"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕТІАРАЛДАҒЫ ЖИЫН мал семірту мәселесіне арналды

17.02.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев пен аппарат қызметкерлері үшін өткен апта да қарбалас істерге толы болды. Дүйсенбіде әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Онда “Ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы” аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Аққазиннің баяндамасы тыңдалды. Жиында сондай-ақ “Тарбағатай ауданының ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру қорытындылары және 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму жоспары туралы” аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә.Аханжанов, “Жайлау, “Сыбаға”, “Құлан” және “Алтын асық” бағдарламаларының орындалуы, құс шаруашылығын дамыту және лизингке ауыл-шаруашылық техникаларын алу, көктемгі егістікке тұқым қорын қалыптастыру барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қайырбеков, “Аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының 2013-2014 жылдардағы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы” аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы А.Жұмай, “Егістікпен айналысатын шаруа қожалықтарына, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, конкурстық негізде жерді табыстау барысы туралы” аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Жанпейісов хабарлама жасады. Жиынды аудан басшысы Ділдабек Тәжібайұлы өзі қорытындылап, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алда тұрған міндеттерге жан-жақты талдау жасады.

{jcomments on}Сейсенбіден бастап аудан басшысы ауылдарды, ондағы өндіріс орындарын, базарларды,        халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерді, мал бордақылау алаңдарын аралап көру сапарын жалғастырды. Қасына әр саланың тиісті басшыларын ерткен аудан басшысы Д.Оразбаев Қызылкесік, Жеті-арал, Көкжыра ауылдарына барды. Мысалы, Жетіарал ауылындағы жеке фермер Дәулетхан Нұрхановтың мал бордақылау алаңын аралап көруінің өзі осы өңірдегі мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін есте қалатындай, тағылым алатындай әсерлі болды. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деген халық даналығын ескерген ауыл әкімі Серік Қажиекберов «әкім осында келеді, әңгіме өткізеді» деп шаруаларды әдейі жинап қойса керек.

 

Мал семірту алаңындағы әңгімені аудан әкімі Елбасы Н.Назарбаевтың Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің маңыздылығын айтудан бастады. Онда «Нұрлы жол» бағдарламасы қаржы дағдарысының алдын алуға арналған іс-шара екені, тиімділігі іс жүзінде дәлелденген «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын сақтаудың қажет-тілігі айтылғанын қуанышты жаңалық ретінде мәлімдеді. Сондықтан жерге иелік етемін, жұмыс істеймін, мал бордақылаймын деген азаматтарға бұдан былай да несие беріліп, жағдай жасалатынын айтты. Әр ауылда малға берілетін жем, тұз тұрақты түрде сатылатын дүкендер салу міндеті қойылып отырғанын, келешекте Ақсуатта мал сойып, одан он бір түрлі өнім шығаратын зауыт салынатынын, мұның өзі малшылардың еңбек белсенділігін арттыратын зор мүмкіндік екенін мәлімдеді.

 

Д.Нұрхановтың мал бордақылау алаңы 80 бас өгіз семіртуге арналған екен. Енді ол жемшөпті малға майдалап турап беретін қондырғы орнатуды мақсат етіп отыр. Осы ауылдағы жеке шаруа қожалығының иесі Ошан Айқын да суармалы жер иеленсем, егін, жоңышқа, бау-бақша өсіріп, осы сияқты мал семірту ісін қолға алсам деген арман-мақсаты бар екенін айтты. Мал бордақылау алаңындағы басқосуда шаруалар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оларға аудандық ауыл шаруашылығы саласының білікті мамандары Мерей Қайырбеков, Серік Қонысбаев, Дүйсембек Төлембаев және басқалар кәсіппен айналысудың заңдылықтарын түсіндірді.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС