мәңгілікке тыныс тапқан қасиетті жер, Еуразия материгінің кіндігі, Жидебайдан бастады.

Облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин және облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов та ауданға ат басын тіреді.

{jcomments on}Мәртебелі меймандарды аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков пен Абайдың Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық “Жидебай-Бөрлі” қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір бастаған топ қарсы алды. Кие қонып, құт дарыған тарихи мекен – Ұлы Абай мен шежірелі Шәкәрімнің кесенелеріне тағзым етіліп, құран бағышталып, арнайы құрбандық шалынды. Даниал Кенжетайұлы Абайдың мұражайын, Шәкәрімнің саят қора экспозициясын аралап көрді. Соңғы жылдары құрылысы саябырсып тоқтап қалған демалыс кешенінің жағдайымен танысып, аталмыш нысанның құрылысының аяқталуына қаржылай қолдау білдіретіндігін жеткізді. Тауы мен тасы тарихтан сыр бүккен қасиетті мекенді бір көруді аңсап келетін меймандардың қарасы мол екені белгілі. Сондықтан халық игілігіне жұмыс жасайтын демалыс кешені тек жазда ғана емес, болашақта қыс мезгілінде де қызмет көрсетуге тиіс екендігін айтты облыс әкімі.

Одан кейін аймақ басшысы аудан орталығы Қарауыл ауылындағы “Туған жерге тағзым” акциясы аясында салынған «Шыңғыстау» спорт кешенінің жұмысымен танысты. Облыс әкімі бастаған құрметті қонақтарды аудандағы спорт саласының басшылары мен дүбірлі додаларда Шығыс Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген спортшылар Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Шалқар Жоламанов, Зере Бектасқызы, Айдос Сейпілұлы, Қуан Барыстар және Серік Қоржыкенов, Шыңғыс Тұрсынов сынды жаттықтырушылар тобы қарсы алды. Даңқты спортшылармен жүздескен соң аймақ басшысы спорт кешеніндегі бокс және күрес залдарын, тақталы ойындарға баулитын сыныптарды аралап көрді.

 

— Шырайлы Шығыс өңірінде туып-өскен сайыпқыран спортшыларымыз әрдайым облыс мерейін үстем ете берулері тиіс. Ол үшін олардың еңбекақысын арттырып, жағдайларын жасау қажет. Спорт саласының мамандарын Қытай еліне жіберіп оқытып, тәжірибе жинақтатып, облыс орталығынан олимпиадалық резервтерді дайындайтын интернат түріндегі орталық ашу көзделуде. Онда ауылдың қарадомалақтарынан 200 бала күрес түрлері, жеңіл атлетика, суда жүзу және қысқы спорт түрлері бойынша жаттығатын болады. Аудан спортын көтеруге арналған игі бастамаларды қолдаймын, — деді Даниал Кенжетайұлы спорт майталмандарымен кездесу барысында.

 

Бұл жерден кейін облыс басшысы аудандық ауруханаға ат басын бұрды. Онда емделушілермен пікірлесіп, аурухананың тыныс-тіршілігімен, кеңес-диагностикалық емхана жұмысымен және қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жұмысымен танысты.

Ауруханадан шыққан соң облыс басшысы аудандық мәдениет үйін бетке алып, мұнда мәдениет саласының ардагерлерімен жүздесті. “Қаламқас” ән-би ансамблінің шағын концертін тамашалады. Мәдениет үйінің фойесінде тірек ауылдарды дамытуға, биылғы тарихи атаулы күндерді атап өтуге арналып жасалған стендтер аймақ басшысының назарына ұсынылды. Арнайы интерактивті тақта арқылы аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы кең көлемді ақпар берді. Тұрсынғазы Жантұяқұлы аудандағы абаттандыру, көріктендіру, жарықтандыру жұмыстары, “Туған жерге тағзым” акциясының орындалу барысы жайлы айтты. Көкбай, Саржал, Қасқабұлақ сынды үш тірек ауылды дамыту жайы және бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады. Елбасының “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауының негізгі басым бағыттарының орындалуы турасында да айтып өтті.

Сапары аясында облыс әкімі Даниал Ахметов Абай атындағы жалпы білім беретін кешенді мектеп-лицейге де барды. 90 жылға жуық тарихы бар білім ордасындағы «Қазақстан жолы» ка- бинетіне, спорт залына бас сұққан  Даниал Кенжетайұлы мектеп мұражайын аралап, 11 сынып оқушыларымен жүздесті. Білім ордасының директоры Роллан Тлеуханов облыс басшысын мектептің материалдық-техникалық базасы, оқушылардың саны жайлы ақпараттардан құлағдар етті.

Келесі кезекте облыс әкімі Қарауылдан шет жақ аумағында орналасқан “Серік” шаруа қожалығының арнайы мал сою цехына барды. Қожалық басшысы, кәсіпкер Ерсін Сармурзиннің айтуынша, бұл орталықта күніне кем дегенде 6 бас ірі қара, 50 бас ұсақ мал сойылып, олардан алынған ет өнімі 900 теңгеден саудаланады екен. Облыс әкімі қожалық аумағындағы мал бордақылау алаңының жұмысына да қанық болды. Цех алдында Амантай Мұқатаев, Рысқали Балтабеков, Самал Мұқатай, Сағатбек Асқаров сынды ірі шаруа қожалықтарының иелері облыс басшысымен арнайы кездесті. Ондағы тілек- біреу. Яғни өздері өсіріп отырған төрт түліктің өнімдерін өткізетін орталықтың ашылғанын қалайтындықтарын айтады қожалық иелері. Осы өтінішке орай  Даниал Кенжетайұлы түсінік беріп өтті.

— Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз өркендеу үстінде. Ең бастысы, бірлігімізге    бекем болып, елдегі тұрақтылыққа сызат түсірмеу – басты мақсат. Ауыл шаруашылығына келсек, ең бастысы, асылтұқымды мал өсіруді мықтап қолға алып, қазақтың ақ бас ірі қараларын өсіруді дамытатын шаруашылықтардың қатарын арттыру қажет. Осы мақсат үшін сіздерге несиелер беріледі. Асылтұқымды мал басын арттыруға, әсіресе Абай және Аягөз аудандары баса мән беруі қажет. Осы  сапарымда көңіліме көп нәрсе түйдім. Ұлылар елін дамыта түсу жолындағы қолымнан келген көмекті аямаймын, — деді Даниал Ахметов.

Өзінің Абай ауданына жасаған біркүндік сапарының соңында аймақ басшысы жұмысы тоқтап тұрған “Дерикар” ЖШС-де де болып, Қасқабұлақ өңірінде жұмысы басталып жатқан, ҮИИД картасына кірген, “Мақсұт” мыс кенін өндіру зауытының жұмысымен де танысты.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

“Семей таңы”

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

6 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС