"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘУЛЕТІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

03.03.2015
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қарабұжыр қарт Калба қойнауын мекендеген елдің қазыналы қарттары да, қасиетті аналары да бар екені әлімсақтан әмбеге аян, жалпақ жұртқа жария. Бүгінгі күнде жүз жасқа қараған қарияларымыз отбасының ұйытқысына, шаңырақтың қасиетіне, елдігіміздің берік тұтқасына айналған. Көкпекті ауылында тұратын Бағила әжеймен кездескенде,  95 жастың төрінде отырса да, өзін сергек ұстайтын қағажақтай ғана кейуана туралы осындай ойға келдік.

{jcomments on}Шындығында да, аздап құлағының ауырлау еститіні болмаса, бойын тік ұстап отырған әжей, өзінің қазіргі жас мөлшеріне қарағанда, әлдеқайда тың көрінеді. Отағасы марқұм Ахметолда екеуі тату-тәтті өмір сүріп, отбасында алты ұл, бір қыз тәрбиелеген. Бүгінгі күні ұрпақтарынан көрген немере-шөберелер ортасында құрметке бөленіп, отбасының ұйытқысы, алтын діңгегі болып отырған Бағила әжеміз — бақытты жан.

Ол кісінің айтуынша, 1920 жылы Көкпекті өңірінің Егінбұлақ ауылында жарық дүние есігін ашқан Бағила Данақызының балалық және жастық шағы аумалы-төкпелі қиын кезеңдерге сәйкес келген. Әкесі Дана мен анасы Рыстыбаладан Рақым әжеміздің ағасы соғыста елін қорғауға аттанады. Қиямет-қайым соғыс жылдары көппен қатар тылдағы ерлер атқаратын ауыр жұмыстардың адам төзгісіз ауыртпалығына төтеп беріп, қиындықтарды жеңе білген. Техника деген жоқтың қасы болған сол жылдары аяққа теріден тігілген шәркей киіп, жаяу мал бағу, егін егу, оны қолмен орып бастыру, шал-ғымен шөп шабу, өгіз жегіп, тырнауышпен шөп жинап, мая салу секілді ауыр да азапты жұмыстармен шыныққан жастық шағы көрген түстей, сағымдай болып өте шығыпты.

 

— Көретін кино, тыңдайтын радио жоқ кезде ауыл жастары өз күштерімізбен концерт қоятынбыз. Сара, Бибі, Бижамал, Пәрзана атты дос құрбыларыммен бірге «Қыз Жібек» пьесасында ойнағаным — жарқын естеліктердің бірі, — деген көргені мол қария, —  қазіргі таңда кенже ұлым Ерланым мен келінім Сара менің еркелігімді қабақ шытпастан көтеріп, сый-құрметке бөлеп отыр, олардан сүйген қос немерем Талғат пен Жібек — менің қос қанатым, жанымды елжіретер еркелерім, — дейді әңгімесін аяқтай келе.

 

Әжейдің жас кезінде күш-қайратының ер-азаматтардан кем соқпағанын  ол кісінің азулы қасқырды, түлкі мен борсықты қалай соғып алғаны туралы айтқан әңгімесінен байқадық. Мүмкін, ұзақ өмір сүруінің құпиясы да ол кісінің төзімділігі мен қажырлылығында, мінезінің ақжарқындығы мен пейілінің кеңдігінде жатқан шығар. Келіні Сара Қайсақызының айтуынша, әже әлі күнге үй шаруасына да мығым көрінеді. Түскі асты пісіріп, ет асып, сорпа қайнатып қояды екен. Жыл сайын Наурыз мейрамына балалары анасын құттықтап келерде, ерекше әбігерленіп, наурыз көже дайындауға да келініне көмектеседі екен. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, осындай ақылгөй, тілеуші қарттарымыз барда,  өскелең ұрпақ қай жағынан болсын ғибрат алары еш шүбә келтірмейді. Олардың өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық жандар.

Бақыт МҮЛІКОВА, зейнеткер-ұстаз,

Қайрат МӘЛҒАЖДАРОВ, Көкпекті ауданы.

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

60 минут бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

24 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС