"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

14.02.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Отырыста осы жылға және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық саясаттың нақты шаралары айқындалды.

{jcomments on}Іс-шара барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев, Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, Энергетика министрі В.Школьник, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Алматы қаласының әкімі А.Есімов, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұханбетов, Павлодар облысының әкімі Қ.Бозымбаев, Алматы облысының әкімі А.Баталов өткен жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған жоспарлар жөнінде баяндама жасады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі уақытта елге жаңа жағдайға бейімделу керек болатынын, ол үшін экономикалық және заңнамалық сипаттағы жедел    шаралар қажет екенін атап айтты.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Үкіметтің, Ұлттық банктің және әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын құратын «Нұрлы жол» бағдарламасы дағдарысқа қарсы тиімді құрал болып саналатынына назар аударды.

– Бағдарлама Астанадан «шұғыла қағидаты бойынша» тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары 500 миллиард теңге бөлінеді, соның 180 миллиард теңгесі биыл пайдаланылады, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл қаражат өңірлерде уақтылы игерілуі тиістігін    айтты.

– Барлық жобаларды осы айдан бастап қаржыландыруды тапсырамын, өйткені бұл біздің компанияларымыздың өнімдеріне ішкі сұранысты қамтамасыз етеді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі экономикалық ахуалды ескеріп, «Нұрлы жол»  бағдарламасын дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтыру арқылы қолдау шараларының аясын кеңейткен жөн екендігін атап өтті.

– Бұлардың қатарында отандық машина жасау саласын және экспортшыларды қолдау, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін инфрақұрылымдар жүргізу, АӨК-ні мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ішкі нарықты қорғау шаралары және басқа да бағдарлар бар. Үкімет 250 миллиард теңге көлемінде шұғыл шаралар қабылдау үшін резерв жасақтауы тиіс. Бағдарламаны бір айда толықтыруды және бекітуге ұсынуды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бюджет шығыстарын оңтайландыруды дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі элементтерінің бірі ретінде атады.

 

– Басталған жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жаңа бастамаларды, ұсыныстарды жағдай жақсарғанға дейін шегере тұрамыз. Бұл барлық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты. Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджетті 700 миллиард теңгеге  немесе шығыстардың жалпы көлемінің 10 пайызына дейін қысқартуды тапсырамын. Бұл ретте мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері еш өзгеріссіз қалуы тиіс. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының және аудандардың әкімдері де қатаң бюджет саясатын жүргізуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұлттық басқарушы холдингтер де тиісті шаралар әзірлегеніне тоқталды.

– «Самұрық-Қазына» АҚ шығыстары 337 миллиард теңгеге немесе 7 пайызға дерлік, соның ішінде әкімшілік шығыстары 64 миллиард теңгеге, «Самұрық-Қазына» тобының күрделі шығыстары 240 миллиард теңгеге немесе 18 пайызға қысқарады. «Бәйтерек» холдингі әкімшілік сипаттағы шығыстарын және күрделі (негізгі) салымдарын 3,8 миллиард теңгеге немесе 11,8 пайызға оңтайландыруы тиіс. «ҚазАгро» холдингіндегі қысқарту 196 миллион теңге немесе 12 пайыз болады деп күтіліп отыр. Осының бәрі қадағаланады, қатаң сұрауы болады. Жалпы, Үкіметтің баяндамасына сәйкес, министрліктердің, ведомстволардың, холдингтер мен жергілікті атқару органдарының үнемдеуінен 4 миллиард доллар құралады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев әр өңірде жұмыспен қамтылуға ықпал ету бағдарламалары әзірленуі тиістігін айтты. Сондай-ақ тиімділігін дәлелдеген жұмыспен қамтудың 2020 жылға дейінгі жол картасын сақтаудың қажеттігі атап өтілді. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында 2011-2014 жылдар аралығында 260 мың адам жұмысқа орналастырылды, 120 мың адам оқуға тартылды.

Мемлекет басшысы еңбек дауларын дер кезінде шешу ісінің маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты әкімдерге ірі кәсіпорындармен меморандум жасау және босаған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу тапсырылды.

Қазақстан Президенті білім беруді және денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

– Бұл – болашақ экономикалық өсімге негіз қалауға мүмкіндік беретін адам капиталына салынатын ұзақмерзімді инвестиция. Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім бойынша жан басына қаржыландыру тәртібіне көшуді және 12 жылдық білім беру моделіне біртіндеп өтуді жалғастыру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы    Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асырудың жалғасатынын айтты, оның аясында сомасы 600 миллиард теңгеден асатын, 7,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін 75-тей жобаны іске қосу жоспарланған.

Мемлекет басшысы Үкіметтің Өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау жөніндегі іс-шаралардың 2015 жылға арналған жоспарын қабылдағанын атап өтті.

– Біз дағдарысты заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға, миллиардтаған активтерді енгізуге пайдаланамыз. Мемлекет барлық қажетті қолдау тетіктерін ұсынып отыр. Қаражат бөлінді, жағдай жасалды. Бәрінің дереу жұмысқа кірісуі қажет. Үкіметтің әрбір мүшесінен, әкімдерден нақты нәтижелер талап етіледі, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында отандық құрылыс материалдарын өндірушілерге жұмыс жүктеудің зор мүмкіндіктері бар екенін еске салды.

– Тиісті меморандумдар бекіте отырып, қазақстандық қамту жөніндегі форумдар өткізу тәжірибесін қайта жаңғырту керек. Барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы пайда болу үшін «Қазақстанда жасалған» акциясын бастаймыз. Облыс әкімдері мұны қадағалап отыруы керек. Барша азаматтарға осы күрделі жағдайда патриот болып, қазақстандық өнімді сатып алу жөнінде сөз арнаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бүгінде Ресей рублінің әлсіреуі мен ресейлік тауарлар қысымының артуы жағдайында отандық өндірушілерге оның зияны тиіп жатқанына назар аударды.

– Мұның Еуразиялық экономикалық одақпен еш байланысы жоқ. Біз бір бөлшегі болып саналатын әлемдік нарықтық экономикада мұндай ауытқулар болып тұрады. Бұл — уақытша жағдай, оның шешімі табылады. Ресейде сұраныстың азаюы – Қазақстан экспортын әртараптандыру жұмысын күшейтуге ынталандырады. Сонымен қатар арзандаған энергия ресурстары, құрамдас және қосалқы бөлшектер – өзге секторлар үшін игілік болып саналады. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін осы мүмкіндікті пайдалану керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы жаңа жағдайларды ескере келгенде, негізгі бағыт ауыл шаруашылығы өнімдерін және азық-түлік өнеркәсібін дамыту болып саналатынын атап өтті.

Бұл ретте Үкіметке 2013-2014 жылдары қолға алынған және бүгінде жалпы қарызы 313 миллиард теңге болатын 292 кәсіпорынды қамтып отырған АӨК нысандарын қаржылық сауықтыру жұмысын жалғастыру тапсырылды. Зор мүдделіліктің бар екені ескеріліп, оның көлемі 500 миллиард теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев бизнесті дамыту үшін теңдессіз жағдайлар жасалып отырғанын, соның ішінде жоспарлы тексерістердің толығымен тоқтатылғанын, әртүрлі рұқсаттамалардың азайтылғанын атап өтті.

– Кәсіпкерлік сектор биыл қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз еті-леді. Бұл ретте мұнай бағасының құлдырауы мұнай өнімдері құнының төмендеуіне әкеліп соқтыруда, бұл    экономиканың көптеген саласына және халықтың сатып алу қабілетіне оң ықпалын тигізетін болады. Көлік шығыстарының құны, АӨК өнімдерінің өзіндік құны, тұтынушылар үшін жанар-жағармайдың реттеліп отыратын түрлерінің бағасы төмендеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мұнайға төмен бағаның қалыптасуы мен экономикалық өсімнің баяулауы жағдайындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету Ұлттық банктің басым міндеті екенін атады.

– Бұл – инфляция деңгейінің жоғарылауына, валюта бағамының күрт ауыт-қуына жол бермеу, сондай-ақ экономиканың нақты секторын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Ұлттық банкке теңге ликвидтілігінің қосымша көлемін ұсыну жөнінде шара қабылдауды және ел экономикасын долларсыздандыру жұмысын жандандыруды тапсырамын. Проблемалы несиелердің ауыртпалығынан құтылып, банктердің несиелік жұмыс қабілетін қалпына келтіру керек және ипотекалық несиелер бойынша қарыздарды қайта құрылымдау мәселесін шешу қажет. Бұл тек осыған шынымен мұқтаждар үшін жасалады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Ұлттық қордан бөлінетін қаржы экономиканың пайдасына жұмсалуға тиіс екенін еске салды.

– Мен құрған комиссия қаражат жұмсалуының ашық болуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отырады. Әрбір теңгеге деген сұраныс қатаң болады. Барлық деңгейдегі әкімдерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» партиясы бұл жұмысқа белсене атсалысып, қатаң партиялық бақылау орнатуы қажет. Ешқандай ысырапшылдыққа жол берілмеуге тиіс. Үкімет бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған шығындарды қыс-қарту мәселесін қарастырғаны жөн.    Мерейтойларды және оған кететін бюджет қаражатын қысқарту керек, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері қарапайымдылық пен үнемшілдіктің үлгісін көрсетуі қажеттігін атап өтті.

– Басқарудың барлық буындары, Президент Әкімшілігінен аудандық әкімдіктерге дейін, барлық министрліктер, ұлттық компаниялар шығындарды қысқарту мүмкіндігін қарастыруы қажет. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мемлекеттің қаржысын таныстарының, достары мен туыстарының фирмаларына үлестіретін бизнеске айналмауға тиіс. Қазір ел азаматтары атқарушы биліктен нақты және тиімді жұмыс күтіп отыр. Үкіметтің әрбір мүшесінің, әрбір әкімнің міндеті – білек сыбанып жұмыс істеу. Сіздер үшін сын сағаты туды. Қаржыны игеру, жұмыс орындарын ашу талап етіледі, олай болмаған жағдайда, орынды босатқан жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы біздің еліміздің барлық қиындықтарды сәтті еңсеретініне сенімді екенін айтты.

– Сол кезде біз қазір кейінге қалдыруға тиісті жобаларымызға қайта оралатын боламыз. Сондықтан баршаны бюджетке өзгеріс енгізу жөніндегі мемлекеттік шешімнің  мәнісін дұрыс түсінуге шақырамын. Бұл — мәжбүрліктен туған уақытша шара. Президент Әкімшілігі, Үкімет бірыңғай жоспар бойынша жұртты тол-ғандырып жүрген мәселелер жөнінде ұдайы мәлімет беріп тұрғаны жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жиын соңында елімізде қазіргі қиындықтарды түбегейлі жеңіп шығуға мүмкіндік беретін барлық қажетті ресурстардың бар екенін атап өтті.

www.akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

10 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

11 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

11 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

11 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

14 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

14 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

15 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

15 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

16 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС